«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Табиғат факторлары – ауа, күн сәулесі, су – адам денесінің ауруға қарсылығын арттырып, 
төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса 
да ептеп, мөлшерімен қолданған жөн. 
Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, 
негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу 
профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан 
көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай 
емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, осы мақсат еттік.
 
 
 
 
 
 
 


1.2. Тақырып: «Жүрек қан-тамырлар жүйесі ауруларына 
қолданылатын ЕДТ» 
Дәрістің мақсаты – қан айналысы мүшелері ауруларының клиникалық белгілерін білуді және 
емдеу әдістерінің ерекшелігін оқып білу. 
 
Дәріс жоспары: 
1. 
Жүрек қан-тамырлар ауруларының негізгі клиникалық белгілері. 
2. 
Жүрек жетіспеушілігі патологиясындағы ЕДТ әдісінің ерекшелігі. 
3. 
Жүректің ишемиялық ауруларының қазіргі реабилитациялық жүйесі.
4. 
Қан айналымының нейрогуморальдық бұзылуындағы жаттығулар жиынтығының негізгі 
әдістері. 
Ішкі ағзалар ауруына арналған емдік гимнастика 
Басқа індеттерге қарағанда ішкі ағзалардың ауруы жиі кездеседі. Оларды жүрек-қан 
тамырлары, өкпе-тыныс жолдары, ішек-қарын, бауыр-өт жолдары, зат алмасу ауруларына бөледі. 
Ауру жедел, жәй, созылмалы түрде өтеді. 
Адам организмі біртұтас дүние екенін ежелден білеміз, сондықтан бір мүше сырқатқа 
шалдықса, басқаларын қосоқтап ала кететін әдеті бар. Бір жер ауырса, адамның тұла бойын зіл басып 
әлсіздік, селқостық, жұмысқа деген ықылас азайып, немқұрайлық пайда болады.
Осыған байланысты тек бір ауруды ғана емес, бүкіл организмді, адамды толық емдейді. Сол 
үшін бірден күрделі емдеу әдісін қолданады. Оған дәрі-дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, 
массаж, хирургиялық операциялар және емдік гимнастика жатады.
Емдік гимнастика өзінің әлдендіретін (сергітетін) механизмі арқылы адамға күш-жігер беріп, 
көңіл-күйін көтереді. Бұл адам ауыр жараланғанда, қатты науқастанғанда, қайғыға душар болып 
өзінен-өзі түңілген кезде өте пайдалы.
Ішкі ағзалар ауруында емдік гимнастиканың қоректендіру механизмі де маңызды рөль 
атқарады. Қимыл-қозғалыс ауру салдарынан туған кемтікті толтырып, қан айналымын жақсартып, зат 
алмасуын күшейтеді. Адамның қызметке деген қабілеті артып, ширақтық пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет