Мойын омыртқа остеохондрозы
Емдік гимнастика тағайындағанда еске ұстайтын методикалық жағдайлар бар. Олар:
1.
Омыртқалап бұлғақтап бір жағына шығып кетпес үшін,
мойынға мақта-дәкеден
жасалған тіреуіш кигізеді. Бұл мойынға киілген қамыт бүкіл бір емдеу курсы біткенше шешілмейді.
Осы арқылы омыртқаның тыныштығын сақтап, артық қимыл-қозғалыстан аулақ болады.
Мұның өзі
зақымданған жердің жетілуіне мүмкіндік туғызады.
2.
Алғашқы және негізгі бөлімдерде мойын омыртқаны өз еркімен қозғауға болмайды. Тек
қорытынды бөлімде 15-20 минут баяу қарқынмен қозғайды.
3.
Барлық жаттығулар бұлшық еттерді босаңсытумен қатарласып келіп отырады. Әсіресе
иық, жауырын белдеуіндегі еттерді босатса, шаншып, ұйып ауырғаны басылады.
4.
Бірінші күннен бастап мойын бұлшық еттерін жетілдіруге ықпал жасайды. Ол үшін
қарсыласу жаттығуларын орындайды. Мәселен, дәрігер, не көмекші
адам алақанымен басты артқа
итергенде, ауру алға итеру керек. Оны кейін әр адам өзі орындайды (маңдайға екі алақанды тіреп,
немесе
иектің астынан тіреп отырып, басты алға итереді). Мойын бұлшық етін жетілдіруге жатқан
бойда басты көтеріп 2-5 секунд ұстап тұру да үлкен әсер етеді. Оны шалқадан, етпеттен, бір қырынан
жатып жасауға болады.
5.
Науқас мойнының ауырғанынан қорғаншақтап, көкіректің
кең дем алуына да кедергі
келтіреді. Сондықтан тыныс алу жаттығуларын қосқан абзал.
6.
Жаттығулар жасағанда адам шаршамауы, еш жері ауырмауы керек. Ал жаттығу үстінде
мойын тұсы шаншып ауырса, жаттығу мөлшерін бірден азайтады.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: жауырын белдеуіндегі бұлшық еттерді босаңсытып,
ауруын азайту,
қан айналымын жақсарту, вестибулярлы өзгерістерді қалпына келтіру,
тканьдердің
ісігін басу, жалпы организмді нығайту болып табылады.
Емдік гимнастиканы аурудың жедел түрінде, алғаш басталған кезінде қолдана береді.
Жаттығулар қолдың басына, ұсақ және орта буындарға тағайындалады. Бұлшық еттерді босаңсытуға
арналған жаттығулар отырып, тұрып, жатып, яғни науқасқа қолайлы жағдайда орындала береді.
Жауырын белдеуіндегі бұлшық етті босаңсыту үшін еңкейіп тұрып
қолды алға-артқа сілтеу кең
қолданылады.
Ауырғаны басылған соң,
емдік гимнастика мойын, жауырын бұлшық етін шынықтыруға
жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: