5 диета - бауыр және өт жолдары ауыратын адамдарға белгіленеді:тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған күйінде беріледі;
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қантқайнатпа, бал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
№6 диета - құяң және несеп жолдарының ауруларымен ауырғанда белгіленеді:құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер;
сұйық ішуді көбейту, әсіресе табиғи шырындар;
тамақ ішу жиілігі күніне 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок - 80-90 г., май - 80-90 г., углевод - 400 г;
рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.
№7 диета - бүйрекқабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді.
№8 диета - семіріп кеткен адамдарға белгіленеді:
тамақ рационында углевод, май, тәбет ашатын заттарды шектеп, калориялылығы аз тағамдарды пайдаланады;
тамақ кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз дайындалады;
тамақ ішу жиілігі күніне 4-5 рет, кейде көбірек ішу ұсынылады;
күндік рацион құрамы: белок -90-130 г., май - 60-90 г., углевод - 100-200 г., ас тұзы - 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
дәрігердің белгілеуі бойынша диетаны жартылай ашығу күндерімен кезектестірген дұрыс.
№9 диета - қантдиабеті кезінде белгіленеді:тағам рационында углевод пен май мөлшері шектеледі;
күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;
тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;
тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;
қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;
кебек қосылған арнай нандар;
көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек;
қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және қарбызды пайдалануға болмайды.
№
Достарыңызбен бөлісу: |