- шы; -ші; хатшы, демеуші, төреші, қолдаушы т.б.
- лік; -лық; -дық; -дік; -тық; -тік; жарлық, куәлік, мердігерлік т.б.
- у; бақылау, нұсқау, тәркілеу, тіркеу, жекешеленліру т.б.
- ым; -ім;-м; басылым, келісім, сұраным, түсім, тіркелім т.б.
- нама; есімнама, жарлық, тұғырнама, тарихнама т.б.
- ғыш; -гіш; -қыш; -кіш; анықтағыш, ажыратқыш, көрсеткіш, қосқыш, реттегіш т.б.
- ма; -ме; -ба; -бе;-па; -пе; ентікпе, демікпе, нұсқама, тізбе т.б.
Біз қарастырып отырған уақыт аралығы үшін жаңа сөз жасауда белсенділік танытатын жұрнақтардың дені осындай болып келеді.
Тілімізде бұрынан қолданылып келе жатқан тәсілдердің енді бірі – бір сөзбен екінші сөзді біріктіру арқылы термин жасау.
Зерттеу барысында бұрынғы біріккен сөз қалпындағы атаулардан соңғы кездері кездері жасалып, қолданысқа түскен біріккен терминдер арасында айтарлықтай өзгерістер бар екені байқалады. Мәселен, тілімізде бұрыннан қолданылып келген «асқазан» біріккен сөзінің мағынасы «ас» немесе «қазан» емес, осы екі сөздің бірігуінен басқа бір заттық ұғымды білдіріп тұрған жаңа мағына дене мүшесі пайда болған болса, ал соңғы кездері қолданылып жүрген пікірсайыс, пікірталас сияқты терминдерден үшінші бір мағыналы сөз жасалынбаған және олардың екі сыңарларының да бастапқы мағыналары сол күйінде сақталған.
Сөздердің бірігуі арқылы соңғы жылдары жасалған терминдердің мағынасының ауытқымайтын себебі аударылып жатқан терминдердің абстрактылық сипатына байланыстылығында дейміз. Бұл жағдайда аударылатын терминге қазақша балама беруде негіз етіп жеке сөздер емес, жеке сөз тіркестері алынатындығында. Бірақ сөз тіркестерін сол күйінде ала бермейміз, оларды терминге қойылатын қағидаттарға сәйкестендіру жүргізіледі. Яғни сөз тіркестерінен термин қалыптастыруда олардың мағыналық жағынан тыс формалық жағына да назар аударамыз. Терминдік талапқа қойылатын талаптардың бірі ықшамдық болғандықтан қолданыстағы сөз тіркестерінің біз орын тәртібін сақтай отырып түбір тұлғасын ғана аламыз.
Газет беттерінде қолданысқа түскен біріккен терминдердің құрамын сөз таптары жағынан жіктей келгенде олардың көрінісі төмендегідей болып келеді:
– зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер: атамекен, әнұран, отбасы, төраға, пікірсайыс т.б.
– сын есім мен зат есімнің бінігуі арқылы жасалған терминдер: тікұшақ, шағынаудан, жеделхат т.б.
– сан есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер: біртұтас, бірауыздан т.б.
– зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған терминдер: басқару, құқықтану, деректану, ізбасар т.б.
Қысқарған сөздер арқылы термин жасау әдісі де баспасөз беттерінде кеңінен қолданылған.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, қазақ терминологиясының жаңа бағытта қалыптасуына байланысты тіліміздегі қысқарған сөздер бүгінде «қазақы» түрде жасала бастады және олардың саны мейлінше өсті.
Қысқарған сөздерді қолдану тәсілі орын үнемдеу және көптеген ақпараттар қамту үшін өте қолайлы.
Демек, баспасөз беттерінде қысқарған сөздердің қолданылу аясын кеңейту және олардың ұлт тілінде жасалуына назар аудару қажеттілігі көзделеді.
Синтаксистік тәсілмен термин жасаудың тағы бір амалы сөздердің тіркесуі арқылы беріледі.
Қорыта айтқанда, баспасөз – терминнің көпшілік талқысынан өтіп, сұрыпталуы мен осындай іріктеліп бекітілген терминдердің тағы да көпшілікке таныс болып, қолданысқа түсуі үшін аса маңызды рөл атқаратын өзіндік «сүзгі».
Сондай-ақ баспасөз терминология мәселелерінің қалыптасқан күйі мен қойылу жайын көрсететін ақпарлық қоғамдық-саяси орган.
Сондықтан, алдағы уақытта баспасөзді қазақ терминолргиясының алдағы және ағымдағы міндеттерін шешуде неғұрлым тиімді пайдалану, яғни онда қарастырылатын мәселелердің маңыздылығы мен көкейкестілігі терминжасам және терминді қолдану мәлелелерінің қоғамдық сипатына, қаншалықты дәрежеде мемлекеттік қолдауға ие бола алуына тікелей байланысты болып отыр.
Егер біз мәселенің осы тұрғыдан қойылу қажеттігін мойындасақ, баспасөздің ақпарат көздерінің бірі болып қана қоймай, тіліміздің ғылым мен қоғамдық өндірістің алуан түрлі салаларында өмір сүруін, қалыптасуы мен дамуы барысындағы қиындықтары мен жетістіктерін көрсететін, көрсетіп қана қоймай, анықтап, бақылау жасап отыратын құралға айналуы міндет екенін сенімді түрде айта аламыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. –М:Сов. Энциклопедия,1966. -607 с.
Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной русской лексикологий. –М.,Издательство МГУ. 1973.
Ушаков Д.Н. Толковый словарь русского языка. –М.:Астрель,2000. T. IV. -752 c.
Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология // Вопросы теорий. –М.:Наука,1989. -243 с.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғалым,1966.-362 б.
Субханбердина Ү. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. –Алматы: Қазмембас, 1961.-156.
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. –Алматы: Ғылым,1971.-188 б.
Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. –Алматы: Ғылым, 1982.-244 б.
Исаев С.М. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы:Мектеп, 1988. -192 б.
Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю. Лингвистические основы учение о терминах. – М..Высш.шк.,1987. -103 с.
Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. –Алматы: Ғылым,1988. -208 б.
Сарыбаев Ш. 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің тарихына қатысты кейбір мәселелер // Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1963. -281 б.
Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы, 1990. -51 б.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы:: Санат,1997.-256 б.
Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдеби тілінің әлеуметтік және лингвистикалық сипаттамасы. Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. –Алматы,1992. -160 б.
Айтбаев Ө. Қазақ сөзі. –Алматы: Рауан, 1997.-240 б.
Лотте Д.С. Вопросы заимствования и упоредочения иноязычных терминов и терминоэлементов. –М.:Наука, 1982. -149 с.
Қайдаров Ә, Жаңалыққа жатсынбай, жасампаздыққа жармаспай // Егемен Қазақстан. 1922. №52. -2 б.
Сыздықова Р. «Тілдегі жаңалықтардың сыры неде?» // Ана тілі. 1991. №50
Сыздықова Р. «Тілдегі жаңалықтардың сыры неде?» // Ана тілі. 1991. №51
Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының қазіргі жайы және міндеттері // Ана тілі. 1944. № 45.
Айтбаев Ө. Сөздер сәулесі // Егемен Қазақстан. 1998. №227.
Қарағұлов Ә. Заң жаңа – ереже ескі // Ана тілі. 1991. №19.
Қарағұлов Ә. Мақсатымызға ісіміз сай болсын // Ана тілі. 1993. №17.
Қарағұлов Ә. Құнарлы сөз – құнды игілік // Ана тілі. 1992. №3.
Қалиев Б. Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз // Ана тілі. 1992. №20.
Қалиев Б. Жат сөздер жағадан ала бермесін// Ана тілі. 1994. №39.
Қалиев Б.Үндестік заңы ұлы заң // Ана тілі. 1994. №18.
Қалиев Б. Халің қалай қазақ орфографиясы // Ана тілі. 1995. №34.
Мырзабеков С. Бабалар тілі сезімтал // Ана тілі. 1994. №34.
Сыздықова Р. Ана тілдің қасиетін білейік // Қазақ әдебиеті. 1996. №10.
Есенов Қ.Жаңа сөз – жалпыға ортақ // Ана тілі. 1992. №3.
Ахмедов Ғ. Тіл қорымыз азайып, шұбарланып барады// Қазақ әдебиеті. 1999. №7.
Жүнісов С. Басбұзарға сот бар, ал тілбұзарға ше? // Қазақ әдебиеті. 1994. №20.
Қалиев Б. Қазақтың төл терминологиясы қашан жасалады // Ана тілі . 1992. №37.
Ақаев С. Өзгеге қарап өзімізді ұмытпайық // Ана тілі. 1994. №46.
Ақаев С. Термин-таным көзі //Егемен Қазақстан. 1996. №180.
Ақаев С. Кірме сөздер келімсектерден де қауіпті // Ана тілі. 1994. №41.
Базарбаев Ж. Мұхиддинова А. Үйлесіміне қарайық //Ана тілі. 1999. №34.
Сапарғалиев Ғ. Өмір не дейді, біз не дейміз // Егемен Қазақстан. -1994. №46.
Қалиев Б. «Жанұя» емес «Отбасы» // Ана тілі.- 1993. №17.
Қарағұлов Ә. Тіл көркін таза сақтайық // Ана тілі. -1992. №27.
Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. ІІ том. –Алматы: Мектеп, 1989. -285 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.10т. –Алматы: Ғылым, 1974. -1986.
Рүстемов Л.З. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов. –Алма-Ата: Мектеп,1989. -320 с.
Серғалиев М. Радио және телехабарлардың тілі туралы// Ана тілі. 1994. №46.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1966. -240 б.
Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. –Алматы: Рауан,1993. -44 б.
Қалиев Б. Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. –Алматы: Дайк-Пресс. 1997. -150 б.
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. –Алматы: Ғылым, 1998. -208 б.
Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1989. -318б.
Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. –Алматы: Арыс, 1998. -110 б.
Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. –Алматы: Инкар Тұлға, 1993. -312 б.
Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994. -168 б.
Винокур Г.О. О некоторых явлениях словооброзования в русской технической терминологий // Труды МИФЛИ. –М.,1938. Т.5.
Будагов Р.А. Терминология и семиотика // Вестник МГУ.- 1972. №5.
Қадырқұлов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстар. Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. –Алматы,1995. -143 б.
Қарағұлов Ә. Ащы да болса ақ сөйлейік // Ана тілі. 1991. №30.
Қарағұлов Ә. Ел қазынасы ескі сөз // Ана тілі. 1990. №31.
Уәлиев Н. Қазақтың бұрынғыдан қалған сөзі // Ана тілі. 1990. №27.
Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика. –Алматы: Рауан. 1991. -103 б.
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –Алматы: Мектеп,1971. -272 б.
Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақша әскери терминдердің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Білім, 1999.-92 б.
Айғабылов А. Кірме сөздер кіріксін десек // Ана тілі. 1991. №36.
Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. –Алматы: Мектеп,1991. -200 б.
Сманқызы Р. Баламасөздерді байыптасақ // Ана тілі. 1993. №42.
Қасымбеков М., Сапарбекова Ә. Ізденіс мұраты-мемлекеттік тіл мерейі // Егемен Қазақстан. 1995. №182.
Реформатский А.А. Что такое термин и терминология// Вопросы терминологий. –М.:Изд-во Акад.,1961. -231 с.
Әлісжанов С. Қазіргі қазақ тіліндегі философиялық терминдердің қалыптасу процесі. Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. –Алматы, 1996.-26 б.
Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі,1991. -172 б.
Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі. Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. –Алматы,1996. -173 б.
Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. –Алматы: Рауан, 1994. -304 б.
Сарыбаев Ш.Бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі жаңа қолданыстар // Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. –Астан, 1999. -459 б.
Сыздықова Р. Қазақ тілі мәдениетінің қазіргі мәселелері // Егемен Қазақстан. 1994. №201
Балақаев М. Баспасөздің тіл мәдениеті туралы // Тіл мәдените және баспасөз. –Алматы: Ғылым, 1972. -224 б.
Даниленко В.П. Русская терминология (Опыт лингвистического описания). –М.:Наука, 1977. -246 с.
Исаев С.М. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. –Алматы: Қазақстан,1983. -240 б.
Барлыбаев Р. Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. –Алматы: Мектеп, 1978. -144 б.
Мусабаев Г. Современный казахский язык (лексика). –Алматы: Акад.наук Каз ССР, 1959. -141 с.
Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. – Алматы: Мектеп, 1968. -71 б.
Ізімұлы М. Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2000. -310 б.
Тажутов А. Халықаралық экономикалық терминдердің этимологиялық түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 1997. -80 б.
Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. –Алматы: Қазақ университеті, 1992.-192 б.
Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –Алматы: Арыс, 1999. -228 б.
Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. –Алматы: 1982. -159 б.
Құрманбайұлы Ш. Ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастырудағы жүйелілік мәселесі// Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. –Астана, 1999. -459 б.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі,1991. -383 б.
Орузбаева Б.О. Словооброзование в киргизском языке. –Фрунзе: Илим, 1964. -311 с.
Новый большой англо-русский словарь. –М.:Рус. Яз., 1993. - 832 с.
Оңдасынов Н. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. –Алматы: Қазақстан,1974. -384 б.
Щеглова Н.А. К вопросу о грамматических средствах терминологизаций русских глаголов и профессиональной речи 17-18 вв. // Уч. Зап. МОПИ. 1963. Т.38. Вып.8.
Ибатов А. Етістік түбірлі туынды сөздер жасайтын қы,ғы,кі,гі аффиксінің тарихи қалыптасу іздері // Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. –Алматы:Ғылым,1975. -223 б.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. -368 б.
Баскаков Н.А. Развития языков письменности народов СССР (на материале тюркских языков) // Вопросы языкознания. – М.,1952. №3.
Мусаев К. Лексикология тюркских языков. –М., Наука, 1984. -228 с.
Исаев С.М. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. –Алматы: Мектеп,1973. -196 б.
Рысбай Б. Қазіргі қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер. КДА. –Алматы, 1998. -26 б.
Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы: Мектеп, 1981. -200 б.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Санат, 1997. -240 б.
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі,1992. -248 б.
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ.........................................................................................................3
1 ҚОҒАМДАҒЫ САЯСИ-МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ СОҢҒЫ КЕЗДЕ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕ ТЕРМИН ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ.5
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 1990 жылдарғы дейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси, мәдени өзгерістердің баспасөз құралдарына тигізген ықпалы...........................................................................................................6
1.2 1990-2000 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси өзгерістер және термин қалыптастыруға қатысты ой-пікірлердің баспасөзде жариялануы........................................................................................................12
2 ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ОРНЫ....................................................................................31
2.1 «Ана тілі» газетінің термин қалыптастырудағы рөлі...............................32
2.2 «Егемен Қазақстан» газеті және термин қалыптастыру мәселесі..........37
2.3 «Қазақ әдебиеті» газеті беттерінде қалыптасқан терминдер.................48
2.4 Қазақ газеттерінде термин қалыптастыруда орын алған кемшіліктер..53
3 ГАЗЕТ БЕТТЕРІНДЕГІ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.........57
3.1 Сөз мағынасының өзгеруі (семантикалық тәсіл) арқылы жасалған терминдер........................................................................................................57
3.2 Қосымша жалғану (морфологиялық тәсіл) арқылы жасалған терминдер.........................................................................................................65
3.3 Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер....................................73
3.4 Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер.................................79
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................90
Достарыңызбен бөлісу: |