Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет33/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
саясаттану Толық ответ♥️

 
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 25 
1. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның 
ерекшеліктері. 
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. 
Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы 
биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық 
құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси 
қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-
да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен 
режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, 
жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык 
мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. 
Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-
жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт. 
2. Символдық интеракционизм. 
Символдық Интеракционизм - Батыс әлеуметтануындағы және 
әлеуметтік психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт. Ол негізінен, 
әлеуметтік өзара дербестілік катынастардың символдықтарын зерттеңці. 
Оның негізін салушы философ, әлеуметтанушы және әлеуметтік 
психолог Дж. Г.Мид (1863 - 1931). Оның пікірі бойынша әр адам баска 
адамдармен қарым-катынастары арқылы "әлеуметтік менді" (яғни әр 
адамның "мені" өзіндік тұрғыдаи алғанда, "кіммін, басқалармен калай 


қатынаса аламын" сияқты түсініктерін біртұтас) қалыптастырады. 
Қоғамдағы адамның мөні адамдар арасындағы қарым-қатынастардың 
мазмүны анықталады. Ал қатынастардың мазмүны әртұрлі рөлдер, мән 
тұрғысында қалыптасады. Адам соларды түсіну, оларды өз бойына, іс-
әрекетіне сіңіру арқылы басқа адамдармен тұрақты, мақсатты 
қатынастарға түсе алады. Қазіргі әлеуметтануда Символдық 
Интеракционизмнің екі бағьтты бар: чикаголық (Г.Блумер], Т.Шибуни], 
А.Сросе], т.б.) және айовлық (М.Кун], Т.Партленд, т.б.). Егер, 
біріншілері қарым-қатынас, қозғалыс-көріністеріне, әлеуметтік 
символдардың шығу, калыптасу, күнделікті пайдалану жақтарына баса 
көңіл аударса, екіншілер қоғамда орныққан тұрақты символдардың 
маңызын жоғары бағалайды. 
3. Бәсекелестік. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклі. 
Бәсеке (лат. concurrere) — бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада 
ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, 
шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол 
алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол 
нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды 
қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке 
ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке 
құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. 
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші 
субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға 
болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. 
Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік 
процестер жатады: 
өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін 
қалыптастыру; 
өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай 
фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және 
жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; 
бәсекеге төзімді өнім өндіру; 
өнімді сату. 
Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты 
белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны 
өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік 
күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның 


шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, 
«өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады: 
жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі 
көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; 
өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға 
сақталады; 
кемелдену - Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық 
қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға 
төмендей бастайды; 
ескіру - Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. 
Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі 
тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады. 
Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне 
мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті 
бәсеке» деп атауға болады: 
бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату; 
тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен 
жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату; 
бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын 
заңсыз пайдалану; 
тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау; 
бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану; 
келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын 
конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай 
информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу 
Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген. 
Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклі. 
Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші 
азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге 
қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық 
күш жұмсау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет