Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️



ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 1 
1.Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. 
Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және 
қоғамдық істер туралы ғылым (rp.politixa — мемлекеттік және қоғамдық істер): 
Бірақ бұл терминологиялық анықтама саясаттану пәнінің мәнін толық аша 
алмайды. Бұл терминнің мазмұны белгілі дәрежеде ғылыми зерттеу объектісін, 
ғылым пәнінің іздену аясын көрсетеді. Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды 
белгілері мен қасиеттері ғана бейнелетіндіктен ғылым объектісі мен пәнінің 
арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми 
білімнің өзіндік сипатын түсіну үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен 
түсініктерден көрініс табатын объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте 
маңызды екендігін ескергеніміз жөн 2.
Авторитарлық саяси режим және оның 
формалары. 
 
Ж: Авторитарлық режим дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға 
негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін 
мемлекеттік-саяси құрылым. Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде 
қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса 
бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды 
демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа 
түседі. Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке 
тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтік-экономикалық 
қиындықтарға тікелей байланысты. 
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері: 
жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі; 
қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет