Құралдық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетімсіздігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері. Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 7
Өлшеулер. Өлшеулердің негізгі сипаттамалары, классификациясы мен негізгі әдістері.
Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу. Өлшеу нәтижелерінен өрескел қателіктерді анықтау және алып тастау. «Үшсигм» критерий.
Жауабы:
Өлшеу - өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі.
Өлшеу принципі – өлшеудің негізі болатын физикалық құбылыстардың жинағы.
Өлшеу әдісі – өлшеу құралдарын және принциптерін қолдану тәсілдерінің жинағы.
Өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нағыз (шындық) мәнінен ауытқуы
Өлшеу дәлдігі өлшеу қателігінің нөлге жақындаған деңгейін немесе өлшеу кезіндегі алынған мәннің өлшенетін шаманың шындық мәніне жақындығын сипаттайды.
Өлшеу классификациясы:
Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу:
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 8
Өлшеу құралдары. Өлшеу құралдарының классификациясы.
Өлшеу нәтижелерін ұсыну ережелері мен формалары. Гистограмманы тұрғызу.
Жауабы:
Өлшеу құралы (ӨҚ) дегеніміз өлшеулер үшін қолданылатын қалыпты метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: |