Өлшеу диапазоны – өлшеніп жатқан шаманың ӨҚ-ң мүмкін болатын қателіктері нормаланған облысы.
Сертификаттау дегеніміз – өнімнің белгілі талаптарға, стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестігін анықтайтын, тұжырымдайтын құжат.
Сертификаттау – сәйкестік сертификаты арқылы өнім сапасы белгілі стандартқа немесе НТҚ-қа жауап беретіндігіне көз жеткізу үшін жүргізілетін шаралар комплексі (cerfim – дұрыс; facere – жасау).
«Сертификат» термині XIX ғасырдан бастап пайда болды. Латын тілінен аударғанда сертификаттау – «дұрыс жасалған» деп аударылады. Өнімнің «дұрыс жасалганына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.
Энциклопедия сөздігінде, сертификатқа бірнеше анықтама берілген, оның ішінде «сертификат» – куәлік.
Сертификаттаудың халықаралық жалпы қабылданған мағынасы – сәйкестігі тұжырымдау. Әр мемлекетте заң жүзінде тағайындалған актілер: «Өнімді қандай шамаға сәйкестендіру керек? Бұл сәйкестікті кім белгілейді?» – деген сұрақтарға жауап беру керек.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 11
Өлшеу құралдары. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. Өлшеу құралдарының дәлдік классы.
Сертификаттау. Сертификаттаудың мақсаттары және қағидалары.
Жауабы:
Өлшеу құралы (ӨҚ) дегеніміз өлшеулер үшін қолданылатын қалыпты метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдар.
Метрологиялық сипаттамалар (МС) – өлшеу қателіктері мен нәтижелеріне әсер ететін ӨҚ қасиеттерінің сипаттамасы.
Дәлдік класы – негізгі және қосымша жіберілетін қателіктер шегімен, басқа да дәлдікке әсер ететін өлшеу құралдарының қасиеттерімен анықталатын жалпыланған метрологиялық сипаттама (МС). Дәлдік класы – мөлшерсіз көлем.
Өлшенетін шаманың бірліктер мен ерекше бірліктерде өлшемделген атаусыз шәкілі немесе шәкілі бар өлшеу құрылғылары үшін статикалық сипаттаманы түрлендіру функциясы деп атау қабылданған.
Дәлдік класы – негізгі және қосымша жіберілетін қателіктер шегімен, басқа да дәлдікке әсер ететін өлшеу құралдарының қасиеттерімен анықталатын жалпыланған метрологиялық сипаттама (МС). Дәлдік класы – мөлшерсіз көлем..
Достарыңызбен бөлісу: |