Емтихан сұРАҚтары ғылым философиясының пәні. Ғылым мен философияның өзара байланысы ашыңыз


Антика дәуіріндегі ғылыми бастауларға шолу жасаңыз



бет4/12
Дата09.05.2023
өлшемі45.79 Kb.
#473424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

9.Антика дәуіріндегі ғылыми бастауларға шолу жасаңыз.
Антика философиясының мың жылға жуық тарихы бар. Ол ертедегі Грецияда б.д.д. VI ғасырда пайда болып, Рим империясы құлағанға дейін (б.д. V ғ.) өмір сүрді.
• Әлемнің рационалдық ұғымын бейнелеу, өзін-өзі көрсетудің рухани жаңа тәсілін қалыптастыру антика философиясында өзіндік ерекшелігін тапты. Бұл философияға ежелгі Шығыс мәдениеті, білімі тікелей әсерін тигізді. Бұл әсерді ғылымипрактикалық білімдер жүйесінен (астрономия, геометрия, математика) көреміз.• Оның өзіндік ерекшелігі космоцентристік, яғни «ғарыш» пен «табиғатты» ой елегінен өткізуге бағытталғанында. Антика ойшылдары шығармаларында адам санасы мен жаны табиғаттың бөлінбес бөлігі есебінде қарастырылып, ерекше орын алады. •Ежелгі грек философиясы дамуын төмендегі сатылармен ерекшелеуге болады:
1- кезең: СОКРАТҚА ДЕЙІНГІ (б.з.д 7-5 ғғ.)
2- кезең: КЛАССИКАЛЫҚ (б.з.д. 5 – 4 ғғ. )
3 – кезең: ЭЛЛИНИСТІК (б.з.д. 4 – 2 ғғ. )
4 – кезең: РИМДІК (б.з.д 1 ғ. – б.ғ. 5)


10.Орта ғасырдағы ғылыми таным ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Ғылыми таным – таным мен білімнің ең жоғарғы формасы
Ерекшіліктері:
Оның зерттеу обьектісі күрделі;
Белгілі бір мақсатқа бағытталған өз алдына
міндеттер қояды;
Арнайы құралдары мен метод-әдістері бар;
Айқындық, жүйелілік, дәлдік тән;
11. Көне Мысыр ғылымы дамуы туралы не айтуға болады.
3 суракта жауап бар
13. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде талдаңыз.
Қазіргі эпистемология ғылым болмысының үш аспектісін бөліп көрсетеді: (а) білімнің ерекше жүйесі ретінде; (б) өзінің «технологияларымен» және әдістерімен танымдық іс-әрекет ретінде; (в) әлеуметтік институт ретінде. Д. Норт «қоғамдағы ойын ережелері, немесе … адам жасаған адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыратын шектеу шеңбері». М. Вебер әлеуметтік институт –бұл, ең алдымен, әлеуметтік әрекетке бірлесіп қатысуға мүмкіндік беретін индивидтердің бірігуінің формасы екенін атап өтті. Әлеуметтік институттар қоғамның басты құрылымдық элементтері ретінде қаралуы мүмкін, олар арқылы коммуникация жүйелері ұйымдастырылатын, интеграцияланатын және реттелетін әлеуметтік іс-әрекеттердің ерекше құндылық-нормативтік үлгілері болып табылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік институт – бұл ақпараттық-коммуникативтік қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған әлеуметтік коммуникацияның қалыпты статус-рөлдік жүйесі. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың салыстырмалы түрде тұрақты нысандары бола отырып, әлеуметтік институттар күнделікті өмірді тұрақты құрылымдау арқылы әлеуметтік сабақтастық және белгісіздікті азайту функцияларын орындайды. Әлеуметтік институттар қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені қоғам мүшелерінің әлеуметтік қатынастар аясындағы іс-әрекеттерін реттейді, олардың мүдделерін, ұмтылыстары мен іс-әрекеттерін интеграциялайды, әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет