Емтихан сұРАҚтары ғылым философиясының пәні. Ғылым мен философияның өзара байланысы ашыңыз



бет1/12
Дата09.05.2023
өлшемі45.79 Kb.
#473424
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



  1. Ғылым философиясының пәні. Ғылым мен философияның өзара байланысы ашыңыз.

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл – әлі жас пән. Философияның бағыты болып, ғылым философиясының шығуын жүз жыл бұрын алғашқы позитивистер ілімінен туды. ғылым философиясының пәні – ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен тенденциясын қарастырады. Ғылыми таным тарихи даму және өзгерудің әлеуметтік мәдени мәнін және ғылыми білімді өндірудің ерекше қызметі болып табылады.
Ғылым философиясы үш түрлі жақтан әсерге душар болады, біріншіден, дәуірдің жалпы әлеуметтік мәдени орта; екіншіден, гносеология, эпистемология, әдістемелік зерттеулер тарапынан; үшіншіден, теориялық жағынан үлгілер, тұжырымдардың әсері.
Философия барлық ғылымдардың ғылымы емес, жекелеген ғылымдар үстінде тұруға тиісті емес, философия олармен қосыла дамиды. Қоғамға философия әлде ғылым керектігі жөнінде көп жылдарға созылған дау-дамай осы проблеманы талқылаудың көптеген нұсқасын тудырды. Мамандандырылған ғылымдар қоғамның жекелеген нақты талаптары: техника, экономика, білім беру, заң шығару қанағаттандырылады. Олар шындықтың өзгеше күрделі сұрақтарын зерттейді, болмыстың фрагментін, үзіндік түрін, әлемнің жекелеген бөлшектерін зерттейді. Ал философия әлемді, универсумды тұтастық жағынан зерттеуге ұмтылады. Философия жер бетіндегі нақты-нақтының бәрін, олардың бірлігін сақтап қалуға тырысады. Ол «нақты-нақтының, нағыз нақты деген не?» деген сұраққа жауап іздейді. Осы тұрғыдан философияны «алғашқы бастама және бірінші себеп туралы» ғылым деп анықтама беру әділетті жай.



  1. Ғылым ұғымы және оның тарихи кезеңдерін талдаңыз

Ғылым – тұтас көпқырлы күрделі құбылыс. Ғылым – шындық туралы обьективті білімдерді теориялық тұрғыдан жүйелейтін, өңдейтін адам қызметінің нәтижесі. Ғылым адамның ойлау мәдениетіне, шығармашылық қабілетіне, интеллектінің шексіз дамуына бағдарланады. Ғылым тек сыртқы дүниені ғана емес, өзіне-өзі де үңіледі: ғылым тарихы, логикасы, білім мен ғылым социологиясы, ғылымтану т.б.
Ғылым дамуын тарихи кезеңдерсіз қарастыру мүмкін емес болғандықтан, 19 ғасырдың екінші жартысында арнайы ғылым тарихы ілімі қалыптасты. Ғылымның да философияның да, алдымен, Месопотамия жерінде одан, ежелгі Мысыр одан кіші Азия арқылы Ежелгі гректерге өткені белгілі. Батыстық ойшылдар да ғылымның алдымен шығыста қалыптасқанын мойындауда. Гректер философияны ежелгі Мысырлықтардан алды. Бұл қауымдар мекендеген елдер Жерорта теңіз жағалауы, Месопотамия, Мысыр және Араб жерлері болып табылады. саласының көзге көрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек, алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды. ХХ ғасырдың орта шеніне таман герменевтика философиялық түсіндірмелердің негізгі ұстанымына өтті. Гадамерде болмыс өзін нақты адамдар мен құбылыстар арқылы түсінеді, бұл – болмыс, тіл, дәстүр. Қазір жалпы мағынасында шындыққа философиялық тұрғыдан келу және адамның саналы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдайтын ғылым салаларында қолданылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет