Энергияны пайдалану



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі255.5 Kb.
#169155
1   2   3



2.1 Теориялық курс мазмұны
Кіріспе
Еліміздің энергетикасы және оны құраушылары туралы түсінік. Еліміздің отын және энергия шығындары мол экономика салалары. Энергия ресурстары және отын балансы.

Өнеркәсіптік өндірістің негізгі салаларының жылу энергетикалық жүйелері және лоардың отын- энергетикалық кешенімен байланысы. Өнеркәсіптік жылу энергетиканың құрылымы. Қазақстан энергетикасын дамыту келешегі.


Жылу және электр энергиясын өндіру және қолдану.
Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінде жылу электр станцияларының (ЖЭС) атқаратын ролі. Жылу электр энергиясын қолданушылар. Электрлік және жылулық жүктемелер графигі. ЖЭС-да жағатын отын түріне, міндетіне, технологиялық құрылымына, өндіретін будың параметрлеріне байланысты топтау. ЖЭС-тің технологиялық және түпкілікті сызбалары, энергетикалық балансы және жылулық тиімділігі.

Шықтағыш электр станцияның (ШЭС) жұмыс процесі. Шықтағыш электр станция жұмысының техника- экономикалық көрсеткіштері. ШЭС-те қоректі суды жаңғыртулық қыздыру. Жаңғыртушы қыздырғыштарды ЖЭС-тің жылулық сызбасына қосу.

Жылу электр орталығында (ЖЭО-да) электр энергия мен жылуды қиюлас өндіру. Жылуландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері. ЖЭО –ның жылулық сызбасының ерекшіліктері және оның элементтері. ЖЭО-дан бу және ыстық су арқылы жылу беру сызбалары. ЖЭО жұмысының техника-экономикалық көрсетуіштері.

Бугаз және газ турбиналық ЖЭС, сызбалары, үйлесімі, көрсеткіштері.Оларды негіздік және шындық ЖЭС ретінде қолдану. Атом электр станциялары (АЭС) және жылу электр орталықтары.


Жылу энергетикалық қондырғылар.
Бу қазандары және оларды топтау. Электр станцияларында бу өндірудің технологиялық сызбасы. Бу қазандарының негізгі сипаттамалары. Қазан агрегатының жылулық балансы және оның П.Ә.К-і.

Бу турбиналарын топтау. Саптамаларды будың шығуы. Турбина сатысындағы процестер. Көп сатылы турбиналар. Бу турбиналық қондырғыларының сызбасы және оның жұмысының негізгі параметрлері. Газ турбиналық қондырғы және оның үнемділігі. ГТҚ-ның маневрлігі. П.Ә.К.-ін өсіру жолдары. ЖЭС-тің қосалқы жабдықтары туралы түсініктер.



Өнеркәсіпте және жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану.
Жылутехнологиялық процестерді топтау. Жоғарғы орташа және төменгі деңгейлі температуралары бар процестерді ұйымдастырудың жылу техникалық ережелер.

Отын және электірлі энергия көздері бар технологиялық процестерді жүргізудің температуралық және жылулық графиктері, сызбалары және жағдайлары. Технологиялық қондырғылардың құрылымдық және жылулық сызбалары және энергия көздерін орналастыру. Жоғарғы, орташа және төменгі деңгейлі температуралары бар жылу технолгиялық өндірістердің энергетикалық сипаттамалары.

Өнеркәсіп орындарының жылу энергетикалық жүйелері және лоардың отын- энергетикалық кешенмен байланысы.

Өнеркәсіп орындарының жылу энергетикалық жүйелері және олардың отын-энергетикалық кешенмен байланысы. Өнеркәсіпте және жылутехнологиялық өндірісте энергияны қолдану.

Өндірістік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелері және олардың отын- энергетикалық кешенмен байланысы. Өнеркәсіптік және жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану. Буды және ыстық суды қажет етуші өнеркәсіптік өндірістің жылуды қолдану. Жылуды қолдану тәртіптері және графиктері, жылу шығынын өндірістік кәсіпорын түрде байланысты, климаттық жағдайына, сызбасына және жылумен жабдықтау сипаттамасына байланысты нормалау.

Технологиялық мұқтаждар үшін ыстық су және бу, ыстық сумен жабдықтау, үйлерді жылыту, ғимараттарды желдету шығындарын анықтау. Есептелген, орташа тәуліктік және жылдық жылу шығындарын анықтау. Жылуды ыстық сумен жабдықта, тұрғын және қоғамдық үйлерді жылыту, өндірістік ғимараттарды вентилдеу үшін пайдаланудың тәуліктік және жылдық графиктері. Буды және ыстық суды қажет етуші өнеркәсіптік өндірістің қосынды жылулық жүктемелерінің жылдық графигі.

Ыстық сумен жабдықтау және вентилдеу жүйелері. Өндірістік ғимараттарды жылытушы бу, су және ауа жүйелері, олардың сызбасы және технико- экономикалық көрсеткіштері. Ауаны баптау жүйелері, лоардың сызбасы. Аувны баптаудың өндірістік жүйелерінің жұмыс тәртіптері және лоарды реттеу әдістері.

Өнеркәсіп кәсіпорындарын жылумен жабдықтау жүйесінің жылу көздерін топтау. Жылумен жабдықтаушы жүйелерде өнеркәсіп қазандығының міндеті, оларды топтау және тиімді қолдану салалары. Бу өндіруші және су ысытушы қазандықтар, жылулық сызбалары, негізгі және қосалқы қондырғылары. Жұмыс тәртіптер, техника-экономикалық көрсеткіштері.

Өндірістік кәсіпорынның жылумен жабдықтау жүйесіндегі қазандықтың, ЖЭО-ның және жылуды қолданушы құрылғының біріккен жұмысы.Қлоданушыға жылуды беруді реттеу әдістері. Жылуды жинақтау, жылуды жинақтаушы қондырғылардың сызбалары.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін топтау. Бу жүйелері, олардың сызбасы. Қолданушылардан шықты жинау және оны қайтару. Су жүйелері, олардың сызбасы. Ашық және жабық жүйелер. Бір, және көп құбырлары жүйелер. Жылумен жабдықтаушы су жүйесінің негізгі кемшіліктері және артықшылықтары.

Жылу тораптары, топтарға бөлінуі, сызбасы, элементтерінің құрылымы. Пьезометрлік график және оны тұрғызу әдісі. Жылуды қолданушыларды және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін жылу торабына қосу. Жылу подстанцияларының қондырғыларын іріктеу.
Электр желілері және өнеркәсіпорындарын электрмен жабдықтау.
Электрмен жабдықтау энергетикалық және технологиялық жүйелердің құраушысы болып табылады. Электрмен жабдықтаудың міндеттері және кеешегі. Энергетиканы дамытудағы энергияны үнемдеу бағыты және қазіргі жағдайда электр энергиясын үнемдеу мәселесінің маңыздылығы.

Электр желілерінің сипаттамасы. Электр желілерін топтау. Электр желілеріне қойылатын талаптар. Электр тасымалдаудың ауа және кабелдік жолдары туралы жалпы түсініктер. Электр тасымалдаудың ауа кабелдік жолдарының негізгі сипаттамалары және параметрлері.

Ауа және кабелдік жолдарының орынбасу сызбалары, параметрлері. Электр желілері қуатының шығындарын және элементтерінің энергия шығындарын анықтау.

Өнеркәсіптің электр шаруашылығы. Электр энергиясын қолданушылар жәе қабылдаушылар, олардың негізгі түрлері және сипаттмалары. Электрді пайдалану құрылымы. Өнеркәсіп кәсіпорындарында электр энергиясынқолданушылардың және қабылдаушылардың негізгі түрлері: күштік жалпы өндірістік қондырғылар, комппрессорлық, срушы, желдетуші, көтеруші-тасымалдаушықұрылғылары; ыздырушы, жарықтандырушы, түрлендіруші, электртермиялық және электрдәнекерлеуші қондырғылар.

Электр энергиясын өнеркәсіптік қолданушылар сипаттамасы.

Электр жүктемелері туралы түсінік. Электр жүктемелерін сипаттаушы көрсеткіштер. Жүктемелер графиктерін және олардың жұмыс тәртібін сипаттаушы коэфиценттер. Жүктемелер графигін реттеу.


Электр машиналары және аппараттары.
Қазіргі заман техникасындағы және энергетикадағы электр машиналарының маңызы және ролі. Электр аппаратын қолданушыға жылу көзіненберілетін энергия ағындарын басқару құралы ретінде, олардың міндеті және электр аппараттарын құрастыруды дамытудың негізгі тенденциялары.

Трансформаторлар. Трансформаторлардың энергетикадағы ролі мен міндеті. Құрылысы және қызмет ету ережесі. Трансформатордағы физмкалық процестер. Жүктеме қосылған трасформатордың жұмысы. Кернеудің өзгеруі. Сыртқы сипаттамасы. Трансформатордың П.Ә.К.-ә және шығындары. Үш фазалы трансформаторлар. Орамдарды қосу сызбалары. Трасформатордың параллель жұмысы.

Айнымалы ток машиналарының жұмыс ережелері және құрылысы. Асинхрондық машиналар. Құрылымы, жұмыс ережесі. Үш фазалы асинхрондық машина. Кернеулер және токтар теңдеуі.

Қысқа тұйықталған роторы бар және жанасушы сақиналар бар асинхрондық қозғалтқыштарды іске қосу. Қысқа тұйықталған роторы бар және фазалық роторы бар үш фазалы асинхрондық қозғалтқыштың жиілігін реттеу.

Синхрондық машиналар. Синхрондық генераторлардың сипаттамалары.

Генераторларды параллель жұмысқа және жалпы желігі қосу.

Синхрондық қозғалтқыштар. Құрылымдық ерекшеліктер. Жұмыс сипаттамалары. Қолдану салалары. Синхрондық компенсатор. Құрылымы және міндеті, сипаттамалары.

Электр аппараттары. Аппаратардың міндетінен, тогынна және кернеуінне, сыртқы әсерлерден қорғану дәрежесіне байланысты топтау.

Контактордың реленің автоматтық сөндіргіштің, контактісі жоқ коммутациялық құрылымы.

Төменгі крнеудегі таратушы қондырғылардың электрлік аппараттары: автоматты сөндіргіштер, сақтандырғыштар, автоматты емес сөндіргіштер.


Жылутехнологиясының процестері мен аппараттары.
Қазіргі кездегі жағдайы және өнеркәсіптік жылу – масса алмасу қондырғылардың дамуының қысқаша құрастырылуы. Жылу – масса алмасу аппаратарының топталуы. Жылутасығыштар,олардың қасиеттері және қолдану салалары.

Рекуперативтік үздіксіз және жұмыс жасайтын жылутасымалдағыштар. Қозғалмайтын және қозғалатын қалқандары бар регенеративтік жылутасымалдағыштар. Газ сұйықпен және сұйықты сұйықпен араластырушы жылуалмастырғыштар: қолдану салалары,құрылымдары, жұмыс ережелері және тенденциялары.

Буландырушы, тұзсыздандырушы, кептіруші және кристалдаушы қондырғылар:жұмыс ережесі, аппараттардың негізгі құрылымдары, жылулық сызбалары. Буланудың технологиялық сызбалары. Буландырушы аппараттар ққұрылымы.

Айдаушы және ректификациялаушы қондырғылардың міндеті және топталау. Ректификациялық қондырғылардағы процестер. Ректификациялық бағаның құрылымы.

Абсорбциялық және адсорбциялық процестерді өнеркәсіпте қолдану салалары. Абсорбциялық және адсорбциялық аппараттардың құрылымдары, жұмыс ережелері. Абсорбция процесінің және адсорбциялық аппараттың технологиялық сызбасы.

Кептіру технологиясы. Кептіруші қондырғыларды, кептірілетін материалдарды және кептіруші агенттерді топтау. Конвективтік кептіру. Конвективтік кептіруші қондырғының жылутехнололгиялық сызбасы.


Өндірістік кәсіпорындар энергия тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері.
Энергия тасығыштар қазіргі кезде (отынды, суды, сығылған ауаны, суықты, ауаны ажырату өнімдерін) өндірістік кәсіпорындардың өндіру және қолдану көлемділігі және болашағы. Өндіріс кәсіпорынның технологиялық қолданушылардың энергия тасығыштармен қамтамасыз ету жүйесі туралы түсінік, жүйенің құрылымы. Өндіріс кәсіпорынның энергия тасығыштарды өндіру және қолдану тәртіптері. Энергия тасығыштар сипаттамалары.

Өндіріс кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау жүйесінде органикалық отынды қолдану бағыттары, аумағы және тенденциялары. Қатты отынды қолданушылардың сипаттамасы. Сұйық отынды өндірістік қолданушылар. Қолданушыларды табиғи газбен жабдықтаушы жүйелердің құрылымы және қасиеттері.

Өнеркәсіптік әртүрлі салалардағы кәсіпорындарда сығылған ауаны қолданушыларды, ауаның шығыны, қысымы, қолдану тәртібі бойынша сипаттау. Сығылған ауны шығаратын компресорлық станция түрлері және технологиялық сызбалары. Сығылған ауаны тарату жүйелері.

Суықты алу тәсілдері және салқындатушы қондырғыларды топтау. Өндіріс кәсіпорындарда жасанды суықты қолданушыларды шығыны және температурасы бойынша сипаттау. Салқындатушы қондырғылар түрлері. Өндірістік кәсіпорындары үшін суықты дайындаушы станциялар мен орталық цехтер.

Техникалық және технологиялық оттегі, аргонды және ауаның басқа ажырау өнімдерін өнеркәсіптік қолданушылар сипаттамасы. Технологиялық процестерді үдетуші көрсеткіштер, жаңа технологиялар енгізу, қоршаған ортаны ауаның ажырау өнімдерінің қолданғанда ластандыруды төмендету.Ауаны ажырату өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар. Ауаның ажырау өнімдерін қолдану ерекшелігі, графиктер және қолдану тәртіптері. Төменгі, орташа және жоғарғы қысымды ауаны ажыратушы қондырғылар. Ауаны ажырату өнімдерін бір тұтас қолдану.

Техникалық суды қолданушылар сипаттамасы және оны өнеркәсіп өндірісінде қолданудың негізгі бағыттары. Өндірістік сумен жабдықтау жүйелерін топтау, сызбалары, қондырғылар құрамы, қолдану салалары, жұмыс тәртібі. Айнымалы сумен жабдықтау жүйесі суды қолдануға шығындалатын энергияны төмендету құралы және қоршаған ортаны ластандыруды азайту құралы ретінде. Өнеркәсіп салаларын( қара және түсті металлургия, химия, мұнай химиясы, жылу электр станциялары) сумен жабдықтау жүйелерінің міндеті және ерекшкліктері. Сумен жабдықтаудың жүйелерін дамыту келешегі.


ЖЭС және өндірістік кәсіпорындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, өңдеу әдістері және құралдары.
Суды ЖЭС жәнеөндірістік кәсіпорындарындағы циклдарда қолдану. Табиғи және техникалық су.

Табиғи су қоспаларын дисперстілігі, химиялық құрамы және физика-химиялық күйі бойынша сипаттау. Табиғи суларды топтау. Табиғи су сапасының технологиялық көрсеткіштері (мөлдірлігі, иондық құрамы, жалпы тұздылығы, қаттылығы және оның түрлері, меншікті электр өнімділігі, құрамындағы кремнидің мөлшері, тотықтануы, еріген газдар мөлшері).

ЖЭС және АЭС циклдарындағы су айналымы . Суға технологиялық өнім ретінде қойылатын негізгі талаптар. Электр станциясының су-бу контурында өтетін негізгі физико- химиялық процестермен (коррозия, таттану, қалдықтар мен тұнбаның пайда болуы, будың ластануы, және т.б), станциядағы және бастапқы сулардың қасиеттерімен танысу. Жылу энергетикалық және өндірістік кәсіпорын қондырғылары үшін қажетті су сапасының көрсеткіштері.

Суды тазалау технологиялары: сүзгілеу;ион алмасу. Аса минералданған сулар және ерітінділер өңдеу технологиясы. Газдарды абсорбциялау және десорбциялау, деарациялау және декорбонизациялаудың физика- химиялық процестермен қолданып суды тазарту технологиялары.

Өндіріс кәсіпорынның қалдық сулары және тазалау.

Электр станциялары мен өндірістік кәсіпорындар отыны туралы жалпы түсініктер. Газ тәріздес, сұйық және қатты отын. Отынның құрамы, құрылысы және технологиялық сипаттаалары. Органикалық отынды жағуға дайындау. Отын сапасын бақылау. Энергетикалық майлар мен майлаушы материалдар: қасиеттері және сипаттамалары; ЖЭС және өндірістік кәсіпорындарда қолдану.


2.2 Аудиторлық сабақтар мазмұны
2.2.1 Дәрістер мазмұны
1-ші тақырып. Кіріспе

Еліміздің энергетикасы және оны құраушылары туралы түсінік. Еліміздің отын және энергия шығындары мол экономика салалары. Энергия ресурстары және отын балансы.

Өнеркәсіптік өндірістің негізгі салаларының жылу энергетикалық жүйелері және лоардың отын- энергетикалық кешенімен байланысы.

2-ші тақырып. Жылу және электр энергиясын өндіру және қолдану.

Жылу электр энергиясын қолданушылар. Электрлік және жылулық жүктемелер графигі. ЖЭС-да жағатын отын түріне, міндетіне, технологиялық құрылымына, өндіретін будың параметрлеріне байланысты топтау. ЖЭС-тің технологиялық және түпкілікті сызбалары, энергетикалық балансы және жылулық тиімділігі.

Шықтағыш электр станцияның (ШЭС) жұмыс процесі. Шықтағыш электр станция жұмысының техника- экономикалық көрсеткіштері. ШЭС-те қоректі суды жаңғыртулық қыздыру. Жаңғыртушы қыздырғыштарды ЖЭС-тің жылулық сызбасына қосу.

Жылу электр орталығында (ЖЭО-да) электр энергия мен жылуды қиюлас өндіру. Жылуландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері. ЖЭО –ның жылулық сызбасының ерекшіліктері және оның элементтері. ЖЭО-дан бу және ыстық су арқылы жылу беру сызбалары. ЖЭО жұмысының техника-экономикалық көрсетуіштері.



3-ші тақырып.Жылу энергетикалық қондырғылар.

Бу қазандары және оларды топтау. Электр станцияларында бу өндірудің технологиялық сызбасы. Бу қазандарының негізгі сипаттамалары. Қазан агрегатының жылулық балансы және оның П.Ә.К-і.

Бу турбиналарын топтау. Бу турбиналық қондырғыларының сызбасы және оның жұмысының негізгі параметрлері.

4-ші тақырып. Өнеркәсіпте және жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану.

Жылутехнологиялық процестерді топтау. Жоғарғы орташа және төменгі деңгейлі температуралары бар процестерді ұйымдастырудың жылу техникалық ережелер.

Ыстық сумен жабдықтау және вентилдеу жүйелері. Өндірістік ғимараттарды жылытушы бу, су және ауа жүйелері, олардың сызбасы және технико- экономикалық көрсеткіштері. Өнеркәсіп кәсіпорындарын жылумен жабдықтау жүйесінің жылу көздерін топтау.

Өндірістік кәсіпорынның жылумен жабдықтау жүйесіндегі қазандықтың, ЖЭО-ның және жылуды қолданушы құрылғының біріккен жұмысы.Қлоданушыға жылуды беруді реттеу әдістері. Жылуды жинақтау, жылуды жинақтаушы қондырғылардың сызбалары.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін топтау. Бу жүйелері, олардың сызбасы. Қолданушылардан шықты жинау және оны қайтару. Су жүйелері, олардың сызбасы. Ашық және жабық жүйелер. Бір, және көп құбырлары жүйелер. Жылумен жабдықтаушы су жүйесінің негізгі кемшіліктері және артықшылықтары.

Жылу тораптары, топтарға бөлінуі, сызбасы, элементтерінің құрылымы. Жылуды қолданушыларды және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін жылу торабына қосу.



5-ші тақырып. Электр желілері және өнеркәсіпорындарын электрмен жабдықтау.
Электр желілерінің сипаттамасы. Электр желілерін топтау. Электр желілеріне қойылатын талаптар. Электр тасымалдаудың ауа және кабелдік жолдары туралы жалпы түсініктер. Электр тасымалдаудың ауа кабелдік жолдарының негізгі сипаттамалары және параметрлері.

Электр жүктемелері туралы түсінік. Электр жүктемелерін сипаттаушы көрсеткіштер. Жүктемелер графиктерін және олардың жұмыс тәртібін сипаттаушы коэфиценттер. Жүктемелер графигін реттеу


6-шы тақырып. Электр машиналары және аппараттары.

Қазіргі заман техникасындағы және энергетикадағы электр машиналарының маңызы және ролі. Электр аппаратын қолданушыға жылу көзіненберілетін энергия ағындарын басқару құралы ретінде, олардың міндеті және электр аппараттарын құрастыруды дамытудың негізгі тенденциялары.

Трансформаторлар. Трансформаторлардың энергетикадағы ролі мен міндеті. Құрылысы және қызмет ету ережесі. Трансформатордағы физмкалық процестер. Жүктеме қосылған трасформатордың жұмысы. Кернеудің өзгеруі.

7-ші тақырып. Жылутехнологиясының процестері мен аппараттары.
Қазіргі кездегі жағдайы және өнеркәсіптік жылу – масса алмасу қондырғылардың дамуының қысқаша құрастырылуы. Жылу – масса алмасу аппаратарының топталуы. Жылутасығыштар,олардың қасиеттері және қолдану салалары.

Рекуперативтік үздіксіз және жұмыс жасайтын жылутасымалдағыштар. Қозғалмайтын және қозғалатын қалқандары бар регенеративтік жылутасымалдағыштар. Газ сұйықпен және сұйықты сұйықпен араластырушы жылуалмастырғыштар: қолдану салалары,құрылымдары, жұмыс ережелері және тенденциялары.



8-ші тақырып. Өндірістік кәсіпорындар энергия тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері.
Энергия тасығыштар қазіргі кезде (отынды, суды, сығылған ауаны, суықты, ауаны ажырату өнімдерін) өндірістік кәсіпорындардың өндіру және қолдану көлемділігі және болашағы. Өндіріс кәсіпорынның технологиялық қолданушылардың энергия тасығыштармен қамтамасыз ету жүйесі туралы түсінік, жүйенің құрылымы. Өндіріс кәсіпорынның энергия тасығыштарды өндіру және қолдану тәртіптері. Энергия тасығыштар сипаттамалары.

Өнеркәсіптік әртүрлі салалардағы кәсіпорындарда сығылған ауаны қолданушыларды, ауаның шығыны, қысымы, қолдану тәртібі бойынша сипаттау. Сығылған ауны шығаратын компресорлық станция түрлері және технологиялық сызбалары. Сығылған ауаны тарату жүйелері.

Суықты алу тәсілдері және салқындатушы қондырғыларды топтау. Салқындатушы қондырғылар түрлері.

Техникалық және технологиялық оттегі, аргонды және ауаның басқа ажырау өнімдерін өнеркәсіптік қолданушылар сипаттамасы. Төменгі, орташа және жоғарғы қысымды ауаны ажыратушы қондырғылар. Ауаны ажырату өнімдерін бір тұтас қолдану.

Техникалық суды қолданушылар сипаттамасы және оны өнеркәсіп өндірісінде қолданудың негізгі бағыттары. Өндірістік сумен жабдықтау жүйелерін топтау, сызбалары, қондырғылар құрамы, қолдану салалары, жұмыс тәртібі.

9-шы тақырып. ЖЭС және өндірістік кәсіпорындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, өңдеу әдістері және құралдары.
Суды ЖЭС жәнеөндірістік кәсіпорындарындағы циклдарда қолдану. Табиғи және техникалық су.

ЖЭС және АЭС циклдарындағы су айналымы . Суға технологиялық өнім ретінде қойылатын негізгі талаптар. Электр станциясының су-бу контурында өтетін негізгі физико- химиялық процестермен (коррозия, таттану, қалдықтар мен тұнбаның пайда болуы, будың ластануы, және т.б), станциядағы және бастапқы сулардың қасиеттерімен танысу. Жылу энергетикалық және өндірістік кәсіпорын қондырғылары үшін қажетті су сапасының көрсеткіштері.

Суды тазалау технологиялары: сүзгілеу;ион алмасу. Аса минералданған сулар және ерітінділер өңдеу технологиясы. Газдарды абсорбциялау және десорбциялау, деарациялау және декорбонизациялаудың физика- химиялық процестермен қолданып суды тазарту технологиялары.

2.2.2 Практикалық сабақтар тақырыптарының тізімі.
1-ші тақырып. ШЭС жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Электрэнергиясын өндіруде отынның меншікті шығынын, өзіндік қажеттіліктерге электрэнергияның шығынын анықтау



2-ші тақырып. ЖЭО жұмысының технико- экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Жылу және электрэнергиясын өндіруде отынның меншікті шығынын, өзіндік қажеттіліктерге электрэнергияның шығынын анықтау



3-ші тақырып. Қоректік суды жаңғыртып қыздыру жүйесін есептеу.

Жаңғыртулық алымдардың параметрлерін анықтау, жаңғыртулық қыздырғыштарды таңдау.



4-ші тақырып. ШЭСжәне ЖЭО-ның жылулық сызбасын тұрғызу.

Станцияның жылулық схемасын есептеу.



5-ші тақырып. Сумен және ыстық сумен жабдықтауға кететін жылу шығындарын есптеу.

Сыртқы қоршаулар арқылы, инфильтрацияға, желдетуге және ыстық сумен жабдықтауға жылу жоғалтулары мен шығындары.



6-шы тақырып. Бу және ыстық сумен қамтамасыз етілетін, өнеркәсіптік кәсіпорындарының жылулық жүктеме қосындысының графигін есептеу.

Технологиялық агрегаттар мен тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясын тұтыну мөлшерін анықтау.



7-ші тақырып. Жылутехнологиялық өндірісіндегі жылу шығынын есептеу.

Бу немесе ыстық судың қажетті параметрлерін және шығынын анықтау.



8-ші тақырып. Рекуперативті және жаңғыртулық жылуалмасу аппараттарының жылулық есептеу.

Температуралық арынды, жылуалмасу бетін, жылуберу коэффициентін анықтау.



9-ші тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы және ЖЭС – тегі газөткізгіштерді (мазутөткізгіштерді) есептеу.

Газөткізгіштердің және мазутөткізгіштерді гидравликалық есебі.



2.2.3 Зертханалық жұмыстардың мазмұны
1-ші тақырып. Жылуландыру жүктемесін сапалық реттеудің температуралық графигін анықтау

Сулық жылумен жабдықтау жүйесімен жылу берудің сапалық реттеу әдісін зерттеу және жылулық тораптың температуралық графигін құру.



2-ші тақырып. Жылулық тораптар құбырларының температуралық ұзаруларын компенсациялауды зерттеу

Құбырдағы жылутасығыш температурасы өзгергенде осьтік және радиалды компенсаторлардың жұмысын зерттеу



3-ші тақырып. Өнеркәсіп орынның жылдық жылутұтынуы

Жұмыстың мақсаты болып өндіріс кәсіпорынның орналасуының климаттық аймағының жылдық жылутұтыну мөлшеріне әсерін зерттеу болып табылады.



4-ші тақырып. Дисперстік материал қабатта құрғатудағы жылумаңызалмасу

Ылғалды дисперстік материал қабаты арқылы ыстық газдарды үрлегенде жылуберу және маңызберу коэффициенттерін анықтау.



5-ші тақырып. Жылулық пункттың жұмысын зерттеу

Жұмыстың мақсаты қоғамдық ғимараттың жылулық пунктін зерттеу.



6-шы тақырып. Қалалардың сулық жылумен жабдықтау жүйелерінде жылутасығыш температуралары мен шығындарының графиктерін зерттеу

Компьютер көмегімен есептік параметрлері мен тәртіптік шарттардың оталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылутасығыштың температуралар графигінің және шығының өзгеру сипатына әсерін зерттеу.



2.2.4 Студенттердің өздік жұмысы







Тақырып


аттары



Мазмұны

Бақылау түрі

Сағат саны




1


2

3

4





Жылу және электр энергиясын өндіру және қолдану.


Бугаз және газ турбиналық ЖЭС, сызбалары, үйлесімі, көрсеткіштері.Оларды негіздік және шындық ЖЭС ретінде қолдану. Атом электр станциялары (АЭС) және жылу электр орталықтары.

Реферат

7




Жылу энергетика

лық қондырғылар.



. Газ турбиналық қондырғы және оның үнемділігі. ГТҚ-ның маневрлігі. П.Ә.К.-ін өсіру жолдары. ЖЭС-тің қосалқы жабдықтары туралы түсініктер.

Реферат

7




Өнеркәсіпте және жылу технология

лық өндірісте энергияны қолдану.




Өндірістік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелері және олардың отын- энергетикалық кешенмен байланысы. Өнеркәсіптік және жылу технологиялық өндірісте энергияны қолдану.

Реферат

7




Электр желілері және өнеркәсіпорындарын электрмен жабдықтау.

.


Ауа және кабелдік жолдарының орынбасу сызбалары, параметрлері. Электр желілері қуатының шығындарын және элементтерінің энергия шығындарын анықтау.

Реферат

7




Электр машиналары және аппараттары.


Трансформатордың П.Ә.К.-ә және шығындары. Үш фазалы трансформаторлар. Орамдарды қосу сызбалары. Трасформатордың параллель жұмысы.

Реферат

7




Жылутехнологиясының процестері мен аппараттары.

Буландырушы, тұзсыздандырушы, кептіруші және кристалдаушы қондырғылар:жұмыс ережесі, аппараттардың негізгі құрылымдары, жылулық сызбалары. Буланудың технологиялық сызбалары. Буландырушы аппараттар ққұрылымы.

Реферат

7




Өндірістік кәсіпорындар энергия тасығыштарын өндіру және тарату жүйелері.

Өндіріс кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау жүйесінде органикалық отынды қолдану бағыттары, аумағы және тенденциялары. Қатты отынды қолданушылардың сипаттамасы.

Реферат

7




ЖЭС және өндірістік кәсіпорындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, өңдеу әдістері және құралдары.


Табиғи су қоспаларын дисперстілігі, химиялық құрамы және физика-химиялық күйі бойынша сипаттау. Табиғи суларды топтау. Табиғи су сапасының технологиялық көрсеткіштері (мөлдірлігі, иондық құрамы, жалпы тұздылығы, қаттылығы және оның түрлері, меншікті электр өнімділігі, құрамындағы кремнидің мөлшері, тотықтануы, еріген газдар мөлшері).

Реферат

7




Жылуландыру жүктемесін сапалық реттеудің температуралық графигін анықтау

Сабаққа дайындалып жылу берудің сапалық реттеу әдісін зерттеу және жылулық тораптың температуралық графигін құру.
Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

6




Жылулық тораптар құ

бырлардың температу-

ралық ұзаруларын компенсациялауды зерттеу


Құбырдағы жылутасығыш температурасы өзгергенде осьтік және радиалды компенсаторлардың жұмысын алдын ала талдау

Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

6




Дисперстік материал қабатта құрғатудағы жылумаңызалмасу

Конвективті құрғату процесстері бойынша дайындалу.

Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

6




Өнеркәсіп орынның жылдық жылутұтынуы

Өндіріс кәсіпорынның орналасуының климаттық аймағының жылдық жылутұтыну мөлшеріне әсерін талдау
Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

6




Жылулық пункттың жұмысын зерттеу

Жылулық пункт жайлы мәліметтер жинап дайындалу
Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

5




Қалалардың сулықжылуменжабдықтау жүйелерінде жылутасығыш температураларыменшығындарының графиктерін зерттеу

Жылуалмастырғыштардың жылу магистраліне қосылудың схемаларымен танысу, тұтынушыларға жылу беруді реттеу әдістерін зерттеу
Зертханалық жұмыстарға

дайындалу

5



Жалпы:








90





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет