Қарастырылып отырған кестеге сәйкес Канада 2008 жылы 5,37 балымен 10-шы орынды иеленгенмен, даму динамикасын алғанда ол өзінің позициясын рейтингтің кейбір көрсеткіштері бойынша төмендетіп алған. Соған қарамастан «Институттар», «Тауар нарығы және қызмет көрсетулердің тиімділігі», «Еңбек нарығы тиімділігі» факторлары бойынша позициясы жоғарылаған. 2012 жылы Канада орта есепті 5,27 балымен 14-ші орынға ие болды.
Қазақстанға келетін болсақ 2030 жылға дейін Стратегия қабылданған кезден бастап 15 жылдың ішінде ол әлемдегі жылдам дамушы елдердің бестігіне енді. Бүкіләлемдік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан өзінің позициясын 2008 жылдан бері жақсартты, яғни орта есеппен алғандағы 4,11 балымен 66-шы орыннан, орта есеппен алғандағы 4,38 балымен 51-ші орынға жоғарылады. Қазақстанның позициясы барлық факторлар: «Институттар», «Макроэкономика», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауар нарығы және қызмет көрсетулердің тиімділігі», «Еңбек нарығы тиімділігі», «Қаржы нарығының дамуы», «Технологиялық даму деңгейі», «Бизнесті дамыту», «Инновациялар» бойынша жоғарылады. Сондай-ақ, Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылық факторы бойынша өзінің жоғары позициясын ұстануда. Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы» атты Жолдауында 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену – стратегиялық мақсатын қойып отыр.
Әлемдік банк және Халықаралық қаржы корпорациясы жыл сайын Doing Business (Бизнесті жүргізу) рейтингісін жариялап отырады [10]. Онда зерттеліп отырған мемлекеттегі бизнестің дамуына ықпал ететін немесе кері әсер ететін жағдайлар жарияланады. Баяндама авторлары компанияның даму циклінің 11 кезеңдеріне қатысты нормаларды талдайды. Соның ішінде – кәсіпорындарды құру, құрылыс салуға рұқсат алу, жеке меншікті тіркеу, кредит алу, инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауданы жүргізу, контрактілердің орындалуын қамтамасыз ету, кәсіпорындарды жою, электрді қамтамасыз ету жүйесіне қосылу және жұмыс күшін жалдау қарастырылады (6-шы кесте). Қорытынды рейтингте зерттеуге алынған барлық елдер 1-ші орыннан соңғы орынға дейін орналастырылады. Бірінші орын – ең жоғары болып есептеледі. Яғни, елдің ең жоғары позициясы, ол елдегі бизнесті жүргізу климатының жайлы екендігін білдіреді. Талдау жүргізгенде макроэкономикалық саясат, инфрақұрылымның сапасы, жұмыс күшінің біліктілігі, валюталық курстың ауытқуы, инвесторлардың пікірі, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі факторлары есепке алынбайды. Сонымен, ұйымдастыру шарттары және бизнесті жүргізу саяси аспектілерді қамтымайды, тек заңнамада бекітілген ережелер мен нормативтерге негізделеді.
6-шы кесте – Бизнесті жүргізу рейтингісі (185 ел)*
Жылдар
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
|
Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісі
|
Кәсіпорындарды тіркеу
|
Құрылыс салуға рұқсат алу
|
Жұмысқа алу
|
Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу
|
Жеке меншікті тіркеу
|
2008
|
71
|
7
|
57
|
2
|
173
|
26
|
22
|
19
|
-
|
-
|
72
|
28
|
2009
|
70
|
8
|
78
|
2
|
175
|
29
|
29
|
18
|
-
|
-
|
25
|
32
|
2010
|
63
|
8
|
82
|
2
|
143
|
29
|
38
|
17
|
-
|
-
|
31
|
35
|
2011
|
59
|
7
|
47
|
3
|
147
|
29
|
-
|
-
|
-
|
-
|
28
|
37
|
2012
|
47
|
17
|
57
|
3
|
147
|
25
|
-
|
-
|
86
|
156
|
29
|
41
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жылдар
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
|
Кредиттендіру
|
Инвесторларды қорғау
|
Салық салу
|
Халықаралық сауда
|
Контрактілерді орындауды қамтамасыз ету
|
Кәсіпорындарды юою
|
2008
|
48
|
7
|
52
|
5
|
44
|
25
|
178
|
39
|
28
|
43
|
100
|
4
|
2009
|
43
|
28
|
53
|
5
|
49
|
28
|
180
|
44
|
28
|
58
|
100
|
4
|
2010
|
43
|
30
|
57
|
5
|
52
|
28
|
182
|
38
|
34
|
58
|
54
|
4
|
2011
|
72
|
32
|
44
|
5
|
39
|
10
|
181
|
41
|
36
|
58
|
48
|
3
|
2012
|
78
|
24
|
10
|
5
|
13
|
8
|
176
|
42
|
27
|
59
|
54
|
3
|
*Ескерту – Бүкіләлемдік банктің зерттеу материалдары негізінде құрастырылды. Интернет-ресурс: http://doingbusiness.org/
|
Канада кәсіпорынды тіркеу және жою индикаторлары бойынша ең жоғары – 3-ші орынды, инвесторларды қорғау бойынша – 5-ші орынды иеленсе, ал Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылудан 156-шы орынға және контрактілерді орындауды қамтамасыз етуден 59-шы төменгі позицияға тоқталды.
Қазақстанға келетін болсақ, ол 2008 жылмен салыстырғанда өзінің позициясын жоғарылатты. Яғни, 2012 жылы 185 елдің ішінен 47-ші орынға тұрақтады. Сонымен қатар салық салу аясында, жеке меншікті тіркеу, контрактілерді орындауды қамтамасыз етуден де қанағаттанарлық орынды иеленуде. Бірақ халықаралық сауда және құрылыс салуға рұқсат алудан төменгі позицияда тұр.
Елдер мен аумақтардың Жалпы ішкі өнім көрсеткіші жаһандық рейтингі Бүкіләлемдік банк (The World Bank) [11] әдістемесі бойынша есептеледі. Ішкі жалпы өнім (одан әрі –ІЖӨ) – қандай да мемлекеттің территориясында сол елдің резиденттерімен 1 жылдың ішінде өндірілген, сатып алушының бағасымен көрсетілетін барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнының жиынтығы. Тәжірибе жүзінде, ІЖӨ өзіне осы елдің экономикалық аумағында жұмыс жасайтын барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және өзге де бірліктердің қызметінің нәтижесін қамтиды, оның ішінде шетелдік капитал, сонымен қатар шетелдік компаниялардың филиалдарымен бақыланатындар да кіреді. 7-ші кестеде 192 елдің номинальды (абсолюттік) мазмұны бойынша ІЖӨ мөлшерін бағалайтын, қолданымдағы бағаның АҚШ долларына шаққандағы (инфляцияға өзгеріссіз) рейтингісі беріледі. Беріліп отырған көрсеткіштер 2011 жылдың жағдайын ашады (2012 жылдың шілде айында жарияланған).
7-ші кесте – Бүкіләлемдік банктің зерттеуі бойынша елдер мен аумақтардың жалпы ішкі өнімінің мөлшері индексі
Жылдар
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
|
Рейтинг
|
ЖІӨ мөлшері ($ млн.)
|
2010
|
52
|
10
|
142,987
|
1,574,052
|
2011
|
49
|
11
|
186,198
|
1,736,051
|
*Ескерту – Бүкіләлемдік банктің зерттеу материалдары негізінде құрастырылды. Интернет-ресурс: http://www.worldbank.org/
|
Канада 2010 жылы 1,574,052 ІЖӨ мөлшері бойынша 10 орынды иеленсе, ал 2011 жылы 1,736,051 млн.долл. мөлшерімен 11 орынға иеленді.
Ал Қазақстанға келетін болсақ, ол 2010 жылға қарағанда 2011 жылы өзінің позициясын жақсартты және сәйкесінше 52-ші орыннан 186,198 млн.долл. ІЖӨ мөлшерімен 49-шы орынға көтерілді.
Адами капиталды дамыту мемлекеттік басқаруды жетілдірудің негізгі факторы болып табылады. 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасында (одан әрі - БҰҰДБ) әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік прогресс бағаланған алғашқы баяндама жарияланды. Онда адами даму түсінігі берілген: «Адамды дамыту таңдау спектрін кеңейту процесі болып табылады. Таңдаудың маңызды элементі – ұзақ және салауатты өмір, білім алу және жоғары деңгейде өмір сүру. Қосымша таңдау элементтері өзіне саяси бостандықты, адамдардың кепілдендірілген құқықтары және сыйласымдықты да қамтиды». Сондықтан адами потенциал Индексі, БҰҰ қабылданған, оның мүшелері тұрғындарының өмір сүру сапасын интегративтік бағалау мақсатында көрсеткіштер жүйесі. Адами даму Индексі (одан әрі - АДИ) елдің жетістіктерін оның тұрғындарының денсаулығын, білім алуы және фактілік табыстарын айқындайтын үш негізгі бағыттарды қамтиды, олардың өздерінің индекстері бағаланады.
Бұл өлшемдер сандық мазмұнда 0-ден 1-ге стандартталады, яғни орта геометриялық 0-ден 1-ге дейінгі диапозонды АДИ көрсеткіштерінің жиынтығын білдіреді. Осы көрсеткіштерге сәйкес мемлекеттер орындарды иеленеді және төрт категорияларға жіктеледі [12]:
-
АДИ өте жоғары елдер.
-
АДИ жоғары елдер.
-
АДИ деңгейі орта елдер.
-
АДИ деңгейі төмен елдер.
8-ші кестеде аталған көрсеткіш бойынша 186 елдерге салыстырмалы талдау жасалған.
8-ші кесте – Әлем елдерінің адами даму индексі*
Жылдар
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
KAZ
|
CAN
|
АДИ бойынша елдердің рейтингі
|
Адами даму капиталы Индексі
|
Күтілетін өмір сүру ұзақтығының Индексі
|
Білім алу Индексі
|
Әр тұрғынға шаққанда жалпы ұлттық табыс
(АҚШ $)
|
2007/2008
|
82
|
4
|
0,804
|
0,966
|
64,9
|
80,6
|
0,965
|
0,991
|
10863
|
35812
|
2009
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
2010
|
66
|
8
|
0,714
|
0,888
|
65,4
|
80,2
|
10,3
|
12,2
|
10234
|
35308
|
2011
|
68
|
6
|
0,745
|
0,908
|
67,0
|
81,0
|
10,4
|
12,1
|
10585
|
35165
|
2012
|
69
|
11
|
0,754
|
0,911
|
67,4
|
81,1
|
10,4
|
12,3
|
10451
|
35369
|
*Ескерту – БҰҰ зерттеу материалдары негізінде құрастырылды. Интернет-ресурс: http://hdr.undp.org/
|
Канада АДИ рейтингісі бойынша 11 орында орналасқан және адами даму индексі бойынша өте жоғары деңгейді иеленеді, ал Қазақстанға келетін болсақ, 69-шы орында орналасқан, әрі адами даму деңгейі жоғары топтарына енеді.
Жалпы алғанда Канада және Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, келесі қорытындыға келдік:
– жоғарыда қарастырылған рейтингтерге сәйкес, жекелеп айтқанда, Канада 215 мемлекеттің арасынан мемлекеттік басқару сапасы көрсеткіші бойынша орта позициясында; электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша 193 елдің арасында – өте жоғары (11 орын); сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 176 елдің арасынан – жоғары (9 орын); жаһандық бәсекеге қабылеттік индексі бойынша 144 елдің арасынан – жоғары позицияны (14 орын) алса, бизнесті жүргізу рейтингісі бойынша 185 елдің арасынан – жоғары позицияны (17 орын) ұстанып отыр, оның ішінде кәсіпорындарды тіркеу (3 орын), инвесторларды қорғау (5 орын), салық салу (8 орын), кәсіпорындарды жою (3 орын). Канада электрмен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша ең төменгі позицияда (156 орын), ал ішкі жалпы өнім мөлшері бойынша 192 елдің арасынан – жоғары позицияға (11 орын) тұрақтанған.
– Қазақстан Республикасы жоғарыда берілген кестелердегі талдаулар барысында келесі рейтингтерге ие болып отыр: мемлекеттік басқарудың сапасы көрсеткіші бойынша 215 елдің арасында – төменгі позиция (14 орын), электронды үкіметті дамыту деңгейі бойынша 193 елдің арасынан салыстырмалы түрде – жоғары позиция (38 орын), сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 176 елдің арасынан – ең төменгі позиция (133 орын), жаһандық бәсекеге қабылеттілік көрсеткіші бойынша 144 елдің ішінен – орта позиция (51 орын). Бизнесті жүргізу рейтингісіне келетін болсақ, 185 мемлекеттің арасынан – жақсы позицияны (47 орын) ұстануда, оның ішінде салық салу (13 орын), жеке меншікті тіркеу (29 орын), инвесторларды қорғау (10 орын), контрактілерді орындауды қамтамасыз ету (27 орын), бірақ құрылыс салуға рұқсат алу (147 орын) және халықаралық сауда (176 орын) көрсеткіштері бойынша – төменгі позицияда орналасқан. Дегенменде, ішкі жалпы өнім мөлшері бойынша 192 елдің арасынан – жақсы позицияда (49 орын).
Қазақстан Республикасы және Канаданың мемлекеттік басқару жүйесіне жүргізілген салыстырмалы талдаудың негізінде, мемлекеттердің дамуының тенденцияларын байқауға болады. Соған қарамастан, Канадаға бизнесті жүргізу рейтингісіндегі электрмен қамтамасыз етуге қосылу көрсеткішін жақсарту қажеттігі туындайды. Ал Қазақстанға келетін болсақ, оған инновациялық потенциалды, қаржылық нарықты, компаниялардың бәсекеге қабылеттіктерін, халықаралық сауданы, құрылысты салуға рұқсат алуды дамыту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді тетігін әзірлеу мәселесі өзектілігін арттырып отыр. Жүргізілген талдаудан алынған нәтиже – Канаданың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәжірибесін, әлемдік деңгейде ұстанып отырған жекелеген жоғары көрсеткіштерін зерттеу арқылы, оны Қазақстанға енгізу мүмкіндігін ескеруге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz. (17.09.2013)
-
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі Тұжырымдамасы туралы» 2011 ж. 21 шілдедегі №119 Жарлығы
-
Система государственного управления Канады. Интернет – ресурс: http://www.gmu-countries.ru
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы / 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған (7 қазан, 1998 жылғы № 284-1, 2007 ж. 21 мамырда № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге) // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. – 1996. - № 4. – 217-қ.; 1998. - № 20. – 245-қ.; 2007. – № 10. – 68-қ., 02.02.2011. - №403-ІҮ.
-
Результаты исследований Всемирного банка по оценке качества государственного управления в странах мира. Интернет-ресурс: http://www.worldbank.org/
-
Результаты исследований Организации Объединенных Наций по формированию глобального рейтинга стран мира по уровню развития электронного правительства. Интернет-ресурс: http://www.unpan.org
-
Результаты исследований по восприятию уровня коррумпированности государственного сектора Международной организации Transparency International. Интернет-ресурс: http: //cpi.transparency.org/
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы : Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 1997 жылғы 10 қазан // Егемен Қазақстан. 1997. 11 қазан.
-
Результаты исследований по индексу глобальной конкурентоспособности Всемирного экономического форума Интернет – ресурс: данные исследований. Источник: http://www.weforum.org/gcr
-
Результаты исследований Всемирного банка и Международной финансовой корпорации Doing Business. Интернет- ресурс: http://doingbusiness.org/
-
Результаты исследований по глобальному рейтингу стран и территорий мира по показателю валового внутреннего продукта Всемирного банка http://www.worldbank.org/
-
Результаты исследований по индексу человеческого потенциала Всемирного банка. Интернет-ресурс: http://hdr.undp.org/
Достарыңызбен бөлісу: |