Материалдар мен әдістер. Осы ретте біздің елімізде де жаратылыстану бағыты пәндерін тереңдетіп оқыту мәселесі қайта көтерілді. Оның бірден бір дәдел 2022 жылдан бастап мектеп түлектері ақпараттық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік және информатика педагогтерін даярлау білім беру бағдарламадары аясында таңдау пәні ретінде информатика және математика комбинациясы бойынша тест тапсырады. Бұл дегеніміз информатика пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру тікелей мұғалімдердің жауапкершілігіне өтеді. Дәстүрлі білім беруде мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, барынша білім беруге талпынады. Десе де, оқушыларды белсендендіруге негізделген оқытудың тиімді цифрлық технологиялары педагогтің жəне оқушылардың рөлін айтарлықтай өзгертеді, яғни педагогтің қызметі білім алушының білім берудегі белсенділігіне жол береді.Мұғалімнің алдына келген әр оқушының ойлау қабілеті әртүрлі болады, мәселен кейбірі шапшаң ойлап, жылдам жұмыс атқарса, кейбірі оқу материалын баяу қабылдайды. Мұғалімге мұндай оқушыларға тапсырманы қайта ыңғайлап қарастыруға тура келеді. Осы тұста мұғалімнің іс- тәжірбиесінің ерекше тұсы - сабақты түрлендіріп жүргізіп, оқушы жүрегінен жол таба білуі. Оны жүзеге асырудың бір жолы- заман талабына сай осы цифрлық технологияларды тиімді қолдану. Қазіргі таңда ұстаздарға әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында түрлі білім беру платформалары (smk.edu.kz, cpm.kz, bilimland), интернет ресурстары бар.
Десе де, елімізде информатика пәнін оқытуда кеңінен қолданысқа түскен платформаларға тоқталып өтейік.
Daryn Online платформасы - оқыту 2 форматта өтеді:
синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;
асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.
Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады.
Күнделік платформасы - 2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Информатика пәні бойынша сабақ жоспарлары мен тесттік тапсырмалар берілген.
Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы – 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді болды. Мұнда оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасалуы тиіс. Информатика пәні бойынша көптеген интерактивті тапсырмалар жинағы ұсынылған.
LearningApps.org платформасы мынадай мүмкіндіктер береді:
интерактивті оқыту;
интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;
модульдерді жылдам құру және өзгерту;
тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;
онлайнда оқу, жаппай тегін қолдану.
iTest сайты – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағына және қорытынды аттестаттауға дайындалуға мүмкіндік беретін виртуалды жаттықтырғыш. Cайт ресурсқа арнайы құрастырылған бірегей сұрақтар базасынан тұрады. Қазіргі таңда деректер базасында информатика пәні қосылып, сұрақтар мен тапсырмалар жинағы енгізілуде.
Edraw Max бағдарламасы - Кембридж университетінің аға лекторы, PhD Ұлыбританиялық Элейн Уилсон "Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін сабақтарда сандық технологияларды қолдану" тақырыбындағы еңбегінде таныстырылымдардың жұмыс әдістерінің ең тиімдісі болып табылатынын және оқушылар жұмысын постерде бейнеленген гөрі тұжырымдамалық картаны қолданған жағдайда ерекше көрінетінін атап көрсеткен. Сонымен қатар тұжырымдамалық картамен жұмыс жасауға арналған бағдарлама мүмкіндіктеріне тоқталған [1]. Edraw Max бағдарламасында инфорорматика пәні оқытуда постерлердің, тұжырымдамалық карталардың дайын шаблондарын пайдаланған өте тиімді.
Kahoot бағдарламасы - пәндер бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында тарау, тақырып соңында тест жұмыстарын жүргізуге болады. Тест тапсырмасының құрылымын түрлендіріп сәйкестендіру тесті, бір дұрыс жауап немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тесттер, сурет түрінде т.б. берілген тапсырмалар түрінде құрастыруға болады. Kahoot бағдарламасы кең қолданыста, барлық пәндер үшін жиі қолданылады. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу үшін интернетке қосылу керек. Бұл сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге болады.
Бүгінгі жаһандану заманында жоғарыда көрсетілген үлгідегі цифрлық ресурстарды информатика пәнін оқытуда кеңінен қолдансақ, мектеп оқушыларын жаңа белестерге көтерілуге алп келері сөзсіз. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын кəсіби жағдайдағы жүйелі іс-қимылдарға дайындауға, ақпараттың үнемі өсіп келе жатқан ағымымен жұмысты жүзеге асыруға, өз қызметін талдау мен жоспарлауға, белгісіздік жағдайындағы іс-əрекеттерге, өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу жəне өзін-өзі дамыту), сондай-ақ шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған орай Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназияның 11 «А» сыныбында цифрлық ресурстарды қолдана отырып, «Заттар интернеті» деген не?» тақырыбында сабақ өтілді. Сабақ барысында Оpiq.kz, LearningApps.org және Kahoot бағдарламалары қолданылды. Сабақтың теориялық бөлігі видеосабақ және Оpiq.kz порталы арқылы түсіндірілді. Тапсырмалар Оpiq.kz және LearningApps.org платформасы арқылы берілді. Сабақты Kahoot бағдарламасымен қорытындылады [1,2 сурет].
Сурет 1. LearningApps.org платформасындағы тапсырма
Сурет 2. Оpiq.kz порталындағы тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |