ӘОЖ: 378 [37. 035: 37. 013] Қолжазба құқығында Иманбетов Аманбек Нұрқасымұлы



бет2/2
Дата27.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#27997
түріДиссертация
1   2

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып, «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасының мазмұны анықталды.

Курс бағдарламасын жасау барысында қоғамның саяси-әлеуметтік, қазіргі саяси-әскери өзгерістер, мемлекеттің әскери-қорғаныс доктринасының мақсаты мен міндеттері, егемен еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғаудағы әскери іс-әрекеттерге қойылатын талаптар ескерілді. «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негіздері» атты арнайы курс бағдарламасының мақсаты студенттердің ұлттық дәстүрлерге, ата салтқа, туған өлкесіне, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру болды.

3-кезеңде «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курсты оқытудағы тәрбиелік іс–шаралар жүйесі (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, т.б. жарыстары) іске асырылды.

Сонымен бірге біз зерттеу барысында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді кешенділік, әрі жүйелілік тұрғысынан жүзеге асыру қажеттілігін түсіне отырып, оќытушылардыњ паториоттық тәрбие беру бойынша кєсіби іс-єрекетін жетілдіру мақсатында «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты семинар бағдарламасын жасап (кесте 3), оны әдістемелік бірлестік деңгейінде ұйымдастырдық.
Кесте 4 – «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты семинар бағдарламасының мазмұны


Тақырыптар аттары

Сағат саны


Патриоттық тәрбие туралы түсінік

2

Студенттерге патриоттық тәрбие берудегі ұлттық тәрбиенің ролі

2

Студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қоршаған ортаның әсері

2

Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу

2

Студенттерге жауынгерлік негізде патриоттық тәрбие беру

2

Қазақ халқының қаһармандық ерліктері негізінде патриоттық тәрбие беру

2

Студент жастардың бойында ұлттық рухты қалыптастыру

2

Барлығы


14

Эксперименттік топ студенттерімен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында патриоттық тәрбиенің қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері эксперименттік топ студенттерінде патриоттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейін әр уақытта жоғарылатуға мүмкіндік беретін біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Студенттердің қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбиелілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды (сурет 5). Кестеде қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) эксперименттік топ студенттері мен бақылау топ студенттерінің арасында көп айырмашылық бар. Эксперименттің басында (сурет 6, кесте 5) және соңында (сурет 7, кесте 6) алынған бақылау кесінділерінің нәтижелері қалыптастыру эксперименті барысында жүргізілген жұмыстың елеулі өзгеріс әкелгенін көрсетті.



Сурет 5 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиелілік компоненттерінің даму көрсеткіші (қалыптастырушы эксперимент нәтижелері)
Кесте 5 – Студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің деңгейлері (анықтаушы эксперимент нәтижелері)


деңгейлер топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ


8,33%

29,17%

62,5%

Бақылау тобы


14,55%

30,91%

54,54%


Сурет 6 - Студенттердің патриоттық тәрбиелілігі деңгейлерінің қалыптасу көрінісі (анықтауыш эксперимент)


Кесте 6 – Студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің деңгейлері (қалыптастырушы эксперимент нәтижелері)


деңгейлер

топтар


жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ

42,5%

32,5%

25%

Бақылау тобы

15,45%

40%

44,55%


Сурет 7 – Студенттердің патриоттық тәрбиелілігі деңгейлерінің қалыптасу көрінісі (қалыптастыру нәтижелері)

Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша студенттердің патриотттық тәрбиелілік деңгейі эксперименттік топта 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында - 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында - 40 пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады. Бақылау тобында эксперимент басында төменгі деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады.

Сонымен ж‰ргізілген тєжірибелік-эксперименттік ж±мыстыњ нєтижелерін талдау қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі жоѓары оќу орындарында пайдаланудыњ тиімділігін кµрсетіп, біздіњ зерттеуіміздіњ ѓылыми болжамыныњ д±рыстыѓын дєлеледеп берді.



Зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп, іс-тәжірибеде алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің деңгейі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, студент тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары анықталды;

  • студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерінің мәнін ашуға мүмкіндік туды;

  • қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық моделінің негізделуі осы тәрбие процесінде патриот маманның тұлғасының қалыптасуына нақты жағдай туғызады;

  • студенттерге қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды қолдану студенттердің патриоттығын қалыптастырудың тиімділігін арттырды;

  • біз ұсынып отырған қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру моделі студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы негіздерімен шектелмей, қазақ халқының дана тұлғаларының мұрасын танып білуге, қастерлеуге жол аша отырып, толыққанды патриот студент тұлғасын қалыптастыруға негіз болды.

Жоғарыда келтірілген теориялық қағидалар мен іс-тәжірибе жұмысының нәтижелерін пайдалануға төмендегідей ұсыныстар беруге негіз болды:

  • жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беруде, қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдануда «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын пайдалануға болады;

  • республикамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттылығын арттыру үшін газет-журналдар шығарылып, телехабарлар ашылып, тұрақты беріліп тұрса тиімді болады;

  • студенттерге патриоттық тәрбие берудің негізінде қазақ халқының ұлттық ойындары ғылыми тұрғыда зерттеліп, қазақ этнопедагогикасына байланысты зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, басқарылып үйлестіріліп отырса, педагогика ғылымына қосылған үлес болар еді.

Біз зерттеу жұмысында алға қойған мақсатты орындадық, бірақ диссертацияда қазақ этнопедагогикасына байланысты барлық мәселелерді толық қамтыдық деп айта алмаймыз. Өйткені қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарда зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде дегіміз келеді: студенттерді кәсіби даярлауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру жолдары; студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасын негізге алу; бастапқы әскери дайындық мамандығына дайындауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру сияқты тағы басқа мәселелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге болады. Бұл ғылыми жұмыстарды зерттеушілермен бірлесе отырып, жүзеге асырсақ, қазақ этнопедагогикасы ғылымына қосылған сүбелі үлес болар еді.

Диссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері төмендегі еңбектерде көрініс тапты:
1 Әскери ойындардың ұлттық ойындардан ерекшелігі және патриоттық тәрбиедегі алатын орны мен маңызы //Адам денсаулығының және қоршаған ортаның қалыптасуының актуалды мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. - Қарағанды, 2002. - Б.110-112. (Ж.Жолымбетовпен авторлық бірлестікте).

2 Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. -2003. - №4 (32) - Б.212-215.

3 Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6. - Б.3-5.

4 Қазақ этнопедагогика құндылықтарын патриоттық тәрбиеге қолдану. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. - Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.234-235.

5 Жаңа қоғамдағы студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.235-237.

6 Салт-дәстүрлермен ұлттық ойындар негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, педагог, ойшыл: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2005. - Б.57-59.

7 Жастардың бүгінгі таңда қылмысқа баруы және олардың алдын алу шаралары //Жастардың және қазіргі заманның өзекті мәселелері: ІІ аймақтық жас зерттеушілерінің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. -Қарағанды, 2003. -Б.250-252. (Б.Нұрлановпен авторлық бірлестікте).

8 Жеке сайыс және оқыту әдістемесі. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2003. - Б.12. (Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

9 Саптық дайындық. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.12. (Н.Р.Рамашов, А.Ж.Күлейменовпен авторлық бірлестікте).

10 Кәсіптік-педагогикалық іс-тәжірибе. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.20. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

11 Жаттығу практикасы. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. Қарағанды, ҚарМУ. 2004. -Б.15. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).

12 Спорттық күрес әдістемесінде патриоттық тәрбие: Әдістемелік нұсқау. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.33.

13 Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2004. - №4(36). - Б.160-163. (Ж.Ш.Балкеновпен авторлық бірлестікте).

14 Студенттерге ұлттық ерлік негізінде патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістері //Жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми-конференция материалдары. Т.15. Жас ғалымдар. - Павлодар, 2005. -Б.144-147.

15 Қазақ мемлекетінің идеологиясында жастарға патриоттық тәрбие беру //Білім саласындағы инновациялық технологиялар. Қазіргі кездегі дамуы және келешегі: Республикалық ғылыми-методикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2005. - Б.226-229.

16 Қазіргі қоғамда халықтық педагогика негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғыылми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.68-70. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).

17 Жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы. //Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспектива: Материалы республиканского научного практического конференции. - Астана, 2005. - Б.53-55.

18 Оқу-тәрбие үрдісінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Моделирование профессиональной деятелности в условиях информационной инфраструктуры: Сборник научных трудов. - Караганда, 2005. - С.228-231.

19 Студенттердің бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселелері //Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б.184-186. (Е.Ж.Қожамжаровпен авторлық бірлестікте).

20 Студенттерге Отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру: Әдістемелік нұсқау. – Қарағанды: ҚарМУ, 2006. - Б.26.

21 Студенттерге халқымыздың ерлік дәстүрлері негізінде патриоттық тәрбие беру //Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - №2. - 2006. -Б.179-183.

22 Патриот студенттер тәрбиелеу-уақыт талабы //Павлодар мемлекеттік университеті хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №2. - Б.107-115. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).

23 Қазақ этнопедагогикасында студенттерге патриоттық тәрбие берудің кейбір мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №4. - Б.166-170. (Қ.М.Арынғазинмен авторлық бірлестікте).

Резюме
Иманбетов Аманбек Нуркасимович


Патриотическое воспитание студентов на основе казахской этнопедагогики
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика

Актуальность исследования. В Послании «Казахстан - 2030» Президент страны Н.А.Назарбаев обозначил основные направления устойчивого развития страны.

Одна из основных задач системы образования – воспитание гражданина, патриота своей страны. Поэтому «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» являются показателем воспитанности студентов. Необходимость воспитания патриотизма у студентов высших учебных заведений с учетом этнических особенностей народа, на примерах подвигов народных героев подчеркивает актуальность проблемы исследования.

В условиях формирования новой государственности эта проблема требует переосмысления целей и задач, содержания, форм и методов патриотического воспитания. Поэтому не случайно в «Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы» воспитание казахстанского патриотизма определено как одна из приоритетных задач всей системы образования.

Вопросы воспитания казахстанского патриотизма рассмотрены в работах многих ученых. Однако, недостачная разработанность проблемы воспитания патриотизма на основе казахской этнопедагогики требует соответствующих научных исследований.



Объект исследования: процесс патриотического воспитания студентов высших учебных заведений.

Предмет исследования: патриотическое воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики в вузах.

Цель исследования: теоретическое обоснование патриотического воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики и разработка ее методики.

Методы исследования: анализ исторической, психолого-педагогической литературы по проблеме исследования; наблюдение за учебно-воспитательным процессом подготовки специалистов; анкетирование, беседы, дискуссия со студентами; моделирование; педагогический эксперимент; математические и статистические методы обработки полученных результатов.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

  • раскрыты теоретические основы использования казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании студентов высших учебных заведений;

  • определены особенности «казахстанского патриотизма» и «национального патриотизма» и уточнены их определения;

  • разработана теоретическая модель патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики;

  • разработана методика патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики.

Практическая значимость исследования состоит в разработке и внедрении:

  • спецкурса «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері»;

  • типовой программы «Әскери патриоттық тәрбие берудің негіздері»;

  • программы семинара для преподавателей «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру»;

- при изучении спецкурса «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» разработаны система мероприятий (соревнования по «қазақша күрес», «тоғызқұмалақ», «садақ ату», «аударыспақ», и т.д.).

Область применения: полученные научные результаты могут быть использованы в педагогическом процессе вузов.

Дальнейшая теоретическая и практическая разработка исследуемой проблемы может быть продолжена в рассмотрении путей патриотического воспитания в професиональной подготовке студентов на основе казахской этнопедагогики, формирования политических взглядов студентов средствами казахской этнопедагогики, использования средств казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании будущих специалистов начальной военной подготовки.

Summary
Imanbetov Amanbek Nurkasimovich
Training students in patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics
13.00.01 – General pedagogics, history of pedagogics and education, ethnopedagogics
Actuality of research theme is that the President of our Republic N.A.Nazarbaev marked in strategy «Kazakhstan – 2030» the principal directions for stable development of country.

One of the main problems in the system of education – upbringing of citizen, patriot of his country. And so «kazakhstani-patriotism», «national- patriotism» is significant breeding of students. Necessity upbringing students’ patriotism in high educational institutions to take into consideration ethnic peculiarities of people, to cite as an example peoples epic of heroism stress the actuality of research problem.

On condition that forming new State system this problem demands to understand aims and tasks, contents, forms and methods of patriotic upbringing. That’s why not by chance «State program for developing education in Republic Kazakhstan – 2005-2010» upbringing kazakhstani patriotism determinate as one of priority tasks of all system of education.

The question of upbringing kazakhstani patriotism discussed in the works of many scientists. However, inadequacy elaborations of the problem in patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics demands in accordance with scientific research.



The objective of the investigation: is the students’ patriotic upbringing at high educations.

The subject of investigation is: content of the students’ patriotic upbringing at high educations on the basis of Kazakh ethnopedagogics.

The purpose of the investigation: theoretical basis and practical elaboration of students’ patriotic upbringing on the heritage of Kazakh ethnopedagogics.

Methods of reasearch:Historical analysis,psychology-pedagogics literature by the problem;using methods of research to solve tasks and checking hypothesis; observation for training-educational process preparation for specialists; conducting special course and its analysis;modelling; checking accordance with the objective of the investigation of the methodical system and its efficacious in the process of experimental work; mathematical and statistical methods of treatment obtained results.

Scientific novelty and theoretical importance of the investigation:

characterized degree of research the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics;

defined upbringing possibilities of patriotic upbringing, exposured peculiarities of kazakhstani patriotism and national patriotism and elaborated their definition;

worked out theoretical model and the ways for realizing the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogis;

effectiveness the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics was proved with the results of experimental work;

Practical importance of the investigation is that developed by the author and applicated in the institution of higher educational process:

special course «On the basis of Kazakh ethnopedagogics patriotic upbringing»;

standard program «On the basis of military patriotic upbringing»;

seminar for teachers «On the basis of patriotism the students’patriotic upbringing»;

Тhe results of research can be used at teaching process of high pedagogics institutions.

During studying «On the basis of Kazakh ethnopedagogics patriotic upbringing» organized and conducted competition by«Kazakh’s wrestling», «Togyzkumalak», «sadak atu», «audaryspak» and so on.

The results of research can be used at teaching pedagogical process of high institutions.

Further theoretical and practical working out of research problem can be offered in discussing the ways of patriotic upbringing vocational training students on the basis of Kazakh ethnopedagogics, forming political points with the aids of Kazakh ethnopedagogics, using aids of Kazakh ethnopedagogics in patriotic upbringing future specialists of elementary patriotic training.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет