Тақырыптың тарихи маңызын ашу мақсатында мемлекеттік мекемелер басшылары мен салалық мамандардың қоғамдық жиындарда сөйлеген сөздері, мақалалары мен кітаптары да пайдаланылды. Мемлекеттік-өндірістік құрылыстағы сан алуан ұйымдастырушылық қызмет түрлеріне, қоғамдық ғылымдардың ролін арттыруға, соның ішінде жұмысшыларды тәрбиелуде жалпы және кәсіби білім беру жүйелерінде жинақталған тәжірибелерге байланысты өзекті проблемалар барынша тиянақты талданды.
1970 - 1979 жылдардағы бүкілодақтық халық санағы, республикалдық статистикалық жыл сайынғы ақпарат қоры, КСРО және Қазақстанның өнеркәсібі еңбек және мәдени құрылысы туралы жинақтар, республиканың атаулы мерзімді мерекелеріне байланысты жарық көрген материалдар сыни тұрғыдан талданды.
ХХ ғасырдың 60-80 жылдары металлургия кәсіпорындарында Қазақ КСР Ғылым академиясы, Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қарағанды металлургия институты, республикалық түсті металлургия Министрлігінің еңбекті ғылыми ұйымдастыру орталығы жүргізген бірнеше әлеуметтік бағыттағы зерттеу материалдары да дерек ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің деректік қорын мұрағаттар, монографиялар, диссертациялық зерттеулер, өндіріс басшылары мен билік буындары жетекшілерінің, озат жұмысшылардың естеліктері мен жеке сұхбат мәліметтері, мерзімдік басылымдар, есеп-жинақ орындарының материалдары, құжаттық жарияланымдар құрады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының, металлургия өндірісі орналасқан аймақтардың мұрағаттары материалдары кеңінен пайдаланылды. Тың деректерге қол жеткізіп, ғылыми айналымға енгіздік. Нәтижесінде жұмысшы металлургтерді жалпы білім және кәсіби даярлауды көтерудегі кәсіпорын ұжым жетекшілері атқарған жұмыстарды, салалық министрліктердің басқару жүйесінің түрлері мен әдістерін, кешенді шараларын талдауға мүмкіндік ашылды.
Металл өндірісін дамыту, шикізатты пайдалануды қамтамасыз ету тәжірибесін көрсететін құнды деректер РФ-ның 3, ҚРОММ мен облыстық мұрағаттарынан, республика түсті металлургия Министрлігінен, «Казчермет» мұрағаты, 9 кәсіпорын мұрағаттары қорларынан алынды
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
-Отандық тарихнамада тың деректерге талдау жасау арқылы КСРО тұсындағы Қазақстандағы металлургия өндірісіндегі жұмысшы кадрларын қалыптастыру мен олардың жалпы білімі, кәсіби дайындық дәрежесін, өндірістік шеберлігін арттыру мәселелері кешенді түрде талданып баяндалды;
-Металлургия саласы жұмысшыларының мәдени-техникалық дәрежесі тұңғыш рет жаңаша көзқараспен зерттелді;
-Өндірістік саясат үдерістерінің қарқыны, сипаты, бағыттары тың деректер негізінде талданды;
-Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жалпы білім мен кәсіби дайындығы талданып, оны Қазақстанда индустриялық-инновациялық стратегияны дамытуға бағытталған шаралармен етене ұштастыру жолдары көрсетілді;
-Қазақстан индустриясының әлемдік беделінің өсуі мен аймақтық геосаяси ахуалға позитивті ықпалының артуы дәлелденді;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеуге алынған хронологиялық шеңбердегі металлургия өнеркәсібі саласы үшін жұмысшы кадрларын даярлаудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын зерделей отырып, мынандай тұжырымдар жасалады:
-өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы білімі мен рухани деңгейін жетілдіру бағытындағы қабылданған мемлекеттік шаралардың мазмұны мен мақсаты және әдістері сол кезеңдегі міндеттерді шешуде ерекше орын алды;
-республика көлеміндегі металлургия өнеркәсібі саласының өткен ғасырдың 60 жылдарындағы реформа барысында жоспарлау ісі қайта құрылып, еңбек материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандырылып, тәртіп пен жауапкершілік нығайып, салада елеулі өзгерістер орын алды;
-жұмысшылардың жалпы білімін арттыру өндірістік, саяси-көпшілік шараларында орын алған үкіметтік және саяси-қоғамдық орындарының қызметінің арқасында және осы органдардың ұйымдастырушылық жұмысының нәтижесінде жүзеге асты;
-өндіріс ұжымдарындағы жұмысшылар арасындағы жүргізілген саяси–тәрбиелік шаралардың ерекшеліктері мен мақсаттары проблеманы шешуге белгілі бір деңгейде ықпалын тигізді;
-жұмысшы металлургтерді даярлауда кәсіптік–техникалық училищелер маңызды роль атқарды;
-индустриялық ұжымдардағы өндіріс жұмысшыларын кәсіби тұрғыдан даярлау және олардың мамандығын жетілдірудегі шаралар тиімді нәтижелер берді;
-металлургия кәсіпорындары жұмысшыларының жалпы мәдениеті мен техникалық дәрежесін көтеруде еңбек ұжымдарында әлеуметтік даму жоспарларының негізгі бағыттары айқындалып олар оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Диссертацияның тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері бойынша алынған ғылыми қорытындылар мен жасалынған тұжырымдамалар ХХ ғ. 60-80 ж.ж. Қазақстан металлургия өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының тарихының даму ерекшеліктерін толық ашып көрсетуде зор мүмкіндік береді.
Диссертацияда пайдаланылған материалдарды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту барысында дәрістік және семинар сағаттарында, сондай-ақ, осы зерттеу мәселесі бойынша жүргізілетін арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, жұмыста келтірілген статистикалық деректер мен мұрағат құжаттарын қарастыруға алынған аймақтардың тарихын зерттеулерде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасында дайындалып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған дәстүрлі конференцияларына ұсынылып, талқыға түсті. Осымен қатар зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне енген журналдарда жарық көріп, сыннан өтті.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі көрсетіліп, мәселенің зерттелу деңгейі сараланады. Зерттеудің мақсат міндеттері, негізгі нысаны, хронологиялық шеңбері, методологиясы, деректік негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары мен тәжірибелік маңызы айқындалады.
«Металлургия өнеркәсібі дамуының басты бағыттары мен ондағы мемлекеттік ұстанымдар» атты бірінші тарауында, республиканың металлургия өнеркәсібін жедел дамытудағы мемлекеттік және салалық іс-шаралар, металлургия өнеркәсібін шоғырландыру мен өндіріс бірлестіктерін құру мәселелері, өнеркәсіп жұмысшы кадрларының жалпы білім деңгейін көтеру бағытындағы атқарылған істер зерттеліп мынадай ретпен тұжырымдалған:
-партиялық мемлекеттік басқару жүйесі қабылдаған шаралар арқасында республиканың бүкілодақтық еңбек бөлінісіндегі өзіндік үлесі артты;
-Қарағанды-Теміртау, Шығыс Қазақстан, Шымкент-Кентау, Балқаш маңы және Қостанай-Лисаковск аумақтық-өнеркәсіп кешеңдерінің қалыптасуы республиканың келелі проблемаларын шешуде жасалған аса маңызды қадам болды;
-металлургия кәсіпорындарының өнімі әлемнің дамыған және даму жолындағы барлық мемлекеттеріне таныла бастады;
-Өскемен комбинатының қорғасыны мен мырышы, Балқаш тау-кен комбинатының катозды мысы дүние жүзілік сапа эталоны түсті металдардың Лондон биржасында ең жоғары дәрежедегі баға алған;
-сала өнімдерінің жүздеген түрі сапа белгісіне жетті;
-Қазақстанның үлесіне жалпы одақ бойынша өндірілетін мыс пен мырыштың анағұрлым бөлігі, қорғасының жартысынан астамы, алюминий токтығының төрттен бір бөлігі тиді. Балқаш және тау-кен металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Лениногор Ащысай полиметалл комбинаттары елімізде осы заманғы өндіріс ұйымдастырудың үлгісіне айналды;
-Қазақстан Магниткасы мен Соколов-Сарыбай комбинатын салу – бүкіл КСРО және Қазақстанмен шекаралас индустриалды кәсіпорындардың қарқынын ұлғайтуға жол ашты. Дөң тау-кен байыту комбинаты, Ақтөбе және Ақсу /Ермак/ ферроқорытпа зауыттары саланың жетекші кәсіпорындарына айналды;
-металл өндіруші саланың зерттеу кезеңіндегі дамуы республикада қарқын алған өндіріс ұжымдарын жұмысшы және инженер-техник мамандарымен әруақытта толықтырып отыру мәселесін өткір қойды. Зерттеліп отырған тарихи кезеңнің тағы бір ерекшелігі билік орындарының жедел қарқынмен дамыған өнеркәсіпті аудандарды кәсіби дайындығы бар жұмысшылармен қамтамасыз ету шараларын бір жүйеге келтірудегі үздіксіз қызметі болып табылды;
-ресми билік тарапынан өндірісшілердің ой-өрісіне ықпал етіп сана сезімін кеңейтуге біршама ұмтылыстар жасалды. Мұндағы ұмтылыстар ретінде бұрын догматикалық сипат алып қатал сіресіп қалған стереотиптік шаралардың түрлері мен әдістері қайта жаңашаландырылып, идеялық тәрбиеге әлеуметтік тұрғыдан таңдау көзқарасы негіздері пайда болғанын, онда өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің саяси дайындығы, жалпы білім деңгейі, өмір тәжірибесі, ұлттық құрамы, мамандығы, жасы, қоғамдық және еңбек белсенділігі ескерілуі жөніндегі ұсыныстар мен талаптар кең өріс алғанын, осындай қозғалыстар көбінесе «Табысқа жететіндей үмітпен еңбекке ықпал ететін өз мүмкіндігіңді біл» деген ұранмен етек алғанын, идеялық әсер ету өнері – аудиторияға айрықша ықпал етудің үгіт насихатпен жеке тәрбие жұмысын үйлестірудің маңыздылығынан құралады деген ұрандар барынша өрістегенін айтуға болады.
«Сала жұмысшыларын өндіріс кәсібіне даярлау және олардың мамандығын жетілдіру тарихы» атты диссертацияның екінші тарауында, өнеркәсіп кадрларын дайындаудағы кәсіптік-техникалық училищелердің атқарған рөлі, кәсіпорындарында жұмысшы кадрларын даярлау мен олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру аясында атқарылған істер, бұл іске мұрындық болған кәсіпорындардың әлеуметтік даму жоспарлары жан-жақты талданып тарих методологиясы негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізген:
-сала кәсіпорындары жанында ашылған оқу формалары арқылы жұмысшылар кәсіптік шеберлігін көтеруі мен қатар ұжым мүшелері арасында техникалық білімді таратудың басқа да тиімді әдістерін пайдалануға әсер еткені дәлелденген;
-техниканы меңгерген және озат тәжірибелерді талдау, тарату кәсіби мамандандыру жөніндегі стратегиялық міндеттердің орындалуына негіз салып, қойған жоқ, сонымен қатар өндіріс көрсеткіштерін біршама дәрежеге жеткізуде шешуші рөл атқарды. Алайда, статистикалық деректерде білімін техникалық университеттерде, тақырыптық семинарларда, зауыт аралық үйірмелерде, техникалық шығармашылық мектептерінде т.б. көтергендер саны есепте болмағандықтан, бұл мәселеге байланысты бұл істің анығын көз алдымызға елестету қиынға соқты. Дегенмен, қоғамдық негізде ұйымдастырылған оқулар тікелей және жанама түрде жұмысшы-металлургтердің мәдени-техникалық деңгейін көтерудің негізгі құралы болғанын осы тараудағы зерттеу нәтижесі біршама анықтады деген тұжырым жасалған;
-Қазақстан металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында ұжым мүшелерінің мәдени-техникалық білімін көтеру ісі әлеуметтік даму жоспарда міндетті түрде орын алып, ол өз нәтижесін берді, өндірістің экономикалық тиімділігін көтеруге біршама ықпал етті. Әлеуметтік даму жоспарлардың өмірге келуімен бірге ұжымдағы шаралардың жаңа формалары, әдістері пайда болды, жұмысшылардың техникалық білімі жетіліп кәсіптік деңгейі кеңейгені көрсетілген;
-әлеуметтік даму жоспарлары ұжым мүшелерінің техникалық белсенділігін және мәдени-техникалық деңгейін көтеруге үлкен себепші болды. Өндіріс буындары арасында жаңашылдар қозғалысын дамыту мақсатында цехтар мен учаскелерде де аталмыш шаралар қанат жайғаны сипатталған;
-жұмысшылардың басым бөлігі еңбекте бәсекелестікке түсіп жоғары еңбек өнімділігіне ұмтылды, жұмысшы, қызметкерлер жаңа техниканы, еңбектің прогрессивті формаларын тәжірибеге енгізуге және тиянақты игеруге ұмтылды. Кәсіби шеберлікті көтеру міндеттері әлеуметтік даму жоспарларына енгізілгеннен кейін бұл істі жүргізу жоспар бойынша жүргізілді және өндіріс дамуының перспективасымен байланыстырылды, ұжымды дамытудың келелі мақсаттарына айналғаны дәлелденген;
-әлеуметтік даму жоспарларының табысты енгізілуі даярлықтың барлық жүйесін, жұмысшы-металлургтердің кәсіби шеберлігін көтеруді жетілдірді. Әлеуметтік дамуды жоспарлау ұжымдардағы әлеуметтік үрдістерді терең зерттеулер негізінде атқарылғаны мұрағат қорындағы тың деректер негізінде талданып дәлелденген;
-әлеуметтік даму жоспарларының табысты енгізілуі даярлықтың барлық жүйесін, жұмысшы-металлургтердің кәсіби шеберлігін көтерудің кепілі болды. Ұжымдардың әлеуметтік даму жоспарлары 70-шы жылдары жұмысшылардың сапа құрамын жетілдіру үрдістерінің маңызды факторына айналды. Бұрын өндіріс тарихында кездеспеген әлеуметтік саланың жоспарлануы және оның дер кезінде жүзеге асырылуы жұмысшылардың кәсіби мәдени-техникалық деңгейін көтеру негізінде көлемі мен сапасын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Сонымен қатар жұмысшылардың қоғамдық-саяси және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөніндегі шараларды жемісті орындаудың да кепіліне айналды;
-дерек көздері негізінде жан-жақты талдау арқылы құрылған сала және кәсіпорындардың әлеуметтік даму жоспарлары зерттеліп отырған өнеркәсіп жүйесінің кәсіпорындарында бір деңгейде өз мақсатына жете алмағаны да қажетті деректермен дәлелделген. Жоспардың толық орындалмау себептерін өндіріс ұжымдарының бірқатарында әлеуметтік даму жоспарларын құру барысында экономиканың даму заңдылығы толық объективті ескерілмеуінен, белгіленген шаралардың шеңбері шектеулі болғандығынан және басым көпшілігінің тек қана өндіріс міндеттерімен шектелгендігі аталған.
Қорытындыда диссертацияның мазмұнын айқындаған негізгі тұжырымдар мен ой-пікірлер берілген. Диссертациялық тақырыпты зерттеу нәтижесінде республика зерттелу объекттің хронологиялық шеңберінде металлургия өнеркәсібінің дамуында оның жұмысшыларының жалпы білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру ісінде орын алған тенденциялар мен ерекшеліктерді тұжырымдай келіп мынадай ұсыныстар жасалды:
біріншісі, еліміздің егемендігімен ере келген Отан тарихы-Қазақстан Республикасының тарихы бағдарламасына диссертация қамтыған жұмысшы кадрлардың жалпы және кәсіби дайындығын жетілдірудің сатылық кезеңдері енгізілсе, ол курста осы зерттелген тақырыптың басты мазмұнымен талданған басқа да проблемалардың бүгінгі күнге де қатыстылығы қамтылып, XXI ғасырдағы жалпы білім мен кәсіби даярлық мәселелері жөнінде болжамдар мен ой қорытындылары негізінде нақты ұсыныстар тұжырымдалса;
екіншісі, облыстық тарих-өлкетану мұражайларындағы ел өндірісі тарихына арналған экспозицияларда жұмысшылардың кәсіби өсу дәрежесі сол кезеңге сай республикада, өнеркәсіптік аймақтарда, облыстарда жұмысшы тобын қалыптастыру мен жұмысшы қозғалыстарын онан әрі дамытудағы ұйымдастырушылық, саяси-үгіт, мәдени-көпшілік жұмыстарының нәтижелері ақиқатты беттері шынайы көрсетілсе;
үшіншісі, мектеп оқушылары арасында кәсіптік-техникалық мамандыққа бағдарлау жұмыстарын белсене қолға алып жүргізілсе, өндірістік ұжымдармен оқу орындарының өзара байланыстарын онан әрі нығайту сол арқылы сала жұмысшыларының жаңа буынын қалыптастырып тәрбиелеуге күш салынса;
төртіншісі, баспасөз, үгіт-насихат құралдары, әдебиет пен өнер шығармаларында соңғы 20 жылдық қорында жалпы индустрияның даму тарихы, өндіріс ұжымдары мен олардағы кадрлар даярлау мәселелері жеткілікті жан-жақты талданып баяндалуына билік орындарының назары аударылса.
Жұмысшының Қазақстан өндірісін өркендетуде алатын орны, елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге көзқарасы, дүниетанымы, кәсіби психологиясы соңғы 20 жыл шамасында билік пен қоғам назарынан тыс қалуда. Сондықтан билік орындары мен саяси-әлеуметтік ғылым зерттеушілері тарапынан осы проблеманы зерттеуге және ұсыныстар жасауға түбегейлі бетбұрыс қажет. Жұмысшы мамандығына қоғамның әруақыт құрметпен қарауы үшін соған орай шығармашылық одақтар Өскемен, Шымкент, Теміртау, Жезқазған, Хромтау кәсіптік-техникалық училищелердің кешегі түлектері, бүгінгі ардагерлері туралы кинофильмдер, спектакльдер, кітаптар шығаруды қолға алуы керек.
Зерттеу барысында анықталғаны өнеркәсіп жұмысшыларының сапалық құрамын жетілдірудегі ұйымдастырушылық және саяси-үгіт қызметінің жаңа түрлері мен әдістерін жаңа деңгейге көтеру, өндірісті техникалық жарақтандыру мен технологиялық жаңарту арқылы жұмысшының жалпы мәдениет дәрежесінің үздіксіз болуы.
Қазақстан жағдайында өндірістік салаларды дамыту тәжірибесі бүгінгі таңда әлем аясында елеулі серпіліс туғызуда. Республика жұмысшы кадрларының өз әріптестерімен әлемдік қатынастардағы үлес салмағы біршама өсіп, дүниежүзілік көлемде айтарлықтай беделі артуда. Бүгінгі Қазақстан –кең қанат жайған ел, өндірісі өркендеген, ғылыми потенциалы биік, кәсіби біліктілігі жоғары әлеуметтік топ-қазақстандық жұмысшылардың сүйікті Отаны, Еуразиялық кеңістікте болашақтың сәулетті ғимаратын салып жатқан бірден бір мемлекет.
Қостанайдағы Соколов-Сарыбайдың және Лисаковскінің темір кені, Жезқазған мен Кенді Алтайдың түсті металы, Теміртау мен Ақтөбенің сала стандартына толық жауап беретін ферроқорытпасы әлемдік сауда нарығында үлкен сұраныспен пайдаланатын бірден бір республика, төл тарихымыздың әр кезеңінде елдің сенімді тірегі болған жұмысшы кадрлары жаңа сипат алып өсіп жатқан жасампаздық мекені. Жаңа мемлекет, жаңа қалалар, зауыттар, кен байыту комбинаттары мен шахталары, қуатты электрстансалары, қазіргі автострадалар елдің ертеңі үшін зор еңбек етіп жатқан үлкен өндіріс алаңы. Сол өндірісті өркендетуші, уақыттан-уақытқа, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші білікті маман, кәсіби тұлға қатардағы жұмысшы, орта және жоғарғы буын мамандары.
Бүгінде егемен мемлекет ретінде танылған Республикамыздың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылу үшін қазақстандықтар еліміздегі өндірістік салаларды жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр. Ол дәрежеге жетудің маңызды кепілінің бірі өз мамандығына жетік кәсіби даярлығы және жалпы білімі бар жұмысшы кадрларды қалыптастыру, тәрбиелеу және олардың қабілетін тиімділікпен өндірісте пайдалану.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңару арқылы - өркендеуге.// Ақиқат. 2007. - №1.
2 Асылбеков М.Х. Кемелденген социализм тұсындағы жұмысшы табының өсуі.- Алматы,-1980; ХХ ғ. 60-шы жылдарының басы мен 80-шы жылдардағы Қазақстандағы жұмысшы кадрлар: қалыптасуы, сан және сапа құрамы. КСРО тарихы журналы. -1986. -№10 , 22-32 бб; Асылбеков М.Х., Нұрмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Қазақстан индустриясының жұмысшы кадрлары қатарының өсуі. Алматы,-1976; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казіргі Қазақстандағы демографиялық үрдістер. -Алматы,- 1995.; Сапарбаев Б.К. Қазақстан өндірісінің дамуы. Әлеуметтік-демографиялық аспекті.- Алматы, -1995.; Уандыкова И. Индустрия саласында ұлттық кадрлардың қалыптасуы жәйі.-Алматы,- 1995.
3 Алтаев А.Ш. 1970-1980 жж. Қарағанды көмір өндіру саласындағы жұмысшылардың әлеуметтік дамуы. -Алматы, -1990.; Ташенев М.Ж. 1960-1985 жж. Қазақстан жұмысшы табы. -Екатеринбург, -1997.; Абдуллаев Н.А. 1950-1975 жж. Қазақстан индустриясы және жұмысшы кадрлары.- М, -1997; 1950-1975 жж. Қазақстан өндірісінің жұмысшы кадрларының қалыптасуы.- М,-1998.; Абдуллаев Н.А., Сагиндиков Е.Н. Қазақстан өндірісі мен оның жұмысшы кадрларының тарихы /1950-1975 жж/. -Актобе, -2005, К.И. Кужабергенова Деятельность Компартии Казахстана по дальнейшему повышению материального благосостояния и культурного уровня тружеников села между XXIV и XXV. съездами КПСС (1971-1975) Фрунзе-1988.
4 Ахметов А.Р. Рабочий класс Казахстана в борьбе за коммунизм.-Алматы, 1970.-205 с. Оныншы бесжылдықтың іс жүзіндегі әлеуметтік бағдарламасы. Алматы, -1976.- 120 б. Қазақстан жұмысшыларының шығармашылық қуатының гүлденуі.- Алматы, -1979.
5 Шаймуханов Д.А. Черная металлургия (Исторический очерк о становлении и развитии черной металлургии Казахстана.) под ред. Т.Катаева. «Казахстан». -Алма-Ата, -1966.- 215 с.
6 Соловьев А.В. Қазақстанның түсті металлургия өндірісі.- Алматы, -1972.-213 б.
7 Жамин В.А. Кемелденген социалистік қоғамындағы білім мен ғылымның әлеуметтік-экономикалық проблемалары. -М, Ғылым, -1979.-270 б.
8 Федоров О.Ф. Жұмысшы жастардың жалпы және кәсіптік білімінің өзара ара-қатынасы. -М, Ғылым, -1978.-210 б.; Федоров О.Ф., Исправников Б.Б. Өндірісшілердің кәсіби және жалпы білімі.-М, Ғылым,- 1977.- 190 б.
9 Броделис Я.Я. Жас жұмысшылардың идеялық-саяси тәрбие ісі.- М, «Высшая школа», -1973. -72 б.
10 Зиновьев М.Н. Коммунистік партия және жұмысшы тобының мәдени- техникалық деңгейін көтеру. -ЛГУ, -1977. - 313 б.
11 Абишева В.Н. Подъем културно-технического уровня рабочих Казахстана. -Алматы, -1975.-296 с.; Сармурзин А.Г. Қазақстан КП ұйымдарының кәсіптік-білім беру жүйесі арқылы жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі қызметі. -Алматы, -1976.; Шегай Т.В. Кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында жұмысшы кадрларды даярлау ісі.- Алматы, -1977.
12 Әшімбаев Т. Құнхожаев Н. Қазақстан КП-ның өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудегі қызметі. -Алматы, -1973.; Гуляев Н.А. Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлау мен оларды өнеркәсіпте пайдалану жәйі.-Алматы, -1981.-198 б.; Козьменко В.М. Өмір табалдырығын аттау шағында. -Алматы, -1980.-265 б.; Жастардың еңбек белсенділігі. -Алматы,-1982. -132 б.; Қазақстан жұмысшылар табы: қалыптасуы мен дамуының казіргі заманғы проблемалары. -Алматы, -1991. -248 б.
13 Даулбаев Н.Н. Қарағанды көмір бассейні. Тарихи очерк. -Алматы, -1970.-185 б.; Игенбаев А. Қарағанды металлургия зауыты /тарихи очерк;/- Алматы, -1963. -163 б.; Пан Н.Г. Соколов Сарыбай комбинаты. -Алматы, -1966. -210 б.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Жезказган – мыс қаласы. Тарихи очерк, 1966.- 112 б.;
14 КСРО жұмысшы кадрлары тарихнамасының өзекті мәселелері.- М, -1970. -368 б.; Ворожейкин И.Е. КСРО жұмысшылар табы тарихнамасының очеркі. –М,-1975.- 421 б.
15 Воскресенский И.В., Митрофанова А.В. Полетаев В.Е. Кеңестік жұмысшылар табының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. // КСРО тарихы журн. 1978.- №4. 15-29 бб.; Ежов В.А. КСРО жұмысшылар табы. Саяси-әлеуметтік очерк. -Л, -1974.- 257 б.
16 Ким М.П. Казіргі замандағы жұмысшы кәсібінің жетілу ерекшеліктері.-М, -1964.- 256 б.; Бейлина Е.Э. Жұмысшылар еңбек жарысының жаңа түрлері. М., 1970.- 245 б.; КСРО-дағы социалистік жарыс: тарихи очерктер. -Саратов,-1977. -234 б.; Лельчук В.С., Бейлина Е.Э. Ғылыми-техникалық революция тұсындағы КСРО өнеркәсібі мен жұмысшылары. -М, -1982. -169 б.
17 Михеенков В.П. Халық шаруашылығын реконструкциялау тұсындағы жұмысшылардың әлеуметтік құрамындағы өзгерістер /тарихнамалық проблемалар/.-Саранск,-1977.- 239 б.; Шафранова А.И. КСРО жұмысшыларының кәсіби құрамы.- М, -1972. -213 б.
18 Ворожейкин И.Е., Сенявский С.Л. Жұмысшы табы – кеңестік қоғамның жетекші күші: әдіснамалық және тарихнамалық мәселелер. -М, -1977.- 425 б.; Кеңестік жұмысшылар табы тарихының кейбір өзекті мәселелері // КСРО тарихы журн. -1977.- №2, 26-42 б.; Гордон Л.А., Назимова А.К. КСРО-ның жұмысшы табы: әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның болашағы.- М, -1985.- 212 б.; Клопов Э.В. КСРО жұмысшылар табы: ХХ ғ. 60-70 жж. даму тенденциясы. -М,-1985.-231 б.
19 Булгаков А.А. Профессионально-техническое образование в СССР. -М,-1972. -320 б.; Казанцев Ю.А. Украина жұмысшылары. -Свердловск,-1988. -197 б.; Сібір жұмысшылары. -Екатеринбург, -1992.- 251 б.; Тимофеев П.Т. КСРО ұлттық жұмысшы кадрларының қалыптасуы. –М,- 1982.- 345 б.; Өндірісті Орал аймағы жұмысшылары. -Екатеринбург, -1992.- 198 б.; Пономаренко Б.Г. Кәсіптік білім: тәжірибе, қайшылықтар, реформалық тенденциялар.- М, -1995.- 268 б.; Тельпуховский В.Б. Социалистік қоғамның дамуының жаңа сатысындағы жұмысшылары табы. -М, -1972.- 265 б.; Алексеев Г.М. Өндіріс және ғылыми-техникалық прогресс. -М,-1972.- 289 б.; Баранов М.А. СОКП және ғылыми-техникалық прогресс. -М, -1974.- 327 б.; Бейлина Е.Э. Жұмысшылар еңбек жарысының жаңа түрлері. -М, -1970.- 149 б.; Рогачевская Л.С. КСРО-дағы социалистік жарыс: тарихи очерктер.- С, -1977.- 205 б.; Уткин Э.А. Кемелденген социалистік қоғамдағы социалистік жарыс.-М,-1976.; Лебедева Н.Е. Социалистік жарысқа партиялық басшылық: бұрынғы және казіргі заманғы жәйі.- М, -1979.
Достарыңызбен бөлісу: |