Белсенді иммунитеттің ерекшеліктері
Белсенді иммунитет патогенді немесе патогеннің антигеніне әсер етуді талап етеді.
Антигеннің әсері антиденелердің пайда болуына әкеледі.
Белсенді иммунитет ұзақ уақытқа созылады. Ол жылдар бойы немесе бүкіл өмірге шыдай алады.
Белсенді иммунитеттің жанама әсері аз. Оны аутоиммунды аурулар мен аллергияға жатқызуға болады, бірақ көбінесе проблемалар туғызбайды.
Вакцияналарды еккеннен кейін кейбір жағдайда бірнеше жыл сақталатын белсенді иммунитет, ал кей жағдайда тек қана қысқа мерзімді қабылдамаушылық (6-12ай) пайда болады.Белсенді иммунизациялаудан кейін вакцина егілген адамның организмі сол аурудың қоздырғышына толық немесе ішінара қабылдамаушылық қасиетке ие болады.
1.Туберкулезге қарсы вакцина.
Бұл кезде БЦЖ егілген адамдардың жағдайы туберкулезбен ауырған және бақылау тобындағы адамдардың жағдайымен салыстырады.
2.Полиомиелит вакцинасы.
Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ.
ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері). ОПВ екрекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды.
ИПВ вакцинасы. Вакцина арнайы шприц – доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі.
ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді.
Осы жағдайға байланысты біздің еліміздің жопарында келешекте егудің ұлттық күнтізбесінде ОПВ ИПВ -ға ауыстырылады.
АКДС — ең бірінші рет шетелде 40 жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС – вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат
14. Пассивті иммунитет туғызатын препараттар. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндер енжар иммунитет түзу үшін қажет, оларды енгізгеннен кейінгі иммунитет бірнеше куннен 4-6 аптаға дейін сақталады. Тәжірибелік мақсатқа қарай оларды екі топқа бөледі: гомологиялық ( адам қан сарысуынан дайындалады ) және гетерологиялық (гипериммундалған хайуанаттардың қанынан алады). Бірінші топқа жататын препараттардың барлық дозасын бірден, ал сұйытылған. 0,1 мл жылқы сарысуын енгізеді, 20 минут реакциясын байқайды. Егер енгізген жердің қызару диаметрі 1 см және одан да үлкен болса, сынама оң нәтижелі деп есептеледі. Сынама теріс нәтижелі болғанда сарысуды тері астына 0,1 мл сарысу енгізуден бастайды, егер 30 минут ішінде ешқандай реакция болмаса, сарысудың қалған бөлігін бұлшық ет ішіне енгізеді. Емдік сарысудың аталған дозаларының біреуіне реакция пайда болса, оны наркоз арқылы енгізеді, ол кезде адреналин мен эфидрин құйылған шприцті дайындап тұру қажет.
Әсер ету бағыттылығына қарай препараттарды антитоксиндік, антивирустық, антибактериялық деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |