«Эпидемиология» пәні бойынша 3 курс «Стоматология» мамандығы бойынша жазбаша түрдегі емтихан сұрақтары I күрделілік деңгейі


Л. В. Громашевский жұқпалы ауруларды 5 топқа бөлді



бет3/8
Дата24.11.2022
өлшемі46.57 Kb.
#465658
1   2   3   4   5   6   7   8
ответы эпидем (2)

Л. В. Громашевский жұқпалы ауруларды 5 топқа бөлді:
І топ- ішек инфекцялары ( қоздырғыш ішекте орналасады және нәжіс – ауыз механизмі арқылы беріледі)
ІІ топ – тыныс жолдары инфекциялары (қоздырғыш тыныс жолдарының кілегей қабатында орналасады және аэрозольді механизммен беріледі)
ІІІ топ – қан инфекциялары (қоздырғыш қанда, лимфада орналасады және трансмиссивтік механизммен беріледі)
ІV топ – сыртқы қабат инфекциялары ( қоздырғыш көбінесе теріде және сыртқы кілегей қабаттарында орналасады және жанасу механизмімен беріледі)
V топ- әр түрлі механизмдермен берілетін және аз зерттелген инфекциялар
11. Жұқпалы аурулар кезіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың принциптері.
Індетке қарсы шаралардың бағыты және шаралар топтары:

  1. Инфекция қоздырғының көзіне бағытталған шаралар – клиникалық диагноз қою, оңашалау, емдеу және тәртіп шектеулік ( обсервация, карантин)

  2. Берілу механизміне бағытталған шаралар – санитарлық – гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық және стерилизациялық.

  3. Организмнің қабылдаушылығына бағытталған шаралар – иммундық алдын алу және иммунды түзету. Жедел алдын алу.

12. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы, анықтамасы.
Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесіндегі иммунопрофилактиканың орны.
Иммунопрофилактика ( әдейі алдын алу, вакциналық алдын алу, қан сарысулық алдын алу) – иммундық препараттарды ( вакциналар, глобулиндер, анатоксиндер) пайдаланып, жұқпалы аурулардың алдын алу әдісі және соның нәтижесінде халық арасында жұқпалы аурудың алдын алуға, сырқаттылығын төмендетуге көмек беретін иммунитеті жоғары топ құру. Иммунопрофилактика көптеген жұқпалы ауруларға қарсы күресте негізгі және жетекші әдіс болып табылады.
13. Белсенді иммунитет қоздыратын препараттар. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Белсенді иммундау- бұл организмге құрамында антигендері дәне уыты бар әлсіреген қоздырғыштан тұратын препарттарды енгізу(қызылша, дифтерия, полиомиелит, түйнеме, туляремия және т.б)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет