Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар


Вакцина мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сақтау және утилизациялау,тасымалдау кезіндегі санитарлық эпидемиологиялық талаптар.Суық тізбек



бет26/49
Дата24.11.2022
өлшемі170.3 Kb.
#465657
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
лекция по эпид

Вакцина мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сақтау және утилизациялау,тасымалдау кезіндегі санитарлық эпидемиологиялық талаптар.Суық тізбек.

Вакциналармен және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ереже
1) термоконтейнер – яғни жылу өткізбейтін қасиеттері бар және аузы тығыз жабылады, температуралық режим (температурасы плюс 2 о С-ден плюс 8 о С-қа дейін) оның қуысына мұздатылған мұздатқыш элементтерді орналастырып сонын көмегімен, вакциналарды тасымалдауға арналған жәшік болып табылады.
2) термоиндикатор – вакцина алушыға дейін вакцинамен бірге апарылатын және индикатордың түсін өзгерту жолымен вакцинаға температураның әсер етуін белгілейтін бақылау карточкасы болып табылады
3) салқындық тізбегі – олардың дайындаушы ұйымнан вакциналанушыға дейін жеткізу жолының барлық кезеңдерінде вакциналар мен басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарды сақтау мен тасымалдаудың термпературалық режимін қамтамасыз ететін, жұмыс жасайтын жүйе;
4)мұздатқыш элемент – пайдаланар алдында мұздатылатын және контейнерде температураны 2 о С-ден плюс 8 о С-қа дейінгі шекте қолдауға арналған, су толтыру үшін тұмшаландырылып жабылатын тығыны бар пластикадан немесе металдан жасалған ыдыс болып табылады.
5) Қоймада вакциналар мен басқа да МИБП-ны сақтауға, оларды ашуға және орауға, мұздату элементтерін, ыдыстар мен басқа да орау материалын сақтауға арналған үй-жай болуға тиіс.

  1. Вакциналарды сақтау үшін қоймада тоңазытқыштар, мұздатқыштар, тоңазытқыш камералар орнатылады немесе олар тоңазытқыш бөлмелермен (бұдан әрі – тоңазытқыш жабдығы) жабдықталады. Тоңазытқыш бөлмелер, тоңазыту камералары биіктігі еденнен кемінде 10 сантиметр сөрелермен жабдықталуға тиіс. Препараттарды еденде сақтауға болмайды. Препараттарға жарық түспеуі тиіс. Вакциналар мен басқа да МИБП-терді бөтен заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.


  1. Вакциналар мен басқа МИБП сақтау кезінде препараттардың жарамдылық мерзімі мен сериясы ескеріле отырып, тоңазыту жабдығының сөрелерінде немесе кертіктерінде олардың түрлері бойынша бөлек орналасуға тиіс. Күн сайын тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес журналда тоңазыту жабдығының температурасын белгілеу керек.

  2. Медициналық ұйымдарда (перзентхана, емхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, отбасылық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт) аз мөлшердегі вакциналарды сақтау үшін егу кабинетінде орнатылған тоңазытқыштарды пайдалану керек.

  3. Вакциналарды және басқа да МИБП-терді тасымалдау мен сақтау «салқындық тізбегінің» жүйесі сақтала отырып жүргізілуге және тұтынушыға барынша қысқа мерзімде (48 сағаттан асырмай) жеткізілуге тиіс.

  4. 10. Вакциналарды және басқа да МИБП-терді оңтайлы сақтау мен тасымалдау үшін температура плюс 2 о С-тан плюс 8 о С-қа дейінгі шекте болады. Вакциналар мен басқа да МИБП-терді сақтау осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

  5. Вакциналар мен басқа да МИБП-терді тасымалдау ілеспе құжаттарымен бірге салқындық элементтері бар термоконтейнерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көлікте жүргізіледі. Әрбір көлік ыдысының бірлігіне әрбір 3000 вакцина дозасына бір термоиндикатор есебінен термоиндикатор салынуға тиіс.

  6. 12. Тек полиомиелитке қарсы ғана вакциналарды тоңазытуға болады.

Вакциналар және басқа да МИБП-терді алдын ала егуді жүргізетін медициналық ұйымдарда сақтау кезінде мыналарды сақтаған жөн:
1) вакциналар мен басқа да МИБП әрбір орамаға салқындатылған ауаның баруы қамтамасыз етіліп орналасуға тиіс;
2) вакциналар мен басқа да МИБП жарамдылық мерзімі аз препараттар бірінші кезекте пайдаланылатындай етіп орналасуға тиіс;
3) бұл ұйымдарда вакциналар және басқа да МИБП-тердің барлық түрлері тоңазытқышта +2 – +8 температурада, тек полиомиелитке қарсы вакцина ашылғаннан кейін мұздатқышта сақталуы тиіс.

  1. Вакциналар мен суы бар ыдыстар тоңазытқыш камераларының жалпы көлемінің жартысын алуға тиіс. Препараттар мен тамақ өнімдерін және басқа да дәрілік заттарды бірге сақтауға болмайды.

  2. Барлық вакциналарға арналған ерітінді егер ол вакцинаға нұсқаулықта жазылған болмаса, ерекше сақтау температураны талап етпейді. Вакцинаны араластырған кезде ерітіндіде вакцинадағы сияқты температура болуы тиіс. Сондықтан вакциналауды жүргізуге дейін бір тәулік ішінде ерітіндіні тоңазытқышқа қойған жөн. Ерітіндіні қатыруға болмайды. Әрбір вакцинаға осы вакцинаны дайындаған өндірушінің ерітіндісі қоса берілуге тиіс.

  3. Вакциналармен және басқа да МИБП-мен жұмыстың дұрыстығын бақылауды осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдардың және аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының (департаменттерінің) (бұдан әрі – МСЭҚБ) басшылары жүзеге асырады.

  4. Вакциналар және басқа да МИБП сақталған әрбір ұйымда олардың мөлшеріне қарамастан, оның басшысы бекіткен тоңазыту жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі немесе электр энергиясының сөнуі жағдайына арналған шұғыл іс-шаралардың жоспары болуға тиіс.

  5. Температураны қолдау үшін энергия көзін уақытша сөндіру жағдайына тоңазытқыштың төменгі кертігінде орналасқан тоңазытылған салқындату элементтерінің қоры болуға тиіс.

  6. Салқындату элементтерін тез мұздату үшін арнайы тоңазытқыштар пайдаланылады. Тоңазытқыштарда салқындату элементтерін әрбір салқындату элементі булағышқа тиіп тұратындай етіп, көлденең орналастыру керек.

  7. Тоңазыту жабдығы мен термоконтейнерлер таза, тұрақты түрде ерітіліп және жуылуға тиіс. Тоңазыту камераларының қабырғаларындағы қыраудың қалыңдығы 5 миллиметрден аспауы тиіс.

  8. Әрбір тоңазытқыш оның жоғары және төменгі жағында орналастырылатын екі термометрмен жабдықталады. Термометрлер жыл сайын метрологиялық тексеріледі.


  1. Жылына бір реттен сирек емес тоңазытқыш жабдықты міндетті түрде акті жасала отырып, білікті мамандар техникалық қарайды.

«Вакцинамен және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттармен жұмыс істеу шарттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

  1. 14. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

15) қауіпсіз иммундау – алдын ала егу жүргізгенде емделушінің, иммундауды жүзеге асыратын медицина қызметкерінің, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы;
16) қауіпсіз жинау мен жоюға арналған қораптар (контейнерлер) (бұдан әрі – ҚЖҚ) – пайдаланылған шприцтер мен инелерді жоюға дейін оларды қауіпсіз жинауға және сақтауға арналған суланбайтын және тесілмейтін ыдыстар;
17) вакцинадан кейінгі асқынулар – алдын ала егу салдарынан пайда болатын реанимациялық шараларды талап ететін денсаулық жай-күйінің ауыр, тұрақты бұзылуының клиникалық белгілері (дене қызуының 40 0 С астам көтерілуі, анафилаксиялық шок, афебрилдік ұстама, менингит);
18) өздігінен блоктанатын (бұдан әрі – ӨБ) шприц – бір инъекциядан кейін автоматты түрде блоктанатын және қайта пайдалануға жарамсыз болатын шприц;
19) өздігінен қирайтын (бұдан әрі – ӨҚ) шприц – бір инъекциядан кейін поршенінің сынуына байланысты жарамсыз болатын шприц.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет