Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар


Аэрозольді инфекция кезіндегі эпидемиялық үрдістің ерекшеліктері



бет40/49
Дата24.11.2022
өлшемі170.3 Kb.
#465657
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
лекция по эпид

46.Аэрозольді инфекция кезіндегі эпидемиялық үрдістің ерекшеліктері.
Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Вакцинаға жатқызылатын инфекциялар.
Бәрімізге белгілі, эпидемиялық үрдіс 3 қозғаушы фактордың қатысумен ғана пайда болады: инфекция көзі; берілу механизмі; қабылдаушы организм. Аэрозольды инфекцияның инфекция көзі, көп жағдайда, науқас адамдар мен тасымалдаушылар. Аэрозольды инфекция кезіндегі берілу механизмі – аспирациялы, аэрогенді, ал берілу жолдары ауа-тамшылы, ауа-шаң арқылы. Бірақ барлық аурулар тек қана ауа-шаң, ауа-тамшылы жолмен берілмейді, мысалы, дифтерия ауруының берілу жолдары ретінде тұрмыстық заттар – ыдыс, жеке гигиена заттары, ойыншықтар және сүт арқылы берілуі мүмкін.
Эпидемиялық үрдістің 1-ші үзбесіне, яғни инфекция көзіне қарсы шаралар – науқас адамдарды ерте анықтау, оқшаулау эәне госпитализациялау.
Екінші үзбесіне – берілу механизміне қарсы : желдету, ылғалды жинау, УКС арқылы өңдеу, яғни механикалық дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру.
Үшінші үзбесіне қарсы, бұл жағдайда науқас адамдармен қатынаста болған адамдарды айтсақ болады, яғни оларды медициналық бақылап отыру, инкубационды кезеңге байланысты, сол кезеңде дене қызуын өлшеп отыру, науқастар анықталған жағдайда оңашалау, бетперде қолдану, сонымен қатар иммунопрофилактика жүргізу болып табылады.
Иммунопрофилактика, яғни вакцинация келесі аэрогенді механизммен берілетін ауруларда жүргізіледі: Тұмау, Дифтерия (АКДС – 2,3,4 айда, 18 айда және 6 жаста(1-сыныпта); АДС-М – 16 жаста, әрбір 10 жыл сайын), Қызылша, Қызамық, Паротит (ҚҚП – 12-15 айда, 6 жаста), Желшешек – желшешекке қарсы бүкіл әлемде вакцина қолдануда, бірак Қазақстан Республикасында әлі қолданылмайды.

  1. Әр түрлі дезинфекция түрлерін орындаушылар мен ұйымдастырушылар.Дезинфекция сапасын бақылау.

Дезинфекция – қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою болып табылады. Дезинфекция жасаған кезде микробтардың тек вегетативті түрлерi өледi. Дезинфекция – эпидемиялық процесстің екінші үзбесі – берілу механизміне қарсы жүргізіетін шара болып табылады. Дезинфекция профилактикалық және ошақтық болып бөлінеді, оның ішінде ошақтық ағымды және қорытынды болып бөлінеді.
Профилактикалық дезинфекция ауруларды алдын алу мақсатымен жасалады, яғни бұл дезинфекция түрін қоғамдық тамақтану жерлерде, сумен қамту объектілері, қоғамдық орындарда жүргізіледі. Сонымен қатар әрбір үйде орташа деңгейде, жүргізіледі. Әрбір үйде желдету, ылғалды жинау жүргізіледі.
Ошақтық дезинфекция эпидемиялық ошақта, инфекция көзі бар жерде жүргізіледі. Ошақтық дезинфекцияның ағымдағы түрі науқас адамның рековалесценция кезеңіне дейін жүргізіледі. Бұл дезинфекцияның түрін медициналық қызметкер немесе медициналық қызметкерден инструктаж алған, пациентке күті жасап жатқан кісілер жүргізеді.
Қорытынды дезинфекция пациент жазылып шыққанда, госпитализация соңында немесе пациент қайтыс болған кезде жасалады. Бұл кезде палатаны немесе пациент жатқан бөлмені, пациент қолданған заттарды дезинфекция жүргізеді. Қорытынды дезинфекцияны арнайы мамандырылған қызметкер жүргізеді.
Дезинфекция сапасын бақылаудың техникалық, химиялық және бактериологиялық әдістері бар.
Техникалық әдісте манометрлер, термометрлер, және т.б. құрал-жабдықтарды қолдану температураны, бу қысымы немесе газды, дезинфекция уақытын бақылау үшін қолданылады.
Химиялық әдіс дезинфекцияны бақылау үшін қолданылады. Ол заттардың температураның әсерінен балқу немесе түсін өзгерту қасиетіне құрылған. Индикатор ретінде бензойқышқылын, мочевина, аскорбин қышқылын және т.б. қолданамыз.
Бактериологиялық әдіс ең сенімді әдісСтерилизаторға бак.тестер қағазды ыдыста орналастырылады, олар дезинфекция әсерінен өздерінің тіршілікке бейімділігін жоғалтады, осыған байланысты осы әдісті қолданады. Бұл әдістің кемшіліктері: тест-организмнің дезинфекциядан кейін қоректік ортаға орынауыстырылуына белгілі бір уақыт және асептикалық жағдайлар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет