3.3 Халықаралық хатты алынғандығы туралы хабарламасымен қабылдау
Алынғандығы туралы хабарламасы бар құндылығы жарияланған хаттарды қабылдау кезінде жөнелтуші СN 07 бланкісін латын әріппен толтырады.
Алынғандығы туралы хабарламасымен хаттарды қабылдау тәртібі осы Ережелердің 212 тармағына сәйкес және осы тармақта аталған қосымшаларды ескере отырып жүзеге асырылады:
алынғандығы туралы хабарламасымен жіберілетін құндылығы жарияланған хаттардың мекен-жай бетінде, жөнелтуші мекен-жайының астына немесе орталық бөлігіне «Avis de reception» - «Алынғандығы туралы хабарлама» белгісі немесе «А. R.» әріптері қойылады;
құндылығы жарияланған хаттардың алынғандығы туралы хабарламасы үшін ақысы хатты қабылдау кезінде алынады және жөнелтушіге берілетін түбіртекте тиісті белгісі жазылады.
«Өз қолына табыс етілсін» - «A remettre en main proprе» белгісі бар құндылығы жарияланған хаттар алынғандығы туралы хабарламасымен және Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес осы қызметті көрсететін елдеріне ғана қабылданады.
«Өз қолына табыс етілсін» - «A remettre en main proprе» белгісі құндылығы жарияланған хаттың мекен-жай бетінің жоғарғы бөлігіне жөнелтушімен көрсетіледі.
«Өз қолына табыс етілсін» - «A remettre en main proprе» белгісі бар құндылығы жарияланған хатты жіберу үшін хатқа жабыстырылатын почта маркаларының сомасына қосымша ақы алынады және жөнелтушіге берілген түбіртекте белгі жасалады.
3.4 Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды үстеме төлеммен қабылдау
Құндылығы жарияланған үстеме төлемі бар хаттар үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған хаттармен алмасу туралы екіжақты келісім негізінде қабылданады. Мұндайда құндылығы жарияланған хаттың адресатынан жөнелтуші көрсеткен үстеме төлемнің сомасы мен үстеме төлемнің ақысы алынады және жөнелтуші көрсеткен мекен-жай бойынша почта аударымымен жіберіледі. Үстеме төлемнің сомасы жөнелтушінің қарауына қарай белгіленеді, бірақ ол құндылығы жарияланған хаттың сомасынан аспауы керек.
Үстеме төлеммен құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері қосымша міндетті:
Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес екіжақты келісім негізінде осы елмен хаттармен айырбас жасауға белгіленгенін тексеруге;
жөнелтушімен TFP-3н. үстеме төлем почта аударымының бланкісін дұрыс толтырылғанын және үстеме төлем сомасын алатын адресаттың атауы мен мекен-жайының көрсетілгендігін тексеруге;
жөнелтушімен TFP-3н. үстеме төлем бланкісінің қайырма бетіндегі түбіртекте оған қай жөнелтім үшін үстеме төлем жіберілу тиістігі, құндылығы жарияланған хаттың қабылдау орнының атауы, жіберген күні, хат кімнің атына жіберілу керек екендігі көрсетілгенін тексеруге;
құндылығы жарияланған хаттың қабында үстеме төлем сомасы қабылданған күні белгіленген Ұлттық банк бағамы негізінде көрсетілгендігін және үстеме төлем сомасы құндылығы жарияланған хаттың сомасынан аспауын тексеруге;
мекен-жай бетінің орталық бөлігінде немесе жөнелтуші мекен-жайының астына CN29 қызыл сары түсті жапсырманы және оның үстіне CN06 жапсырмасын жапсыруға (мөртабан бедерін қоюға);
TFP-3н. үстеме төлем почта аударым бланкісінің оң бетіндегі түбіртекте құндылығы жарияланған хаттың шығыс нөмірін қолдан қоюға;
үстеме төлем бланкісін құндылығы жарияланған хатқа жолда жоғалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай етіп бекітуге.
Достарыңызбен бөлісу: |