Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды 103 н. тізімі бойынша қабылдау



бет30/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.5 Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды 103 н. тізімі бойынша қабылдау
Бір немесе бірнеше мекен-жайға жіберілетін 5 және одан да көп көлемдегі құндылығы жарияланған хаттар жөнелтушімен 3 данада жасалатын 103н. тізімімен қабылданады.
103н. тізімі осы Ережелермен белгіленген нысан бойынша жөнелтушілермен дайындалады және толтырылады.
103н. тізімі заңды тұлғаның жауапты тұлғаларымен қол қойылады және мөр бедерімен куәландырылады. Жеке тұлғамен 103н. тізіміне тек қол қойылады.
Құндылығы жарияланған хаттарды 103н. тізімі бойынша қабылдау кезінде өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:

  • фирма мөрі мен пломбаның бар болуын тексеруге;

  • орамының бүтіндігін, көлемінің сәйкестігін және дұрыс жіберілуін тексеруге;

  • жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);

  • тиісіті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасуын тексеруге;

құндылығы жарияланған хаттарды 103н. тізімдегі жазумен жеке-жеке салыстыруға. Жазу сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды клиентке қайтаруға;
ШПИ сәйкес құндылығы жарияланған хаттардың нөмірін 103н. тізіміне жазуға немесе хаттар мен 103н. тізіміне жөнелтушімен қойылған ШПИ сәйкестігін тексеруге;
құндылығы жарияланған соманы тізімге жазуға немесе тізім мен хаттардың қабындағы құндылығы жарияланған соманы салыстыруға. Құндылығы жарияланған соманы АҚА (жүздік үлеске дейін) аударуға және айырбасталған нәтижені хат пен тізімде көрсетуге. Хат пен 103н. тізіміндегі құндылығы жарияланған соманың сәйкестігі келмеген жағдайда түзетулерді енгізуге және қолын қоюға;
мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына латын әрпімен "V" («Valeur declaree» - «Құндылығы жарияланған») әрпі бар CN 06 жапсырмасын жабыстыруға (мөртабан бедерін қоюға) және 1н. дәптерінің түбіртегіне сәйкес хаттың реттік нөмірін (ШПИ жапсыруға) және қабылдау орынның өндірістік объектісінің атауын көрсетуге;
автоматтандырылмаған қабылдау барысында тізім бойынша қабылдап алынған құндылығы жарияланған хаттарға хаттардың нөмірі қойылған (№ ден № дейін ) бір түбіртек жазып беруге, «Қайда» жолында тізім бойынша қабылдап алынған құндылығы жарияланған хаттардың санын жазбаша түрде көрсетуге, «Кімге» жолында «Тізім бойынша» белгісін қоюға. Қолын қоюға, түбіртектің қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға;
тізімге қол қоюға, қабылдаған күннің ПМ бедерімен растауға;
төлемақысын алуға, жөнелтушіге түбіртекті және 103н. тізімінің бір данасын беруге.
Заңды тұлғаларға өндірістік объектілерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруға сәйкес нөмірлеуді жүргізуге және құндылығы жарияланған хаттарға ШПИ өздеріне жабыстыруға рұқсат етіледі.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған құндылығы жарияланған хаттар өндірістік бақылаудан өткеннен кейін 103н. тізімінің 1 данасымен жіберу үшін өңдеуге беріледі.
Автоматтандырылған қабылдау барысында 103н. автоматты түрде беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет