Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


ХПАП мен ХПАО-дағы шығыс ұсақ пакеттерді өңдеу



бет55/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.1 ХПАП мен ХПАО-дағы шығыс ұсақ пакеттерді өңдеу

Шетелге жіберілген ұсақ пакеттер облыс орталықтарынан 16н. жүкқұжатымен ПБТ алмасу учаскесі арқылы “Тапсырысты” қаптарында ХПАО хат-хабарларды өңдеу учаскеіне түседі.


Халықаралық почтаны өңдеу цехының (учаскенің) жұмыскерлері ұсақ пакеттермен алынған қаптарды 16н. жүкқұжатындағы жазбалармен салыстырып тексереді, жек-жеке салмағын, пломбалардың бүтіндігін, қаптардың сыртқы орамының дұрыстығын, ал қап жапсырмалары бойынша-почтаның дұрыс жіберілуін тексереді және ҚАЖ БҚ жүйесінде түскен қаптарды тіркейді.
Қап ашылғаннан кейін ұсақ пакеттер дұрыс ресімделуін, ұсақ пакеттердің жіберілуін және бағытын, орамының жағдайын тексереді, нақты салмағы ұсақ пакеттердің сыртында көрсетілген салмақпен салыстырылып тексеріледі. Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау жөніндегі аумақтарға және елдердің талаптарына сәйкес жіберілген елге қабылдау және шеттен әкелуге шектеу қойылған-қойылмағандығын тексереді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда 30н. хабарламасы жазылады немесе жөнсіздік түріне байланысты 51н. актісі жасалады.
Сонан соң цехтың (учаскенің) жұмыскерлері 11н. тізілімдегі жазбалармен ұсақ пакеттердің нөмірлерін салыстырады, шығыс ШПИ бойынша ҚАЖ БҚ-да ұсақ пакеттерді тіркейді, жүйеде тізбелерге тіркейді және кедендік тексеріске көрсету үшін жұмыс орнына береді. Тізбеде көрсетіледі: жөнелтімнің түрі, жөнелтімнің жіберілген нөмері (ШПИ), жіберген елі, жөнелтімнің салмағы, кімге, қайда (елін (қаласын) және аты-жөнін көрсетіп).
Ұсақ пакеттер ішінде тыйым салынған тауарлардың, ақаулы почтаның (сыртқы қабының бүлінуі, салмағының сәйкес келмеуі және т.б.) бар екендігіне негізделген күдік болған жағдайлардан және тексеріс үстелінде орамын ашу қажеттілігінен басқа кеден инспекторымен сыртқы орамын бұзбай рентгенопаратураның көмегімен тексеріледі.
Кеден инспекторы ұсақ пакеттерді ашпай (көзбен шолып тексереді) шығару кезінде тізбеге “Шығаруға рұқсат” мөртабанын қояды, тізбелерді ашпай тексеріс жүргізілгендігі туралы белгі жасалады және инспектордың, сонымен қатар оператордың қолы қойылады. Тізбенің бір данасы кеден инспекторында қалады, екіншісі құжаттарға тігіледі. Тексерістен кейін ұсақ пакеттер әуе немесе жерүсті көлігімен жіберілетін, жазбаша хат-хабарларды жіберу жоспарларына сай жіберу төлеміне сәйкес шетел алмасу мекемелері бойынша сұрыпталады.
Ұсақ пакеттер екі данада толтырылатын, СN33н. ерекше парақтарға тіркеледі немесе саны шамалы ғана болса, оларды тапсыпысты хат-хабарлар үшін қарастырылған, 3 кестедегі тәртіппен СN31н. жазбаша картасына атап-атап тіркеуге болады. Жазбаша картада немесе ерекше парақтын ескерту бағанында “Рelit paquets” көрсетіледі. Ерекше парақтардың нөмірлеуі жыл бойы әр депеша бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Ұсақ пакеттерді бітеу кезінде бақылаушы адамдар, олардың дұрыс тіркелуін тексереді, сонан соң СN33н. ерекше парақтың немесе жазбаша картаның бір данасы қапқа алынады, ал көшірмесі қаптарды жасаған және депешаларды жасақтаған жұмыс орнында қалады.
Цехтың (учаскенің) жұмыскерлері тапсырысты ұсақ пакеттермен қаптарға автоматты режімде толтырылатын және ҚАЖ БҚ шығарылатын, қызыл түсті CN34н. қап жапсырмасын тіркейді немесе тапсырысты хат-хабарлармен қаптарды ресімдеу үшін қарастырылған тәртіпте қолмен толтырылады және учаскенің жұмыскерлері қолдарын қояды.
Жерүсті немесе әуе көлігімен жіберілетін әр депешаның өз нөмірі болуға тиіс. Жерүсті көлігімен жіберілетін депешалардың нөмірлеуі әуе депешаларынан бөлек жүргізіледі.
Жабық депешалар Почта әкімшіліктері арасында келісілген , жазбаша хат-хабарлармен депешаларды жіберу жоспары негізінде жіберіледі.
Жерүсті көлігімен жіберуге жататын ұсақ пакеттермен қаптар тиісті ХПАП арқылы шетелге жіберу үшін CN37н. жүкқұжаттарына тіркейді, олар депешаларды жазбаша хат-хабарламалармен депешаларды жіберу жоспарына сәйкес шетел алмасу мекемелеріне жөнелтеді.
Ұсақ пакеттермен депешаларды әуе көлігімен жөнелту кезінде олар тапсырысты жазбаша хат-хабарлармен әуе депешалары үшін қарастырылған тәртіпте CN38н. (SAL- депешалар үшін СN41н.) жүкқұжаттарына тіркеледі.
Жазбаша хат-хабарлар учаскесінің жұмыскерлері жасақталған депешалар мен CN38н. (CN37н. CN41н.) жүкқұжаттаын 2 данада 16н. жүкқұжатына тіркеліп алмасу (қозғалыс бөліміне) учаскесіне тапсырады, ол жақтан қаптар әуе почтасын өндеу учаскесіне (әуе көлігімен) немесе жерүсті почта көлігімен жіберіледі. 16н. жүкқұжатының екінші данасы почтаны қабылдаған қозғалыс бөлімінің операторының қолымен күндік балансты шығару үшін құжаттарға тігіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет