8 ТАРАУ. «EMS KAZPOST» ҚЫЗМЕТІ
§ 1 EMS жөнелтімдерінің түрлері мен типтері
EMS жөнелтімдер салымының сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1) «EMS - ПАКЕТТЕР» - 2 кг дейінгі салмақты құжаттары ( жазбаша хат-хабарлар) бар жөнелтімдер;
2) «EMS – сәлемдемелер» - 2 кг және одан да көп салмақты тауарлары, сондай-ақ құжаттары бар жөнелтімдер.
EMS жөнелтімдері ҚР-ның аумағында және оның шекарасынан тыс аумақтарына жіберіле алады және былай бөлінеді:
1)«Халықаралық EMS жөнелтімдер» - ҚР-ның шекарасынан тыс аумақтарға жіберу үшін қабылданатын немесе ҚР-на келіп түскен немесе ҚР-ның аумағы арқылы бір елден басқа бір шетелге транзитпен тасымалдау үшін қабылданған жөнелтімдер;
2)«Ішкі EMS жөнелтімдер» - ҚР-ның ішкі аумағында тасымалдану үшін қабылданатын жөнелтімдер.
EMS жөнелтімдер қабылдау шарттарына байланысты келесі типтерге бөлінеді:
1) «Стандартты EMS жөнелтімдер» - қандай да бір келісім-шарттық келісімдерсіз (шарт) және алдын-ала белгіленген мерзімсіз жіберу үшін қабылданатын жөнелтімдер;
2) «Жоспарланған EMS жөнелтімдер» - белгіленген жөнелтім беру кестесі мен жіберу мерзімінен тұратын келісім-шарттың (шарт) негізінде жіберуге қабылданатын жөнелтімдер.
EMS жөнелтімдері басымдық тәртіп бойынша қабылданады, өңделеді, тасымалданады және жеткізіліп беріледі.
§ 2 Халықаралық EMS жөнелтімдерінің залалы, жоғалту, зақымдану және кідірту үшін жауапкершілік
Көпжақтық Келісімдерде көрсетілген халықаралық EMS жөнелтімдері бойынша жауапкершілік шектерін сақтай отырып, Жөнелтуші Оператор Жөнелтуші Оператордың алдында жоғалу немесе бұзылу нәтижесі болып табылатын нақты шығындары үшін сондай-ақ, егер EMS жөнелтімі сақтауда немесе Жеткізуші Оператордың бақылауында болып, жоғалған немесе бұзылған кез-келген шығындардың төленген өтемімен қоса жауапкершілік танытады.
Жоғалту, салақтық қатынас нәтижесінде пайда болған бұзылулар, ұрлау немесе басқа себептерге байланысты Жеткізуші Оператор міндеттемесі кез-келген қуынымды толық жабу барысында Жіберуші Оператордың клиентке төлейтін сомасынан аспауға тиіс.
Барлық осындай жағдайларда Жеткізуші Оператор қуыным үшін фактілі төленген сомасының жазбаша дәлелін беруге тиіс. Жеткізуші Оператор клиент қуынымы бойынша шешім шығарған жағдайда, онвң шешімі дәлелді және EMS Көпжақтық Келісімдерде белгіленген тауарлар үшін – 130 АҚА, құжаттар үшін – 30 АҚА сомаларынан аспауға тиіс.
Жасырын бұзылудан басқа, залал туралы рекламация ұсынған жағдайда, егер Жеткізуші Операторға жөнелтімді беру барысында бұзылғаны туралы тек соңғы Жөнелтуші Операторды хабардар етпеген кезде сақтауда және Жеткізуші Оператордың бақылауында болған EMS жөнелтімдері бұзылған болып саналады.
Ашық залал туралы рекламация ұсынған жағдайда, егер тек Жөнелтуші Оператор жөнелтім сақтауда немес Жеткізуші Оператордың бақылауында болған кезде бұзылғанын анықтай алмаған жағдайда Жеткізуші Оператор бұзылғаны үшін жауапкершілік тартпайды.
Жоғалғаны туралы рекламация ұсынған жағдайда, егер соңғы Жөнелтуші Оператордан жөнелтімнің алуын немес депешасын растай отырып Жеткізуші Оператордың сақтауында болған EMS жөнелтімдері біржолата жоғалған болып саналады.
Егер жөнелтім тәркіленген болса немесе кедендік не басқа да мемлекеттік органдармен ұсталып қалғаны туралы көрсетілмеген жағдайда Жеткізуші Оператордан қабылдап алған уақытынан бастап төрт (4) апта ішінде адресатқа жеткізілмеген жағдайда EMS жөнелтімдері біржолата жоғалған болып саналады.
Егер транзит арқылы тасымалданатын жабық депешаларды форс-мажорлық жайттардың айқындауына түспеген жағдайда ашылған болса, онда жабық транзиттік жөнелтімдерді ашқан Почта Әкімшілігі осы әрекеттің зардаптарына, дәлірек айтқанда тарифтердің төлеміне, кідірткені үшін шығындардың қайта жіберуіне және өтелуіне жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |