Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 Почта жөнелтімдері мен заттарды ашу тәртібі



бет74/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Почта жөнелтімдері мен заттарды ашу тәртібі

Төтенше оқиға кезінде ғана почта жөнелтімдері мен заттар өндірістік объекті бастығының (орынбасарының) өкімімен, сондай-ақ, адресат талабы бойынша жіберу деректерінің жоқтығы (мекен-жайдың жуып кетірілгені, биркалар жұлынып алынуы), салым бүтіндігіне күмән келтіру (салымды ашуға әкеп соқтыратын қабықша, байлам, мөр және қағаз лента ақаулығы, салмақ айырмашылығы) немесе сыртқы көрінісінен салымның бұзылуын, зақым келуін болжам жасауға болатын немесе тасымалдауға тыйым салынатын салымның бар болған жағдайда ашылады.


Түзетілген күйдегі үстеме төлемімен почта жөнелтімі алушы талабы бойынша үстеме төлем сомасы төленгеннен кейін ғана ашылады.
Почта жөнелтімдері мен заттарды ашу өндірістік объектінің басшысының (оның орынбасарының) қатысуымен, өндірістік учаскелерде – көрсетілген жұмыскердің біреуінің қатысуымен, яғни учаске бастығының, оның орынбасарының немесе Бақылау-анықтама тобының (егер топ бар болған жағдайда) жұмыскерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Ашылу почта жөнелтімдерінің қабықшасы, пломбысы, мөрі, байламдары, тігістері заттық айғақ ретінде сақтап қалатындай есеппен жүзеге асырылады.
Почта жөнелтімдері мен заттарды ашу туралы 51н. актісін толтыру барысында олардың сыртқы жағдайы толық сипаттап, салымды тексеру барысында анықталған жөнелтім (зат) салмағы (жеке-жеке және толық әр затты, оның көлемін, салмағын, почта жөнелтімнің ішінде бос орынның бар болуын, сондай-ақ, бекіткеннен кейін почта жөнелтімнің немесе заттың жалпы салмағын тізбелейді) көрсетіледі. Әрі қарай салыммен не істелінгені, жабық зат немесе почта жөнелтімі қайта бекіткеннен кейін қандай мөрмен мөрленгені, акт және оның көшірмесі қайда жіберілгені туралы көрсетіледі. Сонымен қоса, актіде ыдыс салмағы жазылады.
Бекітілгеннен кейін транзитті заттарға жаңа адрес жапсырмасы жабыстырылып, бекіту жүргізілген өндірістік объектімен мөрленеді (пломбыланады).
Транзитті сәлемдемелерді ашу барысында табылған салымның қолдануға жарамсыз бөлігі алынады және жойылады. Салымның сақталған бөлігі сәлемдеме қабықшасына бекітіліп тиісті орынға жіберіледі. Толтырылған 51н. актісі «Актімен бірге жіберіледі» белгісі қойылған сүйемелдеу адрес бланкісіне жапсырылады.
Егер қайта бекіткеннен кейін буып–түю сәлемдеме салымының сақталуын қамтамасыз етпесе, онда ол тиісті орынға арнайы қапта бөлек (жеміс–жидектен басқа және «Абайлаңыз» белгісімен) жіберіледі. Бүлінген салымның жартылай не толық жойылуы туралы актінің көшірмесі, сонымен қоса, салымның почта тасымалына рұқсат етілмеген тәркілеуі почта жөнелтімін қабылдап алатын өндірістік объектіге жіберушіге хабарлау үшін тапсырысты хатпен (бандерольмен) жіберіледі.
Тізімдемесі бар транзиттік ашық құндылығы жарияланған хатты немесе бандерольді ашу барысында салым тізімдеме бойынша тексеріледі, ал жабықтары – бірге салынған жолдама құжаттары (жүкқұжат, шот фактура) бойынша тексеріледі. Осы салымнан кейін құндылығы жарияланған хаттар немесе бандерольдер ескі қабықшасымен бірге мекен-жайлар және қабылдау деректері толық көрсетілген жаңа буып – түюге бекітіледі.
Құндылығы жарияланған хат немесе бандероль қайта бекіту жасаған құрылымдық бөлімшеде мөрленіп, әрі қарай тікелей қапта жіберілген орынның өндірістік объектісіне жіберіледі. 16н. жүкқұжатына «Актімен бірге жіберіледі» белгісі қойылған актінің екі данасы хатпен және бандерольмен бірге жіберіледі.
Тізімдемесі бар транзиттік «Сақтандыру» қабын, сондай-ақ құндылығы жарияланған бандерольдерді және хаттарды, құндылығы жарияланған сәлемдемелерді ашу барысында салым толық және бүтін болған жағдайда акті толтырылмайды. Бұндай жағдайда ішкі жүкұжатта (тізімдемесіне) «____________ (бөлімше атауы) ашылды________ (ашылу себебі). Салым түзелген және жүкқұжатына (тізімдемесіне) сәйкес». Белгі ПМ бедерімен және ашу мен қайта бекіту кезінде қатысқан жұмыскерлердің қолымен куәландырады. Қайта бекітілген почта жөнелтімі немесе зат жазылған жүкқұжатына «__________________ (ашу және қайта бекіту жүргізген өндірістік объектінің атауы) мөрімен жіберіледі» белгісі жасалынады. Одан басқа бұндай белгі сәлемдеменің 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне жасалынады.
Почта жөнелтімдерінің және заттардың мөрленуі туралы белгісі 16н. жүкқұжатында жасалынады, ал сәлемдемелерде бұдан басқа 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде ПМ бедерімен және жұмыскер қолымен куәландырған «Қосымша мөрленген, мөрлеу орны, датасы және жұмыскерлердің фамилиялары мен қолдары» белгісі жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет