3 «Қазпочта» АҚ қызмет түрлері
3.1 Почта байланыс қызметтерінің түрлері
Почта байланыс қызметтерінің түрлері мынадай:
1) почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері (жай жазбаша хат хабар);
2) тіркелетін почта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтері;
3) «EMS Kazpost» қызметі;
4) почталық ақша аударымдары;
5) жазылым бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын тарату және оларды жүзеге асыру;
6) филателия өнімдерін сату;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының басқа да қызметтері.
Қоғамның қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қоғамның қызметтері ұсынылады:
филиалдармен, ПБТ, ПББ (соның ішінде жылжымалы) және ПБП;
почта жәшіктері арқылы;
почтаны жеткізу уақытында почташылармен;
жасалған шарттар бойынша почта байланысының қызметін көрсетуіне ақы төлейтін тұлғалармен.
Өндірістік объектілерде толық операциялық күннің барысында қызметтерді көрсету үшін жұмыс орындарымен бірге операциялық терезелер жабдықталады.
Өндірістік объектілерде жұмыс күннің тәртібі Почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтерінің сапа параметрлеріне сәйкес белгіленеді.
Өндірістік объектілердің кірер есігінде өндірістік объектінің атауы, почта индексі және жұмыс күнінің тәртібі көрсетілген маңдайша жазуы болуы тиіс. Қалада орналасқан және жылжымалы кесте бойынша, түскі үзіліс немесе демалыс күндерімен жұмыс істейтін өндірістік объектілердің маңдайша жазбаларында жақын орналасқан, басқа кестемен немесе демалыссыз жұмыс істейтін өндірістік объектінің орналасқан жері мен жұмыс күннің тәртібі туралы деректері қосымша көрсетілуі тиіс. Маңдайша және хабарландыру мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндалады.
Өндірістік объектінің операциялық залында пайдаланушыларға көрінетін және қол жетерлік жерінде арыздар мен ұсыныстар кітабы, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі ақпаратты материалдар болуы тиіс:
почта байланысы саласында кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін лицензияның көшірмесі;
почта байланысы ұсынатын қызметтердің тізілімі;
почта байланысы қызметтерінің тарифтері;
почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын жеткізіп берудің бақылау мерзімдері;
почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын сақтау мерзімдері;
адресті жазу тәртібі;
почта жөнелтімдерін буып-түю тәртібі;
почта жөнелтімдерінің көлемі мен шектеулі салмағы;
жіберуге тыйым салынған және шек қойылған заттар мен бұйымдардың тізбесі;
почта индекстерінің анықтамасы;
жеке санаттағы азаматтарға қызмет көрсетудің ерекшеліктері туралы деректер;
Қоғамның почта байланысы қызметін пайдаланушылар алдындағы міндеттерін бұзғаны үшін жауапкершілігі;
Қоғамның Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
Қоғамның жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелердің атауы, мекен-жайы және телефон нөмірі;
осы Ережелермен және Қоғам қызметін реттейтін басқа да нормативті құқықты актілермен танысу тәртібі;
почта байланысы жөнінде басқа да ақпарат.
Әрбір өндірістік объектінің кіре беріс есігінде почта жәшіктері орнатылу мүмкін. Почта жәшіктерінде Қоғамның логотипі, нөмірі, күні және хат-хабарды алу саны мен уақыты көрсетілуі тиіс.
Ауылдық жерлерде орналасқан почта жәшіктерінде қызмет көрсетуші өндірістік объектінің индексі қосымша көрсетілуі тиіс.
Өндірістік объектілердің операциялық залында стандартты және стандартты емес хат-хабарды жіберуге есептелген почта жәшігі орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |