пошталық мекенжай (бұдан әрi – мекенжай) – пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымын жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушы анықтайтын жер;
пошташы – пошта операторымен еңбек қатынастарында тұратын, жөнелтушіден пошта жөнелтілімдерін қабылдауды, сондай-ақ пошта жөнелтілімін адресатқа немесе жөнелтушіге жеткізуді және (немесе) табыс етуді жүзеге асыратын жұмыскер;
поштомат – пошталық ақша аударымын қоспағанда, пошта жөнелтілімдерін қабылдауға, жіберуге, сақтауға, жеткізуге (табыс етуге) және алуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
сәлемдеме - ішіне салынатындарының көлемі, салмағы, буып-түю әдісі бар, тауарларды және басқа заттарды жіберуге арналған почта жөнелтімі;
тағайындалған оператор – пошта байланысының қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы;
таратылмаған почта жөнелтімі - мекен-жай деректерінің болмауына байланысты адресатқа жеткізілмеген (табыс етілмеген) және қайтарылмаған почта жөнелтімі;
тариф – пошта операторы көрсететін қызметтерге ақы төлеудiң мөлшерi;
тiркелетiн пошта жөнелтілімi – жөнелтушiге пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (идентификаттық әріптік-цифрлық штрих-код) қою арқылы түбiртек беріліп, қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн жазбаша хат-хабар, жіберілім;
тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері – жөнелтушілерге қабылданғаны туралы түбіртек берместен (пошталық тіркеу нөмірін, идентификаттық әріптік-цифрлық штрих-код берместен) пошта операторының пошта жәшіктері немесе өндірістік объектілері арқылы қабылданатын және қолхат алмай адресатқа жеткізілетін жазбаша хат-хабар;
ұлттық пошта желiсi – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жұмыс істейтін және пайдаланушыларға сол арқылы қызметтер ұсынылатын Ұлттық пошта операторының пошта желісі;
Достарыңызбен бөлісу: |