Ережесіне қосымша «robo aq suiek» категориясы бойынша роботтар сайысының ережесі



бет6/11
Дата08.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#485977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Регламент KAZ ROBO SPORT 2023 (1)

Жарыс қорытындысы


  1. Тур аяқталған уақытта ең көп асық атып алған робот, әлде ең көп упай жинаған екі робот жеңіске жетеді.

  2. Финалдық кезеңді жеңген робот жеңімпаз аталады.

  3. Финалистер 1,2,3 орынды бөліседі. Командалардың тең ұпайларымен төрешілер уақытқа қарайды.







  1. Жарыс шарттары

Робо-сумо санатындағы роботтардың жарыс ережелері


Жас тобы 10-17жас


    1. «Робосумо» роботтар жарысына қатысу үшін қатысушылар қарсылас-роботты сызылған ринг шеңберінің сыртына – рингтің қара сызығына оңтайлы жолмен ығыстырып шығаруға қабылетті дербес робот жасаулары тиіс.

    2. Жарыс жеребе тарту бойынша бірнеше кезеңде жұп роботтар арасында өтеді.

    3. Әр кезең үш раундтан тұрады.

    4. Раунд ұзақтығы – 3 минуты.



  1. Ринг


    1. Ринг түсі – күңгірт ақ.

    2. Шектеу сызығының түсі – қою қара.

    3. Шектеу сызығының ені – 50 мм.

    4. Ринг диаметрі (шектеу сызығының іші) 1 м.

    5. Шеңбердің ортасы қызыл нүктемен белгіленеді.

    6. Ринг ортасында қызыл жолақтармен роботтардың бастау аймағы белгіленген.

    7. Рингтің айналасындағы максималды бос орын немесе рингтің сыртқы аймағы – 50 см.

    8. Ринг биіктігі – 2,5 см.

    9. Ұсынылған материал – ПВХ.



  1. Робот


    1. Робот дербес болуы керек.

    2. Роботтың максималды ені – 25 см.

    3. Максималды ұзындығы – 25 см.

    4. Максималды биіктігі – 25 см.

    5. Роботтың салмағы 1 кг-нан астауы керек.

    6. Жарыс кезінде роботтың көлемі мен салмағы өзгермеуі керек.

    7. Жарыстарға жарыс қатысушыларының кез келген құрылымдық платформалық негізде жинаған роботтар

(әртүрлі жиынтықтардағы бөліктердің комбинациясы, сондай-ақ қолдан жасалған роботтар) рұқсат етіледі. Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қоректендіру жүйесі, роботтың өзіне тікелей орналастырылуы керек.

    1. Робот іске қосылғаннан кейін 5 секундтық кідірістен кейін қозағылысын бастауы керек.

    2. Робот бір жанасудан іске қосылады.

    3. Құрылымдық тыйымдар:

  • Робот құрылысында полигонның бетіне қандай да бір түрде зақым келтіруі мүмкін кез- келген компоненттерді қолдануға болмайды.

  • дөңгелектерге және роботтың корпусына кез келген жабысқақ құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады (робот А4 парағына қойылады, роботты көтерген кезде парақ роботқа жабыспауы керек немесе онымен бірге көтерілмеуі тексеріледі);

  • роботтың сыртқы қабатыны қандай да бір майлау материалдарын қолдануға тыйым салынады;

  • роботтың тұрақтылықты арттыратын кез келген құрылғыны, мысалы, вакуумдық ортаны құруға тыйым салынады;

  • қарсылас-роботтың инфрақызыл және басқа да сенсорларына кедергі келтіру, сондай-ақ электрлі жабдыққа кедергі келтіруге тыйым салынады;

  • қарсылас-роботқа бір нәрсе лақтыратын құралдарды пайдалануға тыйым салынады;

  • қарсылас-роботқа қарсы қару ретінде сұйық, ұнтақ немесе газды нәрселерді қолдануға тыйым салынады;

  • жанғыш заттар пайдалануға тыйым салынады.

    1. Жарыс басталар алдында роботтар белгіленген параметрлерге сәйкестігі бойынша техникалық тексерістен өткізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет