4. Координата
4.1. Координаталар алдын ала айтылмайды, жарыс басталатын уақытта робот алаңға қойылып, 5 секунд басқаннан кейін беріледі;
4.2. Әр турда AQ SUIEK координатасы ауысып, өзгеріп отырады.
4.3. Координаталарды ұйымдастырушылар мен төрешілер алқасы белгілейді.
4.4. Координаталар А4 өлшеміндегі қағазға басылып “А” алаңында орналастырылатын болады.
4.5. Координата бинарды код негізінде штрих-код арқылы беріледі (ақ және қара түсті: ақ = 1, қара = 0), робот ондық жүйеге айналдырып, координатаны анықтау қажет.
4.6. Aq suiek-ті тапқан робот екінші роботқа сигнал беретін болады.
4.7. “А” алаңындағы қара шаршылар арасындағы ақ сызық роботқа координатаға баруға арналған сызық, алаңды кесіп өтуге болмайды.
4.8. Координаталардың есептелуі: 4 роботқа 4 түрлі түс берілген, 1-ші роботтың түсі
көк, 2-роботтың түсі – жасыл, 3-роботтың түсі - қызыл, 4-роботтың түсі - сары стандартты, тұрақты түстер, бұлар өзгермейді.
4.9. Координата дегеніміз - Х және Y осі, қиылысуы. Координата екі бөліктен тұрады: X осі - A,B,C,D,E,F,G Y осі - 1,2,3,4,5
мысалы, сүйектің орналасуы D3 координатасы, осы жерде сүйек бар деп есептейік, координата деген бөлікке А4 қағаздың көлемінде штрих код беріледі, робот соларды оқып, 0 мен 1 ден құралатын (ақ, қара: ақ-1, қара-0, қара мен ақ түс – бинарлы код координатасы беріледі) оны ондық жүйеге айналдыру қажет, яғни D3 координатасы «101011» екілік санау жүйесінде –
«43» ондық санау жүйесінде, 4-алғашқы әріптің нөмірі 4=D, 3-сол бойдағы сан 3=3.
Координата үлгісі
5. Сайыстың өткізілуі
5.1. Cайысы бір раундтан, бірнеше кезеңнен тұрады, жеңімпаз 2 команда келесі кезеңге өтеді.
5.1.1. Екінші жеңімпаз команда берілген уақыт ішінде координатаны таба алмаған үш команда арасына қайта жарысу арқылы анықталады.
5.2. Роботтар жеребе бойынша таңдалған нөмірлі орындарға орналасады.
5.3. Екінші мүмкіндік төмендегі жағдайлар орын алғанда беріледі:
- Роботтар турды сыртқы кедергілерге байланысты аяқтай алмаған жағдайда;
- Жарыс алаңының талапқа сай келмеуіне байланысты роботтар жұмысына кедергі келтірілсе;
- Төрешінің жіберген қателігінің кесірінен болса; - Егер Старт командасынан кейін 10с ішінде роботтар белсенділік танытпаса. Осы жағдайлар кездескен жағдайда екінші мүмкіндік сол турдың соңына қалдырылады. Турлар арасында қатысушылар роботтың құрылысына өзгерістер енгізе алады (соның ішінде жөндеу, қуат көзін ауыстыру, программасын өзерту және т.б.) егер енгізілген өзгерістер сайыстың барлық ережесіне қайшы келмейтін болса. Роботқа өзгерістер енгізуге 10 мин уақыт беріледі. Уақыт техникалық комиссия құрамындағы төрешімен қадағаланады.
5.4. Тур басталмас бұрын қатысушылар роботтарын «Карантин» аймағына орналастыруы қажет. Техникалық комиссия құрамындағы төрешінің роботтарды сайыс ережесіне сай деп тапқан жағдайда сайыс басталады.
5.5. Егер техникалық байқау кезінде роботтың құрылысы ережеге сай келмеген жағдайды оны жөндеуге 3 минут уақыт беріледі. Егер берілген уақыт ішінде қателік түзетілмесе онда робот сайысқа қатыса алмайды.
5.6. Сайыс басталар алдында:
Әрбір кезең басталар алдында қарсыластар жұбын анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өткізіледі. Қатысушылар реттік саны бойынша группаларға бөлінеді.
- Қатысушылар саны тақ болған жағдайда жұпсыз қалған команда тартыссыз келесі кезеңге өтеді.
- «Старт» командасынан кейін операторлар роботты іске қосады.
- Сайыс уақытында қатысушылар роботқа және жарыс алаңына тиіспеуі тиіс. Қашықтан басқаруға және басқа командға өз роботтарын беруге болмайды.
5.7. Сайыс аяқталды деп саналады, егер:
- Берілген уақыт аралығында робот сүйекті таба алмаған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |