Есте сақтауды тексеру.
Санауды тексеру.
Акалькулия – мидың органикалық зақымдануына байланысты дамитын санаудың бұзылысы және есеп-қисапта шатасу синдромы.
Науқасқа қосу, көбейту, бөлу және алу функцияларынан есеп беріп, олардың дұрыстығын немесе бұрыстығын тексереді.
Сөйлеуді тексеру.
Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия;
Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал
сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.
Праксисті зерттеу.
Моторлы (кинестетикалық) праксисті зерттеу. Дәрігер науқасқа нұсқау беріп отырады.
Идеомоторлы (конструктивті) праксисті зерттеу. Науқастан таяқшалардан үй құрастыруды сұрайды.
Стандарт №4 Бассүйек-ми нервтерінің функцияларын зерттеу тәсілдері.
Сезгіш нервтер – І; ІІ; VIII
Қимылдатқыш нервтер – ІІІ; ІV; VI; XI; XII
Аралас нервтер – V; VII; IX; X.
Иіс сезу нервін тексеру реттілігі:
Науқас екі көзін жұмады;
Саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады;
Дәрігер ұсынған хош иісті затты иіскейді.
Қандай иісті сезгенін немесе сезбегенін дәрігерге айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |