Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері



бет1/2
Дата09.05.2024
өлшемі7.1 Mb.
#500776
  1   2
Дәріс7


Пән атауы:
Тілдік құзыреттілік
Дәріс тақырыбы:
Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жоспар:
    • Психологиялық-педагогикалық әдебиетте мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі
    • Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру ерекшеліктері
    • Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын

    • қалыптастырудың тиімді жолдары  

Қазақ даласында оқу-ағарту ісін ұйымдастыру, қазақ балаларының сауатын ашу мен тілін дамыту мәселелеріне арнап алғаш рет ғылыми еңбектер жазған ғалым Ы.Алтынсарин болды.
А.Байтұрсынұлы балаларға дыбысты үйрету үшін, ең алдымен, сөз дегеннің не екенін білгізіп алу қажеттігін қайта-қайта пысықтаған.
Балалармен әңгімелесу.
Оқу-үйретуге де даярлайтын жұмыстар.
Сөзден дыбыстарды айырып шығару.
Әріптермен таныстыру.
Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу
М.Жұмабаев «Ана тілі бастауыш мектепте» деген еңбегінде балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға дағдыландыратын жаттығулар жүйесін ұсынған.
М.Жұмабаев ұсынған әдіс-тәсілдер:
Сахналау
Сурет бойынша әңгіме
Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу
Даяр әңгімені өз жанына толықтыра білу
Хат жаза білу
Бір белгілі бір әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығару
Баланың есте сақтау қабілетін дамыту ісінде Ж.Аймауытов осы
мақсатқа қажетті төмендегідей шарттарды үнемі ескеріп отыруды талап етеді:
  • Түсіндірілген білімді дәл және айқын ұғынғанша қайталап пысықтау;
  • Меңгертілетін ұғымның балалар есінде қалатындай әсерлі болуы;
  • Жаттау жұмыстары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ету;
  • балалардың ауызекі тілі мен жазу тілі арасында елеулі алшақтықтар болдырмау;
  • Үйретілетін ұғымдар мен дағдылардың жүйелі, бір-бірімен байланысты болуы.

Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізін зерттеген С.Рахметова Тіл дамыту - балалардың сөздігін байытуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша айтып беруге үйрету жұмысы деп анықтама береді.
Сондай-ақ ғалым тіл дамыту жұмыстарын үш құрамдас бөлікке бөлген:
  • балалардың сөздік қорын дамыту;
  • сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс жүргізу;
  • байланыстырып сөйлеуге үйрету;

Ересек мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамытуда мынадай психологиялық-педагогикалық ерекшеліктер бар:
  • Баланың тұрақсыздығы;
  • Ұсақ қол моторикасы;
  • Гиперактивтілігі және тб.

 
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру бойынша тиімді әдістері:
  • Әңгіме әдісі
  • Көрнекілік әдісі
  • Практикалық әдісі
  • Индуктивтік әдісі
  • Дидуктивтік әдісі
  • Мнемотехника әдісі
  • Ойын әдісі
  • Қатысымдық әдісі

Мнемотехника-грек тілінен аударғанда – «есте сақтау өнері».
Мнемотехника — тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.
Мнемотехника әдісінің өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балалардың көргендерін есінде сақтай отырып, ой-қиялын дамыту. Бұл әдіс арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптсатырады.
Мнемотехниканың құрылымы: мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
Мнемотехника мыналарды дамытуға көмектеседі:
- ассоциативті ойлау;
- көру және есту жады;
- көру және есту зейіні;
- қиял;
- жүйелі сөйлеу;
- қолдың ұсақ моторикасы.
Ойын — мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі болып табылады.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, «Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы».
А. Макаренконың айтуынша: «Ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертүді қажет етеді».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет