Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


байлар кезіндегідей, алты мың жыл бұрынғы заңға бағынады



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

байлар кезіндегідей, алты мың жыл бұрынғы заңға бағынады.


Баюды көксеген кісі
Бабылдық қос доңғалақты арба жасайтын Бансыр шебердің
ұ
нжырғасы түсіп кеткен. Аласа дуалға отырып алып, айнала шолып
еді, көзіне өзінің тоқал тамы мен қақпасы айқара ашық шағын
шеберханасы түсті,одан əлі бітпеген арба көрінеді.
Есік саңылауынан күйбеңдеген əйелі де көрініп қояды, оның анда-
санда күйеуіне ұрлана қарап қоюынан, ет салынған қаптың да
босағанын байқауға болады, демек, Бансырға балға мен балтаны алып,
арбаның жақтауына былғарысын керіп, арбаның бұдырын тегістеп,
көркемдей бояп, ауқатты біреуге сату керек деген сөз.
Бірақ оның шымыр денесі орнынан қозғалар емес. Басты
тұмшалаған ойлар алуан мəселені қопсытып, оның бір де біреуіне
жауап табатын түрі жоқ. Оның үстіне, Ебпрат (Евфрат) ойпатына тəн
ыстық күн де аяйтын түрі жоқ, əр сəулесі жебедей қадалады. Шебер
мойнынан сорғалаған тердің жүн басқан төсіне барып құйылып
жатқанын да сезер емес.
Оның үйінің арт жағында патша сарайын қоршаған сатылы дуал
көкке ұмтыла түсетіндей көрінеді. Дуал жанында жайғасқан Ваала
тəуханасының алуан жарқын түске боялған мұнарасының ұшы аспан
тіреп тұрғандай асқақ. Осы бір құдыретті көріністің қалқасында
барынша
мыжырайған,
қ
аптаған
лашық
ү
йлердің
арасында
Бансырдыкы да өзінше орын теуіпті. Бабылда барынша асқақтық пен
бейшаралық көрініс қатар қоныстанып, көзге түрткен байлық пен
жанарды жүдеткен жұпынылық ешбір жоспарсыз əрі жүйесіз былыға
жайғасқан.
Егер ол айналаға көз салудан жалықпаса, байлардың сыңғырлаған
күймелерін, сығылысқан сəнді шапаталы саудагерлер мен жалаңаяқ
кедейлерді көрер еді.Арбалы байлардың өзі патшаның аспалы бағын
суару үшін меспен су тасыған құлдарға жол беріп, ығысқан болар еді.
Бансырда қаланың ығы-жығы тірлігіне назар аударатын хал жоқ,
оның басы бірі кіріп, бірі шыққан ойлардан босар емес. Оны тек қана
ə
лдебір ішекті аспаптың дыңғырлаған дыбысы селт еткізді. Ол жалт
қ
араса, алдында ыржиған қалпы, өзінің күйші досы Қобби екен.
- Жаратқан жарылқасын, досым, - деп бастады Қобби өзінің жарқын
сəлемін. – Шамасы шынымен де, солай болған секілді ғой, бос отырған
түріңе қарағанда. Сенің бұл жетістігіңе жол болсын, тіпті, оны бөлісуге
де əзірмін. Сенің əмияның толы болды ғой, əйтпесе, шеберханада ақ
тер, көк тер болып жатар едің. Сондықтан одан бейшара екі шекелді
маған шығара ғой, төрелердің бүгінгі кешкі салтанатына дейін. Сен ол


екі шекелдің өзіңе сол күйінде қалай оралғанын да байқамай қаласың.
- Менде екі шекел болса, - деп міңгірледі Бансыр, - оны ешкімге,тіпті,
саған да бермес едім, өйткені, менің барым да, нарым да сол болар
еді.Ал, бар байлығын кім береді,досым-ау.
- Не естіп тұрмын, осы мен? – Қобби қайран қала дауыстады. -
Ə
мияныңда бір де бір шекел болмаса не істеп отырсың, дуалға
орнатқан мүсінге ұқсап, ойбай-ау! Анау арбаны неге бітірмейсің? Сен
қ
алайша менің тəп-тəуір тəбетімді қанағаттандырмақсың, а? Мына
тұрысың саған ұқсамайды, досым. Сенің арындаған қуатың қайда? Сені
қ
ай албасты басты екен?
- Бұл мен үшін Жаратқанның сынағы болар,- деп келісе кетті
Бансыр.- Бəрі де менің бір түс көргенімнен басталды. Қайдағы бір
оңбаған түс кірді.Түсімде мен шылқыған бай болып кетіппін, белдігімде
ақша толы əдемі шилан٭.Ондағы ақшаның көптігі сондай, кедейлерге
тегін шашсам да бітпеді.Ішінде күміс ақша бар екен, оған не керектің
бəрін алдым,тіпті, əйеліме түрлі əшекей де сатып алыппын. Əмиянда
толған алтын ақша да бар екен, оны болашаққа деп қойып, күмісін
жұмсаудан қорықпадым.Мені қуаныш кернеді. Сол кезде мені көрсең -
танымас едің, тіпті, əйелімді де танудан қалар едің,шіркін! Оның беті
тегістеліп, əжім қалмаған, қуаныштан жүзі сəуле шашады.Тура баяғы
некетойымыздағы бақытты қалыңдық секілді.
- Айтарым жоқ, керемет түс екен, - келісе кетті Қобби.- Ендеше неге
осындай жайлы түстен соң, дуал түбіндегі құлпытас секілді қатып
қ
алдың?
- Неге дейсің? Ояна келгенде, қабысқан əмияным есіме түсіп,
жүрегім айнып кетті.Онан да түсімді бірге жориық. Екеуміз де бір
қ
айықтағы адамбыз ғой. Есіңде ғой, бала кезде абыздарға барып, бірге
оқығанымыз.
Бірге
ойнадық.
Есейе
келе
достығымыз
жалғасты.Екеуміз
де
сағаттап
тапқанымызды,
мезеттеп
жұмсайтынбыз. Сол кезде біздің табысымыз жақсы еді ғой. Енді міне,
байлықты түсте ғана көретін болдық. Енді айуан болмаған жеріміз
қ
алды ма? Оның үстіне мекеніміз - əлемдегі ең бай қала. Айналамыз
толған ырыс, береке, ал бізге содан бұйыратын емес. Жарты ғұмырды
бейнетпен өткізіп, босаған əмияныңды маған тосып, екі шекел сұрап
тұрғаның мынау.Бұған қандай жауап болуы мүмкін, енді? Мен саған:
«Мə, ала ғой, əмиянды. Сенімен қашан да бөлісуге даярмын» дедім бе?
Жоқ, досым, менің əмияным да сенікіндей қабысып жатыр. Екеумізге
не болды? Бізде неге күміс те, алтын да жоқ, неге ішерге ас, киерге
киім жоқ?
- Оның үстіне ұлдарымызды ойласақ, тіпті, бас қатады, – жалғастыра
түсті Бансыр. – Олар бізді өкшелеп өсіп келеді ғой. Олар да, жанұялары
да, олардың түп-тұқияндары да осылайша жұпыны ғұмыр кешпек пе,


айналаны алтын басып жатқанда? Олардың да кешкі асы ешкі сүті мен
сұлы ботқа болып қалмақ па?
- Бансыр, қанша дос болсақ та, сен мұндай əңгімені бұрын
айтпапсың,- Қобби кəдімгідей абыржып қалды.
- Мен бұрын бұлайша ойламаппын. Ертеңнен кешке дейін осы
ө
лкедегі ең жайлы арбаны істеп жүре беріппін. Жаратқанның мені бір
күні байлықпен жарылқайтынына сеніп жүре беріппін.Оның болатын
түрі жоқ.Ойлап тұрсам, олай болмайды екен. Жүрегім содан да езіліп
тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет