Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай


٭Сазпарақ – ежелгі Бабыл жазбалары түсірілген жұқа кірпіш



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

٭Сазпарақ – ежелгі Бабыл жазбалары түсірілген жұқа кірпіш
٭ Өсімгер – ежелгі Бабылдағы қарызға ақша беретін не ақшаны
салымға алып еселеуші
٭Бақыр – монета, темір ақша
- Ал, енді,- дедім - берген уəде бойынша, маған айтарыңды жайып
сал.
- Сен мəміле бойынша өз шартыңды орындадың, ұлым.- деді ол
жұмсақ дауыспен, - мен де өз уəдемде тұрайын.Мен саған керек
жайтты баяндайын, онсыз да қартайдым, қарт адам шешенсуді
ұ
натады.Ал, ақылдасуға келген жастар бойларына даналықты
сіңіреді.Бірақ көбіне жастар даналық жас баса қонатын қасиет деп
ұғ
ады да, даналыққа жас кезде мойын бұрмайды.Мынаны еске сақта:
сəуле шашып тұрған күн, сенің əкең туғанда да солай болып тұрған,
сенің шөбереңнің соңы одүниеге жөнелгенде де, осындай күн болып
қ
алмақ.
«Жастардың ойы, - деді ол, - аспанды тіліп аққан құйрықты жұлдыз
жарығы секілді, ал қарияның даналығы – мəңгі өшпейтін жұлдыздар
жарығындай, теңізде жүзгендер оларға қарап бағдарын түзейді.


Менің сөздерімді есте сақта, əйтпесе, өзіңнің түнгі жұмысың бекерге
атқарылғандай өкінетін боласың».
Ол маған жүндес қабағының астынан жанарын тіктеп қарады да,
қ
оңыр дауыспен былай деді:
- Мен байлыққа барар жолға, тапқан ақшамның бір бөлігі өзіме
тиесілі болғанда ғана түстім.Ол сенің де қолыңнан келеді.- Ол
көкірек тесердей көзқарасын қадай түсті де, одан əрі үндей қоймады.
- Болғаны осы ғана ма? – дедім мен.- Тапқан ақшамның бəрі де,
онсыз да менікі емес пе?
- Тіпті де олай емес, айналайын, - қарсыласты Алғамыс. – Тігіншіге
төлемейсің бе? Ал етікшіге шапата тіккені үшін ше? Ал ішкен асыңа кім
төлейді? Бабылда шығынсыз тіршілік етпейсің ғой. Соңғы айда тапқан
ақшаның қаншасын осылайша шығындадың? Ал, жыл бойына?
Ақымақсың! Сен өзіңнен басқаның бəріне төлейсің ғой.Осылай тапқан
ақшаң басқаларға кетіп жатыр ғой. Ендеше, солай жалғастыра бер –
құ
лқынның құлы болып, қожайынның ас пен киімге берген пұлымен
шектеліп.Егер де сен тапқан ақшаның оннан бір бөлігін өзіңе
қ
алдырып отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?
Мені есептен алған сабағым ұялтқан жоқ, жылдам жауап бердім:
- Бір жылда тапқан табысқа тең болар еді.
- Бұл дұрыс жауаптың бір бөлігі ғана,- деп ол қарсылығын тағы
білдірді. - Сен жинаған əрбір алтын бақыр, сенің құлың болады да,
саған жұмыс істей бастайды.Ол əкелетін əрбір жез бақыр сенің
құ
лыңның ұлы ретінде саған тағы еселей жұмыс істеуге кіріседі.Егер
де байып кетіп жатсаң, жинағыңның бəрі саған қосыла жұмыстану
арқылы сені ғұмыр бойы тілеген байлыққа кенелтеді.
Сен мені түнгі жұмысың үшін алдадым деп есептейсің бе? Шын
мəнінде, мен саған мың есе көп ақы төледім, егер де сен менің ашқан
құ
пиямды ұға алсаң.
Сен тапқан ақшаның бір бөлігі ғана саған тиесілі.Бұл бөлік табыс
мөлшеріне қарамастан, кемінде оннан бір бөлігін құрауы керек.Əрине,
одан да көп бөлігін өзіңе арнауға болады, егер де сенің жағдайың оны
көтерсе. Табыс тапқан күні ең алдымен өзіңмен есептескен жөн.
Тігіншіге де, етікшіге де өзіңнен қалғанымен ғана есептесуге дағдылан.
Соның ішінен, асқа да, садақаға да, қайырымдылыққа да қалдыруды
ұ
мытпа.
Байлық титтей тұқымнан жайқалатын ағаш секілді. Өзің үшін
сақтаған алғашқы жез бақыр, кейін өсіп шығатын байлық ағашының


тұқымы болмақ. Неғұрлым сол тұқымды тезірек ексең, соғұрлым
тезірек байлық ағашы көгеріп шығады.
Ыждағатпен жинақтау арқылы неғұрлым оның топырағын
тыңайтып,суарған сайын, оны көлеңкелеп, рахатына соғұрлым тезірек
бөленесің.
Осыны айтты да, ол өзінің сазжазбаларын алып кетіп қалды.
Мен оның айтқандары туралы көп ойлана келіп, шынында да
ə
лдебір мəннің барын байқадым. Сөйтіп, не болса да іске кірістім. Əрбір
тапқан ақшамның оныншы бөлігін алып, жинай бердім.Бір қызығы,
одан менің жағдайым нашарламады.Мен,тіпті, бұрынғы халымнан
айырмасын аңғармадым.
Алайда, жинағым өскен сайын оны финикейлер жерінен артынып
келген саудагерлер ұсынған əлдебір затты алуға құмарттым да
тұрдым. Бірақ ақылға жеңдіріп, əлгі алдамшы құмарлықтан өзімді
құ
тқарып отырдым.
Он екі ай өткен соң Алғамыс бір күні келді де, былай деп сұрады:
- Қане, ұлым, айта ғой, соңғы жыл бойы табыстың оннан бір бөлігін
ө
зіңе төледің бе?
- Иə, ұстаз, - деп маңғаздана жауап бердім.
- Бұл жағымды жайт екен,- деді ол маған тесіле қарап.- Ол ақшаңды
не істедің?
Ол жинақты мен Тир қаласынан бағалы да сирек финекей тастарын
сатып əкелуге Азмұр кірпішшіге берген едім. Ол тасты алып келсе,
қ
ымбатына сатып, табысты бөлісуге келіскенбіз.
- Ақымақ, саған əлі де ақылды бола түсу керек екен,- күбірледі ол.-
Сен неге қайдағы бір кірпішшінің асыл тас саудалай алатынына
сендің? Немене сен кірпішшіге барып, жұлдыздар жөнінде ақыл сұрар
ма едің? Басыңда түйірдей ақыл болса, жұлдызшыға барар едің.
Жинағың жоғалды деп есептей бер, шырағым.Сен өзіңнің байлық
ағашыңды тамырымен қопарып тастадың. Енді саған басқасын
отырғызуға тура келеді. Тағы біреуін егіп көр. Келесіде саған асыл тас
жөніндегі кеңес керек болса, зергерге бар.Егер де қой жөнінде білгің
келсе, шопанға бар. Кеңестің құны түкке тұрғысыз, бірақ сен
кеңесшілерге іске жарамды кеңес үшін барғаның жөн. Оның үстіне,
түкке тұрғысыз да біліксіз кеңеске құлақ асқандар барлық қаржысын
құ
рбан етуі ықтимал.- деді де ол кетіп қалды.
Шынында да оның айтқаны айдай келді.Финекейліктер алаяқ


болып шықты. Азмұрға асыл тасқа ұқсас пайдасыз шыны сынықтарын
беріп алдап соққан.Бірақ мен оған мойымастан, Алғамыстың кеңесіне
сəйкес табысымның əрбір оныншы бөлігін қайтадан жинауға
кірістім.Оның үстіне, мен оған машығып алдым, енді өзім үшін қор
жинау оңай болды.
Бір жылдан соң Алғамыс жазғыштар бөлмесіне кіріп келді де,маған
бұрылып:
- Қане, баянда, соңғы рет көріскелі бері не бітірдің?
- Мен өзіме ұқыпты түрде төлеп келдім,- дедім,- сосын жинағымды
қ
алқан жасаушы Аққар шеберге қола сатып алуға қостым. Ол маған
төрт ай сайын үлесімді төлеп келеді.
- Онысы жақсы екен. Ал сен түскен үлесіңді не істеп жатырсың?
- Мен дастарханға бал мен нəзік шарап қойып, бұрышты тандыр
шашып үлкен той жасадым.Өзіме сəнді шапан сатып алдым.Енді келесі
жолы есек алып мінуді жоспарлап жүрмін.
Алғамыс рахаттана күліп алды да:
- Сен өз жинағыңның балаларын қырып салған екенсің. Енді олар
саған қалай жұмыс істейді? Жəне саған қызмет ететін олардың
балалары қалай тумақ? Ең əуелі өзіңе қызмет ететін алтын құлдардан
ə
скер жасақтау қажет, сосын барып, алаңдамастан өзіңе той-думан
жаса. – деді де, тағы да кетіп қалды.
Содан кейін оны мен екі жыл бойы көрмедім. Бір күні тағы
кезіктірдім, жүзін терең əжім басыпты, жанары жасаурай береді, нағыз
қ
арияға айналыпты, жарықтық.
- Арқатжан, армандаған байлыққа қол жеткіздің бе? – деп сұрады ол.
- Жеткенім əлі де жеткіліксіз,- бірақ та, жинағаным біршама, ол қор
маған күн өткен сайын ақшамды еселеуде.
- Ал, сен əлі күнге кірпішшінің кеңесіне тəуелдісің бе?
- Ол маған кірпіш басу жөнінде ғана жақсы кеңес береді.- дедім.
- Арқат, сен өзіңе керек сабақты жақсы меңгеріпсің,- деп жалғады
сөзін ол.- Сен əуелі жалақыңнан аз ақшаға тірлік еттің, сосын кеңесті
тек қана біліктіден алуды үйрендің. Ақырында өзіңе тиесілі алтынды
ө
зіңе жұмыс істетуді меңгеріпсің.
Сен ақша жинауды, оны сақтауды əрі оны жұмсауды игердің.Енді сен
ү
лкен іске əзірсің. Мен болсам, қартайдым. Ұлдарым болса, дайын


ақшаны жұмсауға ғана құмар, молайтуды ойлар емес. Өзімнен кейін не
боларын ойласам, шошынамын. Сен Ниппурға бармайсың ба, менің
жерімді қадағалауға? Мен саған үлесіңді табыстай да, мұралай да
беремін.
Сөйтіп, мен Ниппур қаласына барып, бай қарттың алып иелігін
меңгеруді қолға алдым.Байлықты еселеудің үш заңын біле жүріп, мен
ол иеліктің құнын арттыра білдім. Алғамыстың жаны күңгірт дүниеге
аттанар кезде, ол маған куəлардың көзінше менің үлесіме сай тиесілі
мұрасын қалдырып кеткен еді.
Арқат өз əңгімесін бітіргенде, достарының бірі былай деді:
- Сенің жолың болғанда, сені алпауыт Алғамыс өзінің мұрагері етті
ғ
ой.
- Менің жолымның болғаны сол – менің онымен кездескенге дейін
баюға ұмтылғаным еді.Мен оған төрт жыл бойы өзімнің мұратыма
жететінімді дəлелдедім емес пе? Төрт жыл бойы балықтың қабу тəсілін
зерделеп, жел бағытының құбылуына қарамастан, ауды тиісті жерге
құ
ра алатын адамды қалай жолы болғыш жан деп есептейсің? Сəттілік
деген – тəкəппар пері. Ол əзірліксіз адамға уақытын кетірмейді.
- Сенің ерік-жігерің мықты екен. Бір істі қайтадан бастауға дəтің
шыдады ғой.
- Ерік-жігер дейсің бе? Бос сөз. Түйе де көтере алмас жүкті көтеруге
болмаса өгіз тарта алмас арбалы жүкті тартуға ерік адамға қуат бере
ме? Ерік күші дегеніміз – бар болғаны айдаушы ғана, менің алдыма
қ
ойған міндетті орындауға итермелер қамшы. Алдыма түкке тұрғысыз
мақсат қойсам да, оған мен қалай да жетем.Əйтпесе, мен мұндай
байсалды істерге өзімді салмас едім. Егер мен өзіме «Жүз күн бойы
қ
алаға көпір бойымен кірерде жолдағы тастарды өзенге лақтыру
керек» деп уəде етсем де, оған ойланбастан кірісер едім. Егер де
жетінші күні тас лақтыруды ұмытып кетсем, өзіме: «Ертең бірден
екеуін лақтыруым керек» деудің орнына, кейін бұрылып барып,
бəрібір тастар едім. Ал, жиырмасыншы күні өзіме өзім: «Арқат, жетер,
пайдасыз іс қой. Күн сайын тасты шыйырғанда, не бітеді? Одан да
бірден жинап алып, лақтыр да тынсайшы» демес те едім, олайша тас та
лақтырмас едім. Егер мен алдыма міндет қойсам, оны орындамай
қ
оймаймын.Сол себепті де, алдыма күрделі де орындалмайтын мақсат
қ
оймаймын.
Екінші досы тұрды да былай деді:
- Сенің айтқаның рас болса жəне ол сондай жеңіл болса, неге
айналаңда кедейлер толып жүр?


- Адамдар еңбегін салса ғана байлық көгере түседі, - деді оған Арқат.
– Егер бай өзіне жаңа сарай салса, оған жалатылған алтын жойылып
кете ме? Жоқ. Өз үлесін кірпішші де, қалаушы да, суретші де алар еді.
Құ
рылысқа еңбек қосқан əр адамның өз үлесі бар. Ал сарай дайын
болғанда, оның құны салынған қаржыдан кем бола ма? Ал, сарай
тұрғызылған жер мен оның маңы баға жағынан қымбаттамай ма?
Байлық əлдебір сыйқырлы жолдармен еселене түседі, ол жолдар
ешкімге де мəлім бола бермейді.Финекейліктер өздерінің ірі
қ
алаларын кемелермен тасыған байлықтың арқасында бетпақ далаға
салып алған жоқ па?!
- Ал, енді біздің де баюымызға керек кеңесті сен қалай берер едің? –
деп сұрады үшінші дос.
- Жылдар болса, жылжып өтуде. Ал біз қартая түспекпіз, күтуге
уақыт жоқ.
- Алғамыстың даналығын пайдаланыңдар əрі өздеріңе былай серт
берген жөн: «Мен тапқан табыстың бір бөлігі өзіме тиесілі». Сосын
табыстарыңның бір бөлігін жинай беріңдер. Ол табыстың кемінде
оннан бір бөлігі болғаны мақұл. Бұл үшін барлық шығынды төлеген
дұрыс. Бірақ алдымен өз үлестеріңді бөліп алыңдар.Көп ұзамай, оның
соншалықты жанға жайлы əрекет екеніне көздерің жетеді –
қ
олдарыңда өз мүдделеріңе ғана жарататын қаржы қорланады. Қаржы
молайған сайын сезімдерің семіре түседі. Өмірлеріңнің мəні артады.
Сендер барған сайын көбірек қаржы табуға мүдделі боласыңдар, сол
кезде өздеріңнің үлестерің де молаяды.
Содан соң қорланған қаржының өздеріңе жұмыс істеуіне əрекет
керек.Жинақты өздеріңе құл ете білу қажет. Олар балалайтын болсын,
ал ақша-балалар да балалауға кірісуі керек, сөйтіп, олардың барлығы
жыйылып, қожайын игілігіне қызмет етуі тиіс.
Ө
з келешектеріңді қамтыңдар. Қарияларға назар аударып, уақыт
келгенде сендер де сондай болатындарыңды ескеріңдер.Сондықтан
ақшаны іске абайлап салыңдар, ол құнсызданып не жойылып
кететіндей болмасын. Ақшаны қарызға беру – теңіз кешкен аңғал
сапаршыны жартасқа соқтыратындай алдамшы жайт.
Ə
рине, одүниеге де алаңсыз түрде артта қалған əулетіңіз кедейлікке
ұ
шырамауын қамти аттанған жөн ғой. Ол үшін ылғи да аздаған соманы
жыйып отыру керек.
Ылғи да білікті сарапшылармен кеңескен жөн. Кеңесті күнделікті
ақшамен жұмыс істеп жүрген кісілерден алу керек. Олар сендерді бір
кезде кірпішші Азмұрға ақшамды сеніп тапсырған менің басымнан
кешкен қателікке ұрынудан сақтасын.Ақшаны тəуекелге тастағаннан
гөрі, сенімді адамға шамалы пайызбен аманатқа тапсырған дұрыс.


Тірі кезде өмірдің қызығына қуанған лəзім. Ақшаны қопыратып көп
жинауға ұмтылмаңдар. Табыстың оннан бір бөлігін сақтау жеңіл болса,
соған қанағаттанған мақұл. Табысқа сай тірлік кешіп, ақша жұмсаудан
тартынбаған абзал.Қызыққа толы кезде өмір сондай жанға жайлы.
Арқаттың достары оған алғыстарын жаудырды да тарасты.
Кейбіреулері томаға тұйық қалды, өйткені, көп нəрсені түсіне қоймаса
керек. Бірқатары сонша бай адамның өз құпиясымен бөлісе қоюына
күдік келтіргендіктен сене қоймады. Дегенмен, кейбіреулерінің
көздерінде ұшқын шаша бастады. Олар Алғамыстың əрбір келісі
адамның түнектен жарыққа жол табу сəтін бақылағаны екенін жақсы
ұқ
ты.Егер ол адам жарыққа жол тапса, онда ол тек қана əзір
болғандығынан еді.
Арқатқа,əсіресе соңғы топ қана келгіштеді. Ол болса, достарын қуана
қ
арсы алып, оларға бай тəжірибесін бүкпесіз жеткізді.Алған біліктерін
достары өз жинақтарын сəтті салым етуге пайдаларына жаратты, олар
қ
орланған ақшаларын босқа жұмсамай, құнсыздандырмай, сенімді
табыс көздеріне ие болысты.
Бұл адамдардың өміріне сəуле шашқан жарқын күн əуелі Алғамыс
Арқатқа, ал Арқат соларға берген даналықты бойларына сіңіруден
басталған еді.
СЕН ТАПҚАН ҚАРЖЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ҒАНА ӨЗІҢЕ ТИЕСІЛІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет