Таяқты таңдағанда оның негізгі параметрлері – ұзындығы болып табылады. Науқастың ұзындығы бойынша таяқты таңдайды, ол үшін науқас денесін тік ұстап, қолдарын шынтақ буынында 150 – 200 бұрышта бүгеді. Таяқтың ұстайтын басы үлкен саусақтың негізі денгейінде болуы керек. Таңдау кезінде науқас өзі үйренген ыңғайлы аяқ киімде болуы керек. Егер науқас әртүрлі биік өкшелі аяқ киімдер кисе, онда телескопиялық (биіктігі реттелетін) таяқ қажет.
НАУҚАСҚА БАСПАЛДАҚТАН ТАЯҚПЕН ТҮСІП – ШЫҒУДЫ
ҮЙРЕТУ
1. Науқас баспалдаққа шыққан кезде бос қолмен баспалдақтын тіреуішінен
ұстау керек.
Баспалдақтың сатысына сау аяқты қойып, кейін сатыға таяқты қойғанын қадағалаңыз.
Науқас таяққа сүйеніп, ауырған аяқпен жоғары сатыға қадам басады.
Науқастың ауырған аяғы мен таяқ бір сызық деңгейінде болу керек.
БАСПАЛДАҚТАН ТАЯҚПЕН ТҮСКЕН КЕЗДЕ ЖҮРУ ТӘРТІБІ:
Науқас екі аяғын бірге қойып, таяқты төменгі сатыға орналастырады.
Таяққа сүйеніп, аздап алдыға еңкейіп, ауырған аяқпен қадам жасайды.
Ауырған аяғы тұрған сатыға сау аяқты қою керек.
БАЛДАҚТЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ
Қолтық астына арналған балдақтарды тандағанда екі параметрлерді ескеру керек: балдақтың қолтық асты тіреуішінен балдақтың ұшына дейінгі жалпы биіктігін және қол басын тіреуге арналған тұтқасының биіктігін. Төсекте жатқан науқасқа қолтық асты балдақтарын тандағанда, науқастың жалпы бойының биіктігінен 40 см алып тастаңыз. Балдақтарды дұрыс қолданғанда, дененің бойымен бір денгейде қойып,еденге тіреп, аяқ басынан 15 – 20 см алшақ қою керек. Қолтық асты ойысынан балдақтың көлденең тіреуіші арысында шамамен 4 – 5 см. болуы керек. Балдақтарды дұрыс қолданғанда қол басын тіреуге арналған тұтқасынан ұстап, шынтақ буыны 300 дейін бүгіледі.
Науқас балдақпен жүрген кезде мынадай тәртіпті сақтау керек:
Балдақпен қадам жасаған кезде, салмақты сау аяққа түсіреді.
Тепе – теңдікті сақтайтындай етіп, балдақты бір нүктеге орналастыру керек.
Аяқтан қолға салмақты ауыстырып, қадам жасау керек.
Балдақпен жүрген кезде ешқашан қолтыққа сүйенбеу керек.
Әрдайым қол бұлшық етінің күшін қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |