Демеуші белдік – науқастың орнын ауыстыру үшін тағайындалатын медициналық құрал. Белдік жұмсақ және тығыз матадан жасалады. Оны бекітетін жапсырмалары және алдынан жабылатын лентасы бар. Белдікте науқасты демеп тұруға арналған ілмектері болады.
Демеуші белдікті қолдану көрсетілімдері:
Науқастың қауіпсіз және ыңғайлы қлзғалуын қамтамасыз ету үшін қосымша тіреу ретінде және жүрген кезде науқастың құлап қалмауынан сақтау үшін қолданылады.
Науқасты төсектен отырғыш – каталкаға отырғызғанда қолданылады.
Демеуші белдікті дұрыс қолдану ережесі:
Белдікті белге таққанда ілмектері белдіктің шеттерінде орналасу керек.
2. Белдіктің барлық жапсырмаларын жабыстырып, лентасын бекіту керек.
3. Емдейтін дәрігердің тағайындалуымен ғана белдікті қолдану қажет.
Демеуші белдікті қолданудың қарсы көрсетілімдері:
Егер белдікті тағатын аймақта тері жабындыларының жарақаты, ірінді жаралар, күйіктер т.б. болса, белдік үйкеліп, ауырсыну сезімін, инфирлерген жара, немесе инфекцияның жайылуын туғызады.
Тері жабындыларына қыздыратын жақпадан кейін демеуші белдікті қолдануға болмайды.
Науқасқа қауіпті болатын химиялық заттармен және биологиялық сұйықтықтармен белдік ластанса.
Дәрігердің тағайындалуымен ғана демеуші белдікті қолдануға болады. Егер науқас демеуші белдікті таққанда немесе таққаннан кейін беліндегі ауырсынуға шағымданса, мейірбике емдейтін дәрігерге хабарлау керек
Бүгінде медицина қызметкерлерінің шамадан тыс жүктелуі мен жарақаттануы мәселесі денсаулық сақтау технологиясы – медициналық Эргономика көмегімен шешілуде. Бұл мейірбикелерге дұрыс кәсіби жағдайларды үйренуге және заманауи эргономикалық құрылғыларды қолдана отырып, ауыр науқастарға күтім жасау бойынша күнделікті практикалық іс-әрекеттегі физикалық белсенділікті жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Пандус – мүгедектерге арналған арбамен журетін орын. Пандус ғимараттардың кіре берісінде және ғимараттардың ішіндегі баспалдақ жанында болады. Мүгедек адамдарға баспалдақпен көтеріліп түсуіне ынғайлы жағдай туғызады. Дөңгелекті көлік құралдарының деңгейі әртүрлі екі көлденең жазық беттері арасында орын ауыстыруын қамтамасыз ететін көлбеу жазықтықты алаңша, коммуникациялық құралым. Жоспарлық көрінісі бойынша тікбұрышты немесе қисықбұрышты болып келуі мүмкін.
Жиі кездесетін қолданыс аясына мүгедектерге арналған арбашықтардың цоколь қабатынан жоғарырақ немесе төменірек орналасқан кіреберістерге енуін және көп қабатты гараж этаждары арасында автомобильдердің өз жүрісімен қозғалысын қамтамасыз ету кіреді. Кейбір жағдайларда үймереттердің сыртқы және ішкі баспалдақтарын алмастыруы мүмкін. Заманауи құрылыста пандустар қоғамдық орындарда (оның ішінде жерасты өтпелері де бар) мүгедектер мен балалар арбашықтарынының емін-еркін жүріп-тұруы мақсатында баспалдақтармен қатар салынады, не болмаса толығымен алмастыруда
Достарыңызбен бөлісу: |