Көлемі 3,0 л этен, этин және сутегі газдарының қоспасын платина катализаторы арқылы өткізгенде, қоспа көлемі 1,6 л-ге дейін кеміген. Егер осы қоспаның 6,72 л көлемін күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі арқылы өткізсе, онда 9,6 г тұнба түскен. Бастапқыда берілген қоспадағы газдардың зат мөлшерлерінің қатынасын табу керек. Жауабы: 1,8:2,7:8,9
Көлемі 100 л метан, көміртек (ІІ) оксиді және этен газдарының қоспасын жаққанда, 120 л CO2 газы түзілген. Газдардың көлемдері бірдей жағдайда өлшенген деп есептей отырып, бастапқы берілген газдар қоспасындағы этеннің көлемін табыңдар. Жауабы: 20 л С2Н2
Массасы 200 г ерітіндідегі тұз қышқылының массалық үлесі 18,25% болу үшін, хлор және сутек газдарының қандай көлемдері (қ.ж.) өзара әрекеттесуі қажет? Жауабы: 11,2 л 𝐇𝟐; 𝟏𝟏, 𝟐 л 𝐂𝐥𝟐
Хлорсутек қосылысын синтездеу үшін 6,0 г сутек пен 142 г хлор газдары өзара әрекеттестірілген. Түзілген қоспадағы газдардың әрқайсысының көлемдік үлестерін және осы қоспаны 854 мл су арқылы өткізгенде пайда болған ерітіндідегі тұз қышқылының массалық үлесі қанша? Жауабы: 20% 𝐇𝟐; 𝟖𝟎% 𝐇𝐂𝐥; 𝟏𝟒, 𝟔%𝐇𝐂𝐥ер−ді
Құрамында 20% қоспасы бар кальций карбонатының қандай массасын қақтағанда, бөлінген көмірқышқыл газының мөлшері 52 кг ацетиленді жаққан кезде түзілген көмірқышқыл газының мөлшерімен бірдей болады? Жауабы: 500 кг
Металл күйіндегі мыс пен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттескенде, реакция нәтижесінде 75г𝐶𝑢𝑆𝑂4 ∙ 5𝐻2𝑂 мыс купоросытүзілген. Егер мыс купоросының құрамына мыс металы толық, ал күкірт қышқылының 95%-ы енетін болса, онда бастапқыда мыс пен күкірт қышқылының қандай массалары әрекеттескен? Жауабы: 19,2 г 𝑪𝒖; 61,9г 𝑯𝟐𝑺𝑶𝟒
20,0 г мыс платинкасы күміс нитраты бар ерітіндіге реакция толық аяқталғанша батырылған. Реакция соңында пластинка массасы 19% артқаны байқалған. Бастапқы берілген ерітіндідегі күміс нитратының массасын табыңдар. Жауабы: 8,5г 𝑨𝒈𝑵𝑶𝟑
7,6 г темір шала тотық сульфатын нейтрал және қышқылдық ортада тотықтыру үшін неше г калий перманганаты керек? Жауабы: 2,63 г; 1,58 г 𝑲𝑴𝒏𝑶4