Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ



бет2/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Берілгенжұмыста бірқатар Мемлекеттік стандарттар қолданылды:


Каталогтық және библиографиялық түсініктемелердегі қысқартылған щзыс сөздері және тіркестері ГОСТ 7.12 – 70.
Мөлшездегі және шекті ауытқуларды енгізу ГОСТ 2.307 – 68.
Өлшемдер жүргізуді стандарттау және аттестациалау ГОСТ 8.010 – 72.


АНЫҚТАМАЛАР


Ағзаның қызметтік қорлары дегенімізоның өз жұмыс қабілетін, жасушалық деңгейде жүретін энергетикалық және пластикалық процестердің үдемелі қарқындылығын, ағза мүшелеріндегі физиологиялық процестер мен дене қабілеттерін арттыруының жасырын мүмкіндіктері [1].
Антопометриялық пішін (профиль) ­ сигмалық айырмашылықтарды қисық сызық түрінде бейнелеу [1, 16б].
Дәрігерлік ұстаздық бақылау дегеніміз ­ жылдық жаттығу айналымы барысындағы дәрігер мен бапкердің бірлесе бақылауы [1, 124 б].
Дененің дамуы деп әр адамның жұмыс қабілеті мен биологиялық жетілу сатысын сипаттайтын құрылымдық және қызметтік көрсеткіштердің жинағын атайды [1, 8 б].
Дене сымбаты деп әр адамның дағдылы отыру, тұру, жүру мәнерін атайды [1, 8 б].
Дене пішіні деп дененің тотальды өлшемдерін, оның әр бөлімдерінің мөлшерлері мен сыртқы пішінін, олардың бір ­ бірімен сай келушілігін (пропорция), сүйек, бұлшық ет, май тіндерінің дене салмағындағы үлестерін айтады [1, 14 б].
Дене құрылымы деп ағзаның сыртқы және ішкі әсерлерге жауап өзгешелігін анықтайтын, тұқым қуалай және жүре қалыптасқан қызметтік, құрылымдық көрсеткіштерінің жинағын атайды [1, 14 б].
Денсаулық дегеніміз ­ ауру мен кемтарлықтың жоқтығы ғана емес, ол физикалық (дене), рухани және әлеуметтік толық аман – есендік [1, 18б].
Денсаулықтың саны дегеніміз- тіршілік ету мүмкіндігі сақталатын сыртқы орта өзгерістерінің шегі [1, 19б].
Денсаулық деңгейі дегеніміз – қалыпты қоршаған ортадағы тіршілік белгілерінің үдемелі қарқындылығы [1, 21б ].
Жинақталған күрделі әсер ­ жылдық жаттығу жүйесінің белгілі бір кезеңінен кейін байқалатын өзгерістер, яғни бірнеше тікелей және созыңқы әсерлер жинағы [1, 125 б].
Иммунитет дегеніміз жұқпалы ауруларға ғана қарсыласу қасиеті емес, ол зат алмасу барысында пайда болатын әр түрлі тотығу заттарына, шөгінділерге де қарсы тұру қабілеті [2, 34 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет