Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ


Еркін күресте педагогоқалық қаита қалпына келтіру құралдарымен тиімді паидалану



бет14/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

3 Еркін күресте педагогоқалық қаита қалпына келтіру құралдарымен тиімді паидалану


3.1 Еркін күреспен айналысатын спортшлардың жұмысқа қабілеттігі мен қайта қалпына келтіру педогогиқалық әдістемесі
Еркін күрестен ұсынылатын үлгілік бағдарлама негізінде (Табаков С.Е., Елисеев С.В., Конаков А.В., 2005) дайындықтың жылдық жоспарымен қатар, балуандардың дене және тактикалық дайындығының дәрежесіне сүйене отырып, жылдық оқу-жаттығу жоспары дайындалды. Спорттық дайындықтың жан-жақты қырларын дамыту үшін жаттығу жоспарын құру барысында уақытқа бөлгенде желтоқсаннан басқа айлардың барлығында күніне бір жаттығудан құралды. Уақыттың басым бөлігі жылына 311 сағат техникалық-тактикалық дайындыққа берілді, жалпы дене дайындығы мен арнайы дене дайындығына жылына 148 және 144 сағаттан бөлініп отырды, бұл әрине еркін күрес балуандарының спорттық жетілу кезеңіне сипатты дүние. Жүктеме мөлшерінің көлемі бойынша ең ауқымдысы желтоқсан айы болды (109 сағат), бұл күніне екі рет машықтану сабақтары жүргізілетін спорттық жиындардың өтуімен байланысты.
Жылдық жүктеменің жоспарлануына сәйкес, айлық жаттығу сабақтарының жоспары құрастырылды, онда жаттығу сабақтарының көлемі мен олардың бағыты сондай-ақ зерттеуге қатысушылардың қолданатын қайта қалпына келтіру тәсілдері енгізілді. Осы жоғарыда айтылғандармен байланысты зерттеуге қатысушы спортышылардың жаттығу үрдісі күніне бір жаттығу сабағынан құралып, оның ұзақтығы, көлемі мен қарқыны сол айлық жоспарланған айлық жүктеменің ішіне енді. Арнайы әдебиеттерге талдау мен зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеу тобындағы еркін күрес балуандарының жалпы және жергілікті қайта қалпына келтіру тәсілдерін
Әдістеменің негізіне келесі іс-шаралар енді: оқу-жаттығу жоспарын қалыптастыру; психикалық-бұлшық еттік жаттығу; қайта қалпына келтіру бағытындағы жүзу; массаждың аппараттық әдісі; гидромассаж; өзін-өзі массаждау; гидропроцедуралар-душ, соның ішінде: жылы, ыстық және контрасты душ; жылу процедуралары – монша, сауна, бассейнмен бірге сауна; дәрумен (витамин) кешендерін қабылдау - Компливит, Центрум, Дуовит; микроэлементтері бар препараттарды қабылдау - Гумет-Р, Берешь+, Актовегин, Магне B6, Триовит, Сорбифер дурулес, Кальций глюконат, Биохром, Биоцинк, Биокалий.
Балуандарға психикалық-бұлшық еттік жаттығу ұйқы алдында жасалды, шалқадан жатқан қалыптарында яғни аяқтарын сәл ашып, қолдарын шынтақтан бүккен қалыптарында төмен қаратып, келесі ретте жасалды: қол бұлшық еті – иық буындарынан бастап, саусақ ұштарына дейін, аяқ бұлшық еті – жамбас буынынан аяқ саусақтарына дейін, дене бұлшық еттері, мойын, бет.
Қайта қалпына келтіру іс-шараларын қолдану әдісі, жаттығу жұмысының бағытына байланысты болды. Жалпы дене дайындығының пайыздық құрамына байланысты жалпы қайта қалпына келтіру тәсілдері, ал арнайы дене дайындығына байланысты – жергілікті қалыптастыру тәсілдері қолданылды.
Гидропроцедуралар: 5-7 минут көлемінде контрасты душ: 1-2 минут жылы душ (37-380С), 5-10 секунд салқын душ (15-180С), артынша ыстық душ (42-450С) жылы сумен 1-2 минут араластырыла қолданылды. Қайта қалпына келтіру жүзуі балуанның жағдайына, көңіл-күйіне байланысты 400 м ден 600 м дейін тағайындалды.
Жылу процедуралары: демалыс күнінің алдында балуандарға булы монша, жалпы уақыт көлемі 1-1,5 сағаттан тұрды, булану бөлмесіне 5-7 минуттан болатын +70°+ 75° Цельсия бойынша температурада, 2-3 рет кіруден құралды. Екінші рет қыздырыну бөлмесіне кіру кезінде 3-4 минут қайың сыпыртқысын қолданды. Сыпыртқымен булану төмендегідей жағдайда жүргізілді: ішпен жатқан қалпында сипау, ысқылау (постегивания) тәсілдері жасалды. Сәрсенбі күні, белсенді демалыстан кейін балуандар бассейні бар сауналарға барды, жалпы саунадағы уақыттары 1,5-2 сағатты құрап, үш рет 7-10 минуттан +95° + 110° Цельсия бойынша булану бөлмесіне кіруден тұрды.
Массаж түрлері: аппараттық массаж – массаж креслосында аптасына екі рет орындалды (дүйсенбі, бейсенбі), 10 минуттық бағдарлама орнатылып, ол ірі бұлшық ет топтарын массаждауға бағытталды (аяқ, арқа, қол). Өзін өзі массаждау аппараттық массажға қосымша ретінде жүргізілді, балуандар негізінен өз аяқтарын яғни сан бұлшық етін, тізе буынын, балтырын, тобық буыны мен табандарын массаждады. Бұлшық етті созуға арналған: сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, дірілдету, ұрып-соғу тәсілдерімен қатар, буындарға енжар жаттығулар жасалады. Гидромассаж саунамен біріктіріле қолданылды. Спортшы бассейнде 1,5-2 минут қуатты, күшті судың ағынында тұрып, өз дене қалпын өзгерткен қалпында бүкіл денесін қызартқанға дейін бір сеанс 2 рет қолданылды. Бассейн суының температурасы Цельсия бойынша +22° + 25° болды.
Сумен тұздың үйлесімділігі Нарзан, Ессентуки №2, №17 минералды суларымен бір адамға күніне 0,5 литр ұсталды.
Бақылау тобын фармакологиялық қамтамасыздандыру күніне витаминдік препараттар кешенін пайдаланудан тұрса (Компливит, Центрум Дуовит), зерттеу тобының балуандары да витаминдер мен минералдық препараттарды қолданып отырды, сондай-ақ препараттардың максимальді тәуліктік мөлшері аннотациясына сәйкес болды.
Әрине, маңызды жарыстың алдында 20 күндік оқу-жаттығу жиыны жоспарланып, қайта қалпына келтіруші іс-шаралар анықталды. Бұл кезеңде балуандар оқу сабақтарынан босатылып, күніне екі рет жаттығу сабақтарының бағдарламасы бойынша шұғылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет