Осымен біздің Ұлы Жеңіске арналған мерекелік еркін сағатымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Анықтама
Ж.Досмұхамедов мектебінің 7 – 8 сынып оқушыларына жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» атты еркін сағаты оздырылды. Еркін сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Тыл ардагерлері туралы өз отбасындағы ата әжелерінің ерліктері туралы оқушылардың ой толғауын жасай отырып, оқушылардың сөйлеуін дамыту болды.
Шара жалпы жеңістің ауыр жолдарын айта келе, бір минут үнсіздік жариялап ардагерлерді еске алумен басталды. оқушылардың жеңіс туралы өлең оқуларымен жалғасын тапты. Тыл ардагерлерін айта келе оқушылар өз ата әжелері жөнінде біраз ақпарат беріп, керемет әңгімелерімен бөлісті. Атап айтсақ Өлеңті ауылының ақсақалы болған Сұлтан атасының еңбек жолын айтып, және еңбек ардагері Жалмұхан атасының өмір жолын айта келе 8- сынып оқушысы Арман атасының 11 ұл қызы бар екенің одан тараған немеренің бірі болғанына мақтанатынын жеткізсе, 7 – сынып оқушысы Темір Әмір өз атасының ерте жастан еңбекке араласып, Озат механизатор болғанын тілге тиек етті. Қарағойшы Гүлзат өзінің атасы Ғазез атанын талай осы мектеп төрінде оқушылармен кездескенін айтып, сыр толғады. Еркін сағат осылайша балалардың ойымен жалғасып, соңынан әсем суретке түсті.
Куратор: Мустафиева Н.Ш
Жолсарина З.М
Достарыңызбен бөлісу: |