Ерназар ауылдық округі әкімінің ауылдық округ тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасының тезисі



жүктеу 45.26 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі45.26 Kb.
Ерназар ауылдық округі әкімінің ауылдық округ тұрғындарының

алдында есеп беру баяндамасының

ТЕЗИСІ

Ерназар ауылдық округіне 3 елді мекен орналасқан: Ерназар, Қоянбай, Морозов орманшаруашылығы. Ауылдық округте барлығы 663 аула бар, 13 ұлттан құралған 2245 адам тұрады. Ауылдық округте барлығы 56 шаруа қожалығы бар.

2012 жылы 1009 тонна ет, 531 –тонна сүт, 643915 дана жұмыртқа тапсырылды. Өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға өсті. Ауылдық округте ірі қара мал -3945 бас, қой –ешкі -8200 бас, жылқы-1400 бас, шошқа-50, құстар -7000, өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал- 28 басқа, жылқы-67 басқа, ұсақ қара мал -40 басқа өсті. Округ бойынша 2012 жылы егіс алқабы 2631 га аумағын құрады, бірақ барлық астық алқаптары ауа райының қолайсыздығына байланысты есептен шығарылды.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Округ бойынша барлығы 12 дүкен, 4 дүңгіршек, 1-дәріхана, 1-жаттықтыру залы, 1-май соғатын цех, 1-диірмен, қолдан ұрықтандыру пункті, 3 мал сою алаңы бар.

Патент бойынша 31, куәлікпен 58 шағын бизнес субьектілері жұмыс істейді. Округте шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасалуда, бұл олардың сандарының өсуіне, өнімдер мен қызметтер көлемінің артуына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал етеді. Округ бойынша 2012 жыл ішінде кәсіпкерлікпен айналысу үшін несие алуға үш азаматтардан өтініш түсті, өтініштері қанағаттандырылып, биылғы жылы округ бойынша 2 наубайхана, 1 пима басатын шағын цех Ерназар ауылында 1 дәріхана ашылып, 4 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 11 жұмыссыз адам жұмысқа жіберілді.



Б Ю Д Ж Е Т

2012 жылы округ бойынша жергілікті салық жинағы - 1924000 мың теңге, оның ішінде : жер салығы - 157000 теңге, мүлік салығы - 167000 теңге, көлік салығы-1600000 теңге. 2012 жылы зейнетақы -153409595 теңге, бюджеттік мекемелерге- 58590271 теңге жалақы төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 485700 тыс теңге, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар - 295000 теңге төленді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Округте 1 амбулатория, 2 дәрігерлік пункті бар. Бұл салада 12 адам жұмыс істейді, оның ішінде: бірінші категориялық -1 дәрігер, 8-медбикелер, 2-тазалықшы, 1-жүргізуші.

Медицина қызметкерлері жедел-жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.

2012 жылы жас нәрестелердің дүниеге келуі саны-34, қайтыс балған адамдар саны-23.



БІЛІМ БЕРУ

Білім беру саласына келетін болсақ, округте жалпы білім беретін 2 мектеп жұмыс істейді, мектептер комьютермен жабдықталған. Осы мектептерде 324 оқушы оқиды, мектепалды сыныптағы балалардың саны -41, 56-мұғалім жас ұрпақтарға білім береді. Мектептерге химия кабинетіне жабдықтар алынды. 2012 жылы Сосновка орта мектебінің базасында 25 балаға арналған «Еркетай» шағын орталығы ашылды. Осы орталықтың ашылуына аудандық бюджеттен 6412 мың теңге қаражат бөлінді.Шағын орталықтың ашылуымен жаңа жұмыс орындары құрылып, 7 ауыл тұрғындары жұмыспен қамтамасыз етілді. Мектептерде әр-түрлі спорт секциялары жұмыс істейді (волейбол, баскетбол, теннис т.б). Сондай-ақ мектептерде пәндік үйірмелер, қызықты клубтар жұмыс істейді.

Оқу жылы басталғаннан бері екі мектепте бастауыш сыныптардың оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылды барлығы -152 оқушы оның ішінде : 106 оқушы -Сосновка орта мектебінде, оның ішінде -80 бастауыш сынып оқушылары, 26-оқушы күн көрісі төмен отбасылдардың балалары, Қоянбай орта мектебінде-46 оқушы,ошың ішінде-13 оқушы күн көрісі төмен отбасылардың балалары.

Мектептерде медициналық қызмет көрсету үшін медициналық кабинеттер жұмыс жасайды. Сосновка орта мектебіне Морозов орман шаруашылығының 60 оқушысы автобуспен тасымалданады. Сосновка орта мектебі компьютерленген, ұстаздармен қамтамасыз етілген бірақ 2011 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қортындысы – 72,83 баллды құраса, 2012 жылы -60,4 баллды құрады. 2011 жылы Қоянбай орта мектебінің ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы- 98 баллды құраса, 2012 жылы 63,0 баллды құрады.



МОРОЗОВ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округ аумағында «Семей орманы» резерваты мемлекеттік мекемесінің Морозов филиалы орналасқан.Осы филиалда 98 адам жұмыс істейді. Орман өрттерін сөндіруге арналған техникалар саны- 14 оның ішінде: 2- өрт сөндіру машинасы, 2- су таситын машина, 10- трактор.

Морозов орман шаруашылығында 400 гектар алқапқа ағаш көшеттерін отырғызды. Өкінішке орай 2012 жылы 9 дала өрті, көлемі -176,51 га, 10 орман өрті болды. Орман өртімен жанған орман көлемі 0,16 га құрайды. Осы өрттерді сөндіру үшін 233609 теңге қаражат жұмсалды.

БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕСІ

Округ бойынша 2 ауыл мекенінде байланыс торабы жұмыс істейді. Байланыс торабында телеграмма қабылдау, жөнелту, хат-хабарлар, газет - журналдар жеткізу қызметтері көрсетіледі.

2012 жылы телеграммамен қызмет көрсету, телефонмен сөйлесу – 10831968 теңгені құрады, газет-журналдарға жазылу – 634 дана, 723288 мың теңге. Жоспар бойынша 100% орындалды.

ТӘРТІП САҚТАУ

Ал енді тәртіп бойынша келсек, округте оперативтік жағдайды тұрақтандыру, қылмысты болдырмау мақсатында «Құқық тәртібі», «Допинг», «Қару», «Мигрант» бойынша әр –түрлі ұйымдастыру тәжірибелік шаралар өткізілді. Бірақ қолданылып жатқан шараларға қарамастан округ бойынша 2012 жылы әкімшілік жауапкершілікке 115 адам, қоғамдық ортада маскүнем күйінде болғандары үшін -29 адам, паспорт жүйені бұзғандары үшін 33 адам, ұсақ сотқарлық үшін 5 адам, қару сақтау ережесін бұзғандары үшін 6 адам, жол ережесін бұзғандары үшін 10 адам тартылды.

Округ бойынша қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылық және ұрлық болмауы үшін 3 адамнан тұратын сарбаздар жасағы құрылып жұмыс істеуде, 9 адамнан тұратын Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Айсайын ақсақалдар кеңесінің отырысы өткізіліп отырады. Қоғамдық қауіпсіздік мәселесі үнемі бақылауда.

ЖОЛДАР, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ

КӨГАЛДАНДЫРУ.
Әрбір жұма күні «Тазалық жұмасы» және сенбі күндері сенбілік жүргізіліп отырады. Көшелерді жарықтандыру үшін 520 мың теңге, санитарлық тазалауға-238 мың теңге, бос жүрген иттерді ұстауға-62 мың теңге, ескерткіштерді жөндеуге -150 мың теңге, ауыл ішіндегі жолдарды тазалауға -300 мың теңге бөлініп игерілді.

Ерназар ауылдық округінде барлығы 69 шам орнатылған, оның ішінде 10 шам 2012 жылы Ерназар ауылының Гагарин көшесіне орнатылды.



МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округте 2 кітапхана жұмыс істейді. Қоянбай ауылында кітаптар қоры -14088 дана, 2317704 мың теңге,



Әр- түрлі көпшілік шаралар өтті (жаңа-жылды қарсы алу, наурыз мейрамы, спорт түрлерінен жарыс).

Ұлы Отан соғысының 67 жылдығы, қарттар мен мүгедектер күні атап өткізілді. Соғыс ардагерлеріне бағалы сыйлықтар беріліп, концерт ұйымдастырылды. Қарттар күніне жалғыз басты қарттарға және тұрмысы төмен отбасыларға заттай сыйлықтар тапсырылды. 2012 жылы 10 тамыз күні Шошқалы көлінің жағасында «Бесқарағай інжуін сақтайық» атты өткен акцияға ауыл жастары қатысып тазалық жұмыстарын жүргізді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет