Ерсултанова з. С., Уразова э. К. Актуальность внедрения компьютерных сетей в школьный учебный процесс с использованием эмулятора



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата19.12.2023
өлшемі369.58 Kb.
#486879
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СИНТАКСИСТЕГІ СӨЙЛЕМ ТҰЛҒАСЫ МЕН ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

4 Талқылау 
Парадигманың лексикалық, морфологиялық жəне синтаксистік түрі жөнінде жалпы 
тіл білімінде бұрыннан сөз болып келе жатқандығы мəлім. Ал жеке бір функционалдық тұл-
ғаның парадигмасы деген мəселеге əлі ешкім көңіл аудара қойған жоқ. Бұл мəселе алғашқы 
рет 2000 жылы көсемшенің жұмсалу өрісіне қатысты қолданылған болатын. Парадигма ұғы-
мы бүгінгі қазіргі тіл білімінде тілдің барлық деңгейлеріне қарастты зерттеліп жүр. Соның 
негізінде фонемалық, акценттік, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік 


ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №2 (54), 2019 
ВЕСТНИК КГПИ №2 (54), 2019 
ISSN 2310-3353 
ISSN 2310-3353
64 
парадигмалар қалыптасты. Синтаксистегі парадигматикалық ұғым да Ф. де Соссюрдің идея-
сымен сабақтастасып жатады. Синтаксистік бірліктер, сөз тіркесі мен сөйлем, синтаксистің 
негізгі нысандары болғанымен, екеуінің өзіне тəн парадигмалық сипаты бар, əрі олардың 
парадигмасы аталған бірліктердің ерекшелігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар синтаксистік па-
радигмаға сөйлем парадигмасын ғана алуды П. Адамец ұсынады. Синтаксистік парадигма-
тика сөйлемдерді трансформациялық талдау əдісі негізінде қалыптасқан еді. Бұл əдісті ХХ 
ғасырдың 50-жылдары Н. Холмский ғылымға енгізді. П. Адамец сөйлем парадигмасын 
иерархиялық ұйымдасқан жүйе ретінде көрсетеді. Оған сөйлем ядросы, оның трансформала-
ры, синтагматикадағы мағыналық қырлары, модификациялары, модальдік мағыналары, оның 
варианттары, морфологиялық категория (шақ, түр (вид), рай, сан) бойынша түрленуін В.Г. 
Адмони парадигмаға əртүрлі логика-грамматикалық типтегі сөйлемдер мен сөз тіркестерінің 
синонимиясын жатқызады. 
Бұрын систаксисте тек сөйлемнің əртүрлі типтері жекеше алынып зерттеліп жүргені-
мен, бұлардың арасындағы өзара байланысқа пен сөйлем мүшелерінің жіктелу ерекшелікте-
ріне жіті назар аударылмайтын. Осыған орай, синтаксис саласы лингвистикалық анықтама-
лықтарда морфология мен фонологияға қарағанда, азғандай жүйелілік танытып келе жатты. 
Қазіргі уақытта өзара байланысын сипаттау мен синтаксистің құрылымдардың өзара əрекет-
тестігін табатын əр түрлі əдістер жасақталып жатыр, яғни, синтаксистік парадигматиканың 
мəселелері қарастырылып келеді. 
Сөйлемнің əртүрлі объективті-модальді мағыналарын жəне синтаксистік уақыт фор-
маларын айқындайтын нұсқалар сөйлем синтаксисінің парадигмасын құрайтынын жəне өзін-
дік ерекшелігі болып табылатынын атап өтуге болады. Бұдан синтаксистің ең негізгі нысына 
– сөйлем болып табылатындығына көз жетеді. Сөйлем – тілдің ең маңызды қызметтерін біл-
діретін, оларды жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Ондай қызметтердің алғашқысы – ойлау-
танымдық болса, кейінгісі – қарым-қатынас құралы болу қызметтері. Бұл қызметтер өзара 
тығыз байланысты. Яғни, қарым-қатынас ретінде қолданылған сөйлемде де танымдық мағы-
на қоса жүретіні белгілі [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет