- 1. Кинезитерапия
- Грекше. kinesis — қозғалыс, therapia — емдеу.
- Балалылық жаста дене мен психика тығыз байланыста болады. Баланың көңіл күйі мен сезімдері оның сыртқы келбетінде бірден орын табады. Оған қоса психика мен дене бір – бірімен ажырамай дамиды. Қимылдар ең алдымен жеңіл ал одан кейін бірте-бірте балаға дүниені тануға, қоршаған ортасымен қарым-қатынас жасауға кейіннен білім алу мен ұғынуға жағдай жасап қиындай береді.
- Бірақ осымен қатар балалық кездегі кез келген дамудың бұзылысы тірек – қимыл аппаратына да әсерін тигізеді. Қозғалыс бір жағынан баланың жағдайының айнасы мен «әйнегі» және келесі жағынан сол арқылы оның дамуына әсер ете алатын қиын көпкатпарлы жүйе тәрізді.
- «Сақина». Бас бармақпен басқа сұқ, орта және т.б.саусақтарды біріктіре отырып кезекпен және тез сақина жасау. Әдіс тура және кері кезекпен орындалады. Басында жаттығу әр қолмен жеке, кейіннен екі қолмен бірге жасалады.
- «Жұдырық—қыр—алақан». Қолдың үш күйі столдың жазық бетінде кезекпен орын ауыстырады. Алақан жазықта, жұдырықтау, алақанды жазық үстелде бүйірімен қою, алақанды түзу қою. Басында сол қолмен, сосын – оң қолмен, сосын екі қолмен бірге 8-10 рет. Өзіне команда беруге болады(«Жұдырық—қыр—алақан». ).
- «Қоңырау». Үсттелге алақанмен сүйеніп, ұолдышынтаққа жартылай бүк. Кезекпен білезікті сілку.
- «Бүйір-алақан». Оң қолды бүйірге бұру, жұдырық түю,түзулеу, қолды алақанға қою. Сол қолмен де осыны жасау.
- «Үйшік». Қол саусақтарының түзу бөліктерін қосу. Оң қол саусақтарын күшпен сол қол саусақтарына бүгу, сосын керісінше. Бұл қимылдарды әр саусақ жұптармен жеке жасау.
2. Гидрогимнастика
Достарыңызбен бөлісу: |