«Есеп және аудит» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал



жүктеу 1.03 Mb.
бет3/5
Дата22.02.2016
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5

1.4 Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация (ҚЕХС 16, ҚЕХС 36)
Кәсіпорын өз іс-әрекеттерін жасау үшін қажетті еңбек құралдарын және материалды шарттары болуы керек.

Қазақстан Республикасының негізгі қаражатын есептеуі «Негізгі қаражаттарды есептеу» 16 ХҚЕС сәйкес орындалуы тиіс.

Негізгі құралдар - ұзақ мерзім уақытында (бір жылдан көп) қозғалыста болатын материалды активтер, өндірістік және өндірістік емес салаларда қолданылады.

Бастапқы құны - негізгі қаражатты алу мен үлкейту бойынша жүргізілген құн, төленген қайтарылмайтын салықтар мен жинауларды, сонымен қатар жеткізуге, жөндеуге, орнатуға, қызметкөрсетуге жіберуге кеткен шығындар және басқа шығындарды, активтерге жұмыс қалпына келтіру үшін кеткен шығындарды қосады.

Өтпелі құны - белгілі бір уақытқа арналған әрекеттегі нарықтық бағалар бойынша негізгі құралдар құны.

Баланстық құны - жинақталған амортизацияны жоюды есептей отырып негізгі құралдардың бастапқы немесе өтпелі құны, олар арқылы есепке алу кезінде активтер көрсетіледі.

Қолданысқа жіберу құны - қарастырылған және келісілуге дайын шарттарды тәуелсіз жақтармен негізгі құралдардың айырбас мүмкіншілігі бар құн.

Ликвидті құны - қосымша бөліктердің, шығындардың, қажетсіз материалдардың болжамды бағасы, негізгі құралдарды ликвидтеу барысында пайдалы жұмыстың аяғында шығару бойынша күтілетін шығындардың пайда болуын көрсетеді.

Тозу - негізгі құралдардың объектілерінің физикалық және материалды мінездемелерін жоғалту процесі.

Амортизация - тозудың жүйелік тарату түрінде жұмыс мерзімі кезінде активтің амортизациялық құнының бағалық көрсеткіші.

Пайдалы қызметінің мерзімі - негізгі құралдарды пайдалану кезінде экономикалық пайда түсіру периоды.

Нормативті қызметінің мерзімі - орнатылған нормаларға сәйкес субъекттер негізгі құралдарға тозуды жлятын период.

Негізгі құралдарды есептеу үшін негізгі құралдарды ғылыми-негізделген сұрыптау үлкен рөл атқарады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Белгіленуі мен таза заттық құрамына қарай негізгі құралдар бөліктері:



  • жер;

  • панажайлар мекемелер;

  • машиналар мен қондырғылар, жіберу құрылғылары;

  • транспорттық құралдар;

  • басқа негізгі құралдар;

  • аяқталмаған құрылыс.

Өндірістік және шаруашылық әрекеттеріне байланысты қолданылатын объекттер бөлінеді:

    • әрекеттегі;

    • қорда тұрған;

    • әрекетсіз негізгі құралдар.

Қажеттілігіне байланысты:

      • өзінің негізгі құралдары;

      • жалданған негізгі құралдар.

Негізгі құралдарды есептеудің негізгі бірлігі болып бөлек инвентерлы объект саналады. Әрқайсысына белбілі бір инвентарлы нөмір беріледі. Жалданатын негізгі құралдар жалға берушінің берген инвентарлы нөмірімен жалға алушыда белгіленеді.

Негізгі құралдар келесі жағдайларда түседі:



  • күрделі салымдар;

  • басқа кәсіпорындарда және тұлғаға төлеген алулары;

  • басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан алынған қайтарусыз алулары;

  • басқару органдарымен субсидиялау;

  • кәсіпорыннның жарғалық қаражатына ұйымдастырушылардың салымдары;

  • инвентаризациялаумен шыққан негізгі құралдардың кемдіктерін жазу;

  • қаржыландыру жалының шартына байланысты негізгі құралдар объектілері түсуі.

Түсетін негізгі құралдарды басқарушының әмірімен немес осы мақсатты орындауға белгіленген комиссия қабылдайды.

Қабылдауды құратыру үшін комиссия бір нұсқада «Қабылдау акті - негізгі құралдарды беру» жасайды. Актке қолданылатын объект үшін техникалық құжаттау беріледі, кәсіпорын басшысына растау үшін, одан кейін хатшы растайды.

Осы құжаттар негізінде бухгалтерия негізгі құралдардың инвентарлы карточкасына сәйкес жазбаларды жүргізеді. Бұл картоякалар негізгі құралдар есебі бойынша карточкалар тізіміне тіркеледі және бухгалтерияның карточкасында сақталады.

Карточкадағы бұл жазулар негізгі құралардың әрекеті жайлы есепті толтыру үшін қолданылады. Келесі себептер бойынша кәсіпорындағы негізгі құралдардың шығуы:



  • қолданысқа жіберу кезінде;

  • басқа кәсіпорындарға және тұлғаларға қайтарымсыз беру кезінде;

  • жартылай және толық ликвидте;

  • инвентаризациялаумен шыққан кемдіктер;

  • қаржыландыру жалына беру кезінде.

Негізгі құралдардыңшығуы келесі құжаттарға сәйкес себептерге байланысты құрылады:

  • тауарлы-транспортты үстемелер;

  • негізгі құралдардың қабылдау-беру актісі;

  • негізгі құралдар ликвидациялау.

Негізгі құралдардың объекттерінің жарамсыздарын жою үшін арнайы комиссия құрылады.

Негізгі құралдарды жою туралы актке комиссияның барлық мүшелерімен расталады және кәсіпорын басшысымен расталып, есептк көрсетілуі үшін бухгалтерияға беріледі.

Негізгі құралдардың огбъектілерін синтетикалық есептеуде типтік жоспарлау кезінде бөлімшелер шоттары белгіленеді: 2410 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың тозуы».

2410 шоты активті және инвентарлы. Дебеттік қалдық белгілі бір уақытқа негізгі құралдардың бастапқы құнын көрсетеді. Дебет есебі бойынша негізгі құралдардың түсуі көрсетіледі.

2420 шоты пассивті, несиелік қалдық белгілі бір уақытқа жинақталған тозудың сомасын көрсетеді. Дебеттік айналым негізгі шығып кеткен құралдар бойынша жинақталған тозуды жою көрсетіледі, несиелік айналым - тозудың аударымын көрсетеді.

Қызмет көрсету және уақыт мезетіне байланысты негізгі құралдар біртіндеп тозады. Қызмет көрсету периодынын басында оның құны жасалған өнімге толық болады. Өнімнің өзіндік құнын ай сайын кәсіпорын амортизацияланған санауларды орнатылған нормаларға сәйкес санайды.

Амортизацияланған санаулар түсімдері жүргізілмейді:


  • жүз пайыз құнын қосу;

  • конверсацияға аударылған негізгі құралдар бойынша;

  • библеотекалық фонды бойынша;

  • өнімі бойынша;

  • өгіздер, маралдар, буйвалдар.

Қызмет көрсету жаңадан түскен негізгі құралдар тозуларды айдан келесі айдан кейінгі түсулер кезінде аудару басталады. Олардың айдан бастап айдан кейінгі шығулар кезінде негізгі құралдардың тозуларын аудару тоқталады.

Неггізгі құралдардың әр түрлілігіне амортизацияның әр түрлі есептеу тәсілдерін қолданады. Негізгі құралдардың бір түріне амортизациялық есептеудің бір тәсілі ғана қолданылады.

ХҚЕС 16 келесі тозуларды есептеу тәсілдері көрсетеді:


  • құндылықты қалыпты (бір сызықты) жою;

  • жұмсалған жұмыс көлеміне пропорционалды құнды жою (өндірістік тәсіл);

  • қалдықтың азаюы.

Тозудың қалыпты және бірсызықты тәсілі. Бұл әдіс барысында амортизацияланатын объект қүұны өндіріс ұсталуында немесе олардың қызметінің мерзімінде назар аударуында жойылады. Жинақталған тозу біркелкі көбейеді және негізгі құралдардың балансының құны біркелкі азаяды.

Мысалы. Объектті қызмет көрсету мерзімі 5 жыл. Бастапқы құны 160000 теңге, ликвидті құны 10000 теңге, амортизацияның жылдық нормасы 20 %. Айлық норма = 20 % 12 ай = 1,667 %. Ай сайынғы амортизация сомасы 1,667 %(160000-10000) 100%=2500.

Орындалған жұмыстың көлеміне есептің тозуы пропорционалды болатын әдіс. (өндірістік әдіс). Бұл әдісте негізгі құралдардың тозуы қызмет көрсетуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл әдіс арқылы амортизацияланған есептік объектті қолдану периодында анықталады, яғни амортизация сомасы және өндірістік қуаттың арасында тікелей тәуелділік бар. Амортизацияны анықтау үшін уақыт мерзімі әсер етпейді. өндірістік қуат өнімнің шығу бірлігімен, қызмет көрсету сағатымен, қолдану бірлігімен және т.б сипатталады. Тозу сомасы келесідей формула (1) бойынша анықталады:
(1)
мұнда, БК - бастапқы құн;

ЛК – ликвидті құн;

ЖЖК - жоспарланған жұмыс көлемі.

Мысалы. Техникалық паспортқа сәйкес көшірме қондырғысы 700000 көшірме жасау керек және 14000 сағат жұмыс істеуі керек. Бастапқы құны 17000т, ликвидті құны 1300. Есептік жыл ішіндн 10000 көшірме көшірілген, жұмыс уақыты 18100 сағат. Амортизациялық есептеуі анықтау үшін қажет.

Тозу сомасы = (17000-1300 ) 700000=15700 700000 = 0,022 теңге.

Тозу сомасы = (17000-1300) 14000 = 1,12 теңге.

Амортизация сомасы 1 жылда= 0,022110000 = 2420 теңге.

Амортизация сомасы 2 жылда = 1,1218100 = 2128 теңге.

Субъект тәжірибесінде негізгі өндірістің объектісінің өндірістік қуатын мінездейтін бір көрсеткішін таңдау керек және есептік саясатта көрсету керек.

Технологиялық қондырғыларды жетілдіру шарттарында тез тозады, қаржылық мәселелерді шешу мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерін өндіріске тез енгізу амортизацияның тездетілген есебінің әдісі қолданылады.

Қалдықты азайту әдісі. Бұл әдісте амортизацияның екі еселенген нормасын біркелкі әдісте қалдық құнына қолданылады.

Мысалы. Қалдықты азайту әдісінде амортизация нормасы 40 % тең (20 %2). Бұл 40 % әр жылдың соңындағы қалдық құнына жатады. Болжалды ликвидті құн ақырғы жылдан басқа жыл бойғы тозуды есептеу назарға алынбайды. Ақырғы жылы амортизация сомасы ақырғы жылдың басына қалдық құннан ликвидті құнды азайтумен есептеледі.


Кесте 9 - Шешімі


Кезең

Тозудың жылдық сомасы, теңге

Жинақталған тозу, теңге

Қалдық құны

1 жылдың соңы

64000

64000

96000

2 жылдың соңы

38400

102400

57600

3 жылдың соңы

23040

125400

34560

4 жылдың соңы

13824

139264

131736

5 жылдың соңы

10736

150000

10000

Негізгі құралдардың әр түрлі тозудың есептерін жатқызуға болады. Осыдан негізгі құралдардың бір әдісіне бір әдістен көп қолдануға болмайды. Негізгі құралдардың атқару мерзімі шығындалған есептермен қарастырылады. Олар негізгі құралдар қалпын жақсартады және жұмыс атқару уақытын ұлғайтады, сонымен қатар осы мерзімді қысқартатын технологиялық өзгерістерді есептейді. Амортизацияны есептеуін таңдалған әдіс есептік саясатпен анықталады және бір есептік периодтан басқа периодқа қолданылады. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген кезде осы өзгерісті талап ететін себептер жабылуы тиіс.

Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорындарға басқа кәсіпорындардан уақытша қолданысқа объект алуы қолайлы болады.

«Жалға беру» ХҚЕС 17 сәйкес жалды есептеу жүргізіледі. Жалға берушімен жалды алушы төлемді жалға беру шартына сәйкес расталады.

Экономикалық шарттарға сәйкес жалдың үш түрін қарастырады:


  • қаржыландырылатан;

  • өтпелі;

  • бұлжытпайтын.

Қаржыландырылатын жал – мүлікке құқығымен байланысты жалға алушыға тәуекел мен пайда барысында беріледі.

Өтпелі жал – қаржыландырудан басқа барлық жал. өтпелі периодтағы жалға құқығы мен міндеті жалға алынған мүлік меншікке жалға берушіден қалады.

Бұлжытпайтын жал – бұл жалды тоқтату мүмкіншіліктері:


  • қолайсыз жағдайлар пайда болған кезде;

  • жалға берушінің рұқсатымен;

  • сол жалға берушімен жаңа келісім шарт орындағанда;

  • егер мерзім басталар алдында қосымша сома төленген кезде, ол төлем жалды тоқтату компенсациясы болуы керек.

Өтпелі жалға берілген негізгі құралдар 2400 шотында есептеліп отырады. Осы сәйкес шоттарға субшот «Жалға берілген негізгі құралдар» келісім шартта көрсетілген бастапқы құнына сәйкес ашылады.

Жалға берушінің өтпелі жалдағы негізгі құралдары баланстан кейінгі шотта 001 – «Жалданған негізгі құралдар» есептеледі.

Қаржыландыру жалына сәйкес жалданған негізгі құралдардың операцияларын есептеу үшін жалға берушіде қолданылады: жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 1260 активті шот; 1270 – қысқа мерзімді үстемақылар төленуі, 6110 үстемақыдан кіріс.

Қаржыландыру жалының шарттына байланысты активтер 2410 шотының сәйкес дебетімен көрсетіледі. Қаржыландыру жалы бойынша операцияларды есептеу үшін жалға берушіде келесі синтетикалық есептер қолданылады: 3150 «Жалдық міндеттер»; 7320 «Үстемақылар бойынша шығындар»; 3380 «Қысқа мерзімді үстемақылар төлеу».

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың түсуі келесі жүргізулермен көрсетіледі.

1.5 Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады. Мүліктегі субъектінің материалдық емес активтерінің үлесі және мағынасының дамуы, техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуы мен, экономикалық қатынастардың дамуымен үлкейеді. Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңдылығына сәйкес материалдық емес активтер келесі тәртіпте бағаланады:


  • дамытылған кәсіпорынның жарғы капиталына құрылтайшылармен олардың салым шотына енгізілген- екі жақтық келісім бойынша. Осыдан салымның бағалануы тәуелсіз аудитормен тұжырымдалуы керек;

  • осы объектілердің дайындық жағдайына келтіру және иеленуі бойынша нақты келтірілген шығыстарды ескере- басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың төлемімен иеленген;

  • келісім бағасы бойынша немесе эксперттік жолмен- қайтарымсыз алынған.

Материалдық емес активтердің әр түрлі мазмұндарын қарастырайық.

«Ноу-хау»- өндірістік тәжірибе, дағдылар және т.б, құжаттама түрінде тұлғаланған, халықаралық қатынастар арасында техникалық білімді анықтау үшін қолданылатын термин. «Ноу хау» сөзін кең мағынада алғанда – өндірістің сол және басқа да түрін ұйымдастыру үшін қажет ететін, бірақ та потенттелген емес түрінде безендірілген, өндірістік тәжірибе мен дағдылар, техникалық құжаттар түрінде рәсімделген, коммерциялық, техникалық және басқа да білімдердің жиынтығы.

Өндірістік ақпараттың қолдану құқығының есебі. Материалдық емес активтердің осы түріне, белгілі бір уақыт ішінде табыс әкелу мүмкіндігі бар немесе субъектінің оның құрылымына кеткен шығындары, белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс жатады. Мысалы, шет елдегі және ел ішіндегі субъект өнімдерін әлеуетті тұтынушылар туралы банк мәліметтері, қызмет және материалдар, шикізатты жеткізушілер туралы, бәсекелестер туралы және т.б.

Ұйымдық шығындар. Акционерлі немесе бірлескен кәсіпорындарды дамыту кезеңінде пайда болатын шығындар ұйымдыққа жатады. Осындай шығындарға банкттік шоттарды ашу,құжаттарды дайындау, кәсіпорынды тіркеу шығындары кеңесшілерге төлеу, жарнама шығындары жатады.

ЭЕМ-ны қамтамасыз ету бағдарламасы. ЭЕМ-ны қамтамасыз ету бағдарламасы деп белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс және кәсіпорын мен сатып алынған, осы бағдарламаны пайдалану үшін қажет ететін бағдарлама құжаттарын және мәліметтерді өндіру жүйе- жиынтығын түсінеміз.

Сатып алынған табиғи ресурстарды қолдану құқығы. Шет елдегі және ел ішіндегі кәсіпорындарды дамыту кезінде, табиғи ресурстарды сатып алған, қолдану құқығы қажеттілігі (пайдалы қазбаларды , өндіру құқығы, орманды қолдану құқығы, ішкі сулардағы балықтарды аулау және басқалары).

Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері. Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері (әрі қарай тауар белгісі) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бірегейлі тауарларынан тауар және қызметтерді (әрі қарай тауарлар) айыру мүмкіндігін белгілеу деп санайды. Тауар белгісінің құқығы заңмен қолданады, егер кәсіптік іс жүргізетін, ол заңды немесе жеке тұлғаның атында тіркелсе, онда ол тіркелген деп саналады.

Патенттер. Патент деп өнертабысты техникалық шешімін ,мемлекеттік растауын және сол адамға бекітілуін куәландыратын құжат, мақтау қағазы куәлік деп түсіндіріледі. Потенттің амалы оның берілген мемлекет территориясын да таратылады. Потент амалының мерзімі ұлттық заңдылық пен орнатылады(мысалға 15-20 жыл ). Сонымен бірге патент деп қандай да бір саудамен тауарды сатып алу ісінің құқығын куәландыратын құжат түсіндіріледі.

Лицензия (латин тілінен бостандықты, құқықты білдіреді) – сыртқы тауар операцияларын жүргізуге компетентті мемлекеттік органдарымен берілетін шешім (енгізу, шығару немесе мүмкін емес транзит) және т.б. Лицензиялау көмегімен экспортпен импортқа және бір кезде валюталық қаражат шығыстарынан мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

«Гудвилл» немесе фирма құны. Осы материалды емес активтердің түрі іс-әрекет жасайтын кәсіпорынды немесе олардың құрылымдық бөлімшелерін сатып алу кезінде дамиды. Яғни осындай кәсіпорындар (бөлімшелер) нарықтық қатынастар кезіндегі, олардың баланстық құны бойынша емес, кәсіпорынның табыстық жағдайына, оның нарықта өндіретін өнімін және басқа да факторларын көздей отырып сатылады – сатып алынады. Сатып алу құнының баланс бойынша активтер сомасынан асып түсуі оның фирма бағасын құрайды.

Интелектуалды меншік.

«Интелектуалды меншік» түсінігі үнтаспа, орындаушы-әртістер, радио және теледидар бағдарламалары, патентті құқық және ойластыру, ғылими ашылу, өндірістік үлгілер құқық, тауар белілер, фирмалық атау және коммерциялық мағына, қажет емес бәсекелестер, сонымен қатар өндіру, ғылым, әдебиеттер, өнерге және басқада құқық ісіне қатысты авторлық құқықтарын, құқықтарын қамтиды.

Қазіргі таңда интелектуалды меншікті таратушы – жеке азаматтардың интелектуалды меншікті кәсіпорын жарғы қорына салымдар жиі жүзеге асуда (ірі ғалымдар, инжерлер, әртістер және т.б).

Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:



  • 2710 «Гудвилл»;

  • 2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;

  • 2730 «Басқа да материалды емес активтер»;

  • 2740 «Басқа да материалды емес активтер құнсыздануы және амортизациясы».

Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.

Материалды емес активтер әр түрлі тәсілдермен түседі:



  • құрылтайшылардан жарғы капиталына салым ретінде;

  • сатып алу жолымен;

  • заңды және жеке тұлғалардың екі жакты өтеусіз беруі.

Материалдық емес активтердің түсімі және істен шығуын материалдық емес актитердің қабылдау-табыстау актісімен ресімдейді. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы және кәсіпорынға жіберілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объект сипаттамасы, оның алғашқы құны, өтелім нормасы және басқа да керекті ақпараттар белгіленуі тиіс.

Қабылданған материалдық емес активтерді ресімдеу кезінде акт әр объектке бір данадан құрылады. Бірнеше бірүлгілі болып қабылданған материалдық емес активтерге, жалпы акт құруға болады. Акт қосымша құжаттамасымен ресімделгеннен кейін, материалдық емес активтердің немесе оның қолдану тәртібін, немесе осы объектінің басқа да кәсіпорынның мүлікті құқықтарымен растайтын құжаттары бас бухгалтермен және кәсіпорын басшысымен немесе уәкілетті тұлғамен тұжырымдалып, бухгалтерияға жіберіледі.

Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға жіберген кезде акт екі данада құрастырылады: материалдық емес активтерді қабылдайтын және ұсынатын кәсіпорын үшін. Материалдық емес активтердің жойылуы алғашқы құны бар, амортизациялық есептеу сомасы бар, баластық құны бар жойылу актісімен ресімделеді.

«Материалдық емес активтерді» бөлімше шоттары бойынша аналитикалық есеп «Материалдық емес активтердің мүкәммалдық есеп карточкасымен» жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалды емес активтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолданылады. Мүкәммалдық карточка материалды емес активтері әрбір жеке объектілеріне бухгалтерия да ашылады. Карточка материалды емес активтердің объектісін кәсіпорынмен беру немесе алу фактісін тұжырымдайтын құжат негізінде бір данада толтырылады: «Материалды емес активтердің алу-беру актісі, техникалық және басқа да құжаттама».

Материалды емес активтердің есепке түсуі кесте 10 көрсетілген корреспонденциялық шоттар негізінде өндіріледі.
Кесте 10 - Материалды емес активтердің түсу есебі


Операция мазмұны

Корреспонденциялық шот

Дебет

Кредит

Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері

2730

5020, 5030

Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері

2730

6280

Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу

2730

3310

Қосылған құн салығы

1420

3310

Материалды емес активтердің істен шығуы келесі түрде болуы мүмкін:



Материалды емес активтердің істен шығу кезінде олардың баланстық (қалдық) құны «материалды емес активтер» 10 бөлімше шотына сәйкес кредиттен 7410 шотының дебетіне есептен шығарылады.

Материалды емес активтерді өндіру табысы «материалды емес активтерді өндіру табысы» 6210 шотының кредиті юойынша көрсетіледі.

Материалды емес активтердің өндірістік шаруашылық ісінің үдерісінде моральды тозуына алып соғады. Бірақ шығынды есептеудің басты мақсаты моральды тозудың материалды емес активтерімен байланысты шығындарды жабу көзін құру үшін емес амортизацияның өнімнің өзіндік құнын немесе кезен шығындарын жабу көздерін пайда болдыруда. Материалдық емес активтердің амортизация есебі үшін 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты жасалған: Бұл шот пассивті, реттеуші, контрактивті. Осы шоттың кредиті бойынша айдың басындағы амортизация қалдығын, амортизацияның, ағынды айда есептелген және есепті айдың аяғындағы амортизация қалдығын көрсетеді; дебет бойынша- материалды емес активтердің амортизациясын есептен шығару (азайту).

Материалды емес активтер бойынша амортизациясы ай сайын алғашқы құнының нормаларымен есептелген және материалды емес активтерін топшылама қолдану мерзімінде есептеледі. Материалды емес активтердің амортизация өлшемін анықтау үшін жылдың басында және алғашқы айында «Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесі» құрастырылады. Амортизация (шығын) есептеу сомасына «Тауарды өткізу бойынша шығындар(жұмыс, қызмет)» 7110, «Жалпы және әкімшілік шығындар» 6210, «Материалды емес активтердің амортизациясының және негізгі қаражаттардың шығыны» 8310, «Аяқталмаған құрылыс» 2610 және басқа да шоттары дебеттеледі және «Материалды емес активтердің амортизация» шоты кредиттеледі. Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы сомасын, сәйкес машинограммаларға және есептік тіркелімдерге жазады. Материалдық емес активтердің шығып қалған объектілерінің амортизация құнының есеп шығарылуы «Материалдық емес активтер амортизациясы» бөлімшелер шотының дебеті бойынша және «Материалдық емес активтер» бөлімше шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді төгендеу. Материалдық емес активтерді төгендеу кезінде: кәсіпорынның өзіндік құқығына жататын нақты материалды емес активтердің бар болуы, олардың баланста дұрыс және толық көрсетілуі; материалды емес активтердің шығынының дұрыс есептелінуін; моральді ескірген активтердің бар болуын тексереді. Материалды емес активтерді түгендеу кезінде объектінің өзінің бар болуын және оның қолданылуына кәсіпорынның құқығын нақтылайтын құжаттардың бар болуын белгілеу қажет. Оларға материалды емес активтердің объектісін немесе оның қолданылу тәртібін тізімдеуші, сонымен қатар кәсіпорынның мүлікті құқығын нақтылайтын құжаттар жатады. Демек, Патенттік тізімдемеде тіркелген лицензиялық шарттың ойлап шығару құқығын сатып алу. Материалды емес активтердің нақты ұйымдық есебін және олардың амортизациясы субъектінің қаржы – шаруашылық ісінің қорытындысының нақты көрсетілімінде үлкен рөл атқарады.

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет