Ешмұратова дамира сейтмұратқызы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі460.21 Kb.
#133953
түріДиссертация
1   2   3

Төмен деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері туралы білім сапасы төмен, үстүрт, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлерін атай алмайды, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін түсінбейді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі шамалы, ќоғам ұлттың алдындағы жауапкершілігін сезінбейді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы төмен, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінбейді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін толыќ білмейді, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптаспаған, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінбейді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі толыќ ќалыптаспаған, өзінің мінез-ќұлќын толыќ басќара алмайды, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынаспайды, Отанына, өз ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі толыќ байќалмайды, ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу, адамдармен ізгілікті ќатынас жасау дағдыларын меңгермеген, оќу және оќудан тыс уаќытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті төмен.

Орта деңгей - ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлері туралы алғашќы білімі болғанымен, ол бір



жүйеге келмеген және берік тұраќты емес, ұлттық тәрбиенің көзі халықтық педагогика құралдарының мәнін шамалы түсінеді, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсінігі бар, ќоғам алдындағы жауапкершілігін сезеді, этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы орташа, ұлттық мәдениеттің мәнін түсінеді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері қалыптасқан, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынасы, толеранттық, патриоттық сана-сезімі ќалыптасқан, өзінің мінез-ќұлќын басќара алады, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға қатынасады, Отанына, ұлтына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық мәдени қарым-қатынас пен адамдармен ізгілікті ќатынас жасауға тырысады, оќу және оќудан тыс уаќытта тәртіпті, біраќ толыќ жауапкершілік танытпайды, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игерген.



Жеткілікті деңгей - ғылыми білімнің біршама барлығымен сипатталады, ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері, ќазаќ халќының ұлттық дәстүрлері, еліне, Отанына, табиғатќа, халќына сүйіспеншілік, елжандылыќ, ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан мейірімділік, адал болушылыќ туралы ұғымдарды толыќ түсінеді, ќоғам алдындағы әрбір ұлттың жауапкершілігін толығымен сезеді, этникалық-мәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түрде түсінеді, ќазаќ халќының әдептілік ережелерін біледі, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдері мен ұлттық сенімдері биік, өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, өз ұлттық тіліне, дініне берік, басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынаспен қарайды, толеранттық, патриоттық сана-сезімі жоғары, ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасады, Отанына, халќына, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі жоғары, адамдармен ізгілікті ќатынас жасай алады, оќу және оќудан тыс уаќытта саналы тәртіп пен жауапкершілік танытады.

Зерттеу барысында біз бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны ќалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде бастауыш сынып оќушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін қарастырдық.

Бастауыш сынып оќушыларына ұлттық тәрбие беру мұғалімдерден де, оќушылардан да осы әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғаќтайды. Біз осының барлығын және үлгі ќұрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бастауыш сынып оќушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық үлгісін жасадық (Сурет 2).


Сурет 2 – Бастауыш сынып оќушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Мұның өзі оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығына, олардың шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал етеді. Тәрбиенің субъектілері мен объектілері арасында әртүрлі байланыстар болатыны белгілі. Мысалы, мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас жасау арқылы ақпарат алмасу, шығармашылық ынтымақтастық немесе бірлескен өзара іс-әрекет, т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуын қамтамасыз етеді.

Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.

Біз үлгі құру барысында тәрбие процесінің ерекшеліктеріне де сүйендік. Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесі жүйесінің төмендегідей өлшемдер бойынша құрылған моделі белгілі: тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, процестің жүру шарттары, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті, қолданылатын әдістер, формалардың, процестің даму сатыларының, т.б. өзара байланысы.

Алға ќойылған мiндеттердi түбегейлi шешу және ќозғаған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру маќсатында бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (айќындау, ќалыптастыру, баќылау) жүргiзiлдi.

Айќындау экспериментiнің негiзгi маќсаты – бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбиелілік деңгейін аныќтау болды. Бұл маќсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оќушыларға тест, баќылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi ќолданылып, олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі наќтыланды.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде негізінен белгілі бір тұлғалық сапаларды анықтауға қатысты диагностикалық мағлұматтар болады. Осы мағлұматтарды есепке ала отырып, ұлттық тәрбие жұмысын жоспарлау жолдары талданды. Бірақ педагогтар оқушы жеке тұлғасының дербес ерекшеліктерінің сан қырларын оқып-үйренуде әртүрлі қиыншылықтарды бастан кешіріп отыр, мұның өзі бастауыш сынып оќушыларымен ұлттық тәрбие беру жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға кедергілер келтіруде.

Экспериментік жұмысты зерттеу әдістерінің жүйесін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушысының тұлғасын оқып-үйренуден бастадық.

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын оқып-үйрену жұмысы дербес құрылуы керек. Оның өзіндік ерекшелігі, тума қасиеттері, қабілеттері, қызығушылығы мен бейімділігі, білім дәрежесі, қарым-қатынасы, өзіндік танымы тек нақты өмір жағдайында ғана айқын көрінеді.

Біз бастауыш сынып оқушысының әрќайсысының тұлғасын оќып-үйрену барысында Л.И.Божовичтің зерттеулеріне сүйендік.

Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушысы ең алғаш нақты кіріскен қалыпты әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Әрине, өйткені оның ары қарай дамуы «бала мектеп оқуына қандай дайындықпен келгендігіне және екіншіден, оған әсер отырған педагогикалық ыќпалдардың жүйесіне» байланысты, оқуға, жаңа әлеуметтік рольді орындауға деген қарым-қатынастың өзі осы кездегі баланың жеке тұлғасы дамуының басты және аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Тұлға дамуының тағы бір көрсеткіші бастауыш сынып оќушысының ұлттық сана-сезімінің дамуы, оның моральдық нормаларға сәйкес ұлттық мінез-құлқын оқу іс-әрекетінде және одан тыс уаќытта, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жүйесінде жүзеге асыру ќабілеті болып табылады.

Бастауыш мектеп жасында жеке тұлғаның қалыптасуы тәрбиенің басты факторы болып табылатын құрбы-құрдастарының арасында өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының дамуының маңызды үшінші көрсеткіші балалармен қарым-қатынасының сипаты болып табылады.

Сонымен бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының дамуын оқып-үйрену жекеленген жақтарды - оқушының оқу іс-әрекетіне деген қарым-қатынасын, оның адамгершілік сапаларын, сондай-ақ сыныптағы құрбы-құрдастарымен, басқа құрдастарымен және ересектермен тіл табысуын зерттеуді көздейді.

Біз зерттеу барысында оқу-тәрбие беру процесі жағдайында өтетін диагностикалық жағдаяттардан құрылған жеке тұлғаны зерттеу әдістерінің негізгі тобын айқындадық. Әрбір оқушыға психологиялық-педагогикалық бақылау картасы ашылды, оны толтыра отырып, әрбір оқушы туралы жалпы мағлұмат алынатын мынадай сұрақтарға жауап алуға тырыстыќ: Ќалай оқиды? Оқудың мотивтері қандай? Оқушының ұлттық сана-сезімі, эмоционалдық жағдайы қандай? Ұлттық мінез-ќұлќының ерекшелігі неде? Өз ұлтының салт-дәстүрлеріне қалай қарайды? және т.б.

Нақты оқушы туралы мағлұматтарды – оның қалауларын, қызығушылығын, достарына, оқуға деген қарым-қатынасын біртіндеп анықтай отырып, оның жеке тұлғасының дамуының адамгершілік ұлттық бағыттылығын айқындауға мүмкіндік туды. Сонымен бірге олардың ұлттық мінез-құлқындағы қарама-қайшылықтарды да есепке алып отырдыќ.

Оқушылармен бірге сабақта, қоңырауда, отбасымен тұрақты байланыс негізінде жүргізілетін жұмыстар ғана әрбір оқушыны терең түсінуге және онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді.

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын зерттеу жұмыстары кең және жан-жақты болғанда ғана олардың ұлттық тәрбиелілігін ќалыптастыруға болатыны аныќ.

Ең алдымен, әрбір сыныптағы оќушыларды есепке алу мен отбасын оќып-үйрену жүзеге асырылды.

Бұл зерттеулердің нәтижесі арнайы ата-атаналар жиналысында талқыланды. Осы жиналыста ұлттық тәрбие берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстарының жоспары қарастырылады: мұғалім әрекетінде нені өзгерту керек, оќушылардың бойында ұлтымызға тән ќасиеттерді қалыптастыру үшін қандай жұмыстар өткізу керек, тексеру нәтижелерінен ата-аналарға нені және қалай хабарлау керек. т.б.

Біз бастауыш сынып оќушылардың ұлттық тәрбиелілік сапаларының көрінуін мынадай жағдайларда баќыладыќ:



  1. Отбасындағы мінез-құлқы.

  2. Үлкендермен қарым-қатынасы.

  3. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.

  4. Көшедегі және қоғамдық көліктегі тәртіптері.

  5. Өзіне қарым-қатынасы.

Аныќтау барысында оќушылардың ұлттық тәрбиелігінің төмендігі мынадай жағдайлардан көрінеді:

- ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімнің жеткіліксіздігі;



  • Ұлттық мәдениетке жағымсыз көзќарас;

  • Ұлттық сана-сезімінің қалыптаспауы;

  • өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігінің қалыптаспауы;

  • ұлтжандылық қасиеттерінің жеткіліксіздігі;

  • басқа ұлттарға сыйлы қатынасының көрінбеуі;

- ұлттық мәдениетінің төмендігі.

Осы кезеңде зерттелiп отырған мәселенiң мүмкiндiк шарттарын айќындау маќсатымен бастауыш мектептің тәрбие жоспарлары, бастауыш сынып оќушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жоспарлары, бағдарламалары мен оќушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерi зерттелiп, талќыланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі жасалды.

Ќалыптастыру экспериментiнің маќсаты бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын сынаќтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды. Бұл маќсатќа жету төмендегiдей мiндеттердiң шешiмiн табумен байланысты:

- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде халықтық педагогика ќұралдарын оқу процесінде мүмкiндiктерiн пайдалану;



  • халықтық педагогика ќұралдарын пайдалану арќылы бастауыш сынып оќушыларымен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын жасап, сынаќтан өткiзу;

  • бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;

  • бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау;

  • ата-аналармен педагогикалыќ-ағартушылыќ іс-шараларын ұйымдастыру;

  • бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасын жасап, сынаќтан өткізу;

  • күнделікті іс-әрекеттерінде оќушылардың ұлттық мәдениет бойынша бiлiмдерiн бекiту, олардың ұлттық мінез-ќұлыќ дағдыларын ќалыптастыру.

Эксперименттiк жұмысты жүргiзу барысында тәртібі ќиын оќушыларды этнопедагогика ќұралдары арќылы адамгершілікке тәрбиелеу моделі мен оќушыларда зерттелiп отырған сапаның ќалыптасуын салыстырмалы түрде талдау нәтижелерi басшылыќќа алынды.

Ќалыптастыру экспериментi бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты үш кезеңде өткiзiлдi, олардың әрќайсысы бастауыш сынып оќушыларының адамгершілік сапаларын сатылап тәрбиелеуді көздедi.

Ұлттық тәрбие берудің маќсатќа бағыттылығын ќамтамасыз ету үшiн оќушыларда белгілі бір білім, білік, дағды көлемінің ќалыптасу ќажеттiгi аныќталды:

- бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашќы нақтылы білім көлемі және сапалы түсінігі бар екендігі туралы көрсеткіш;

- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімі, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігі, ұлтжандылығы, басқа ұлттарға сыйлы қатынасы көрсеткіші;

- өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мінез-ќұлыќ дағдысы.

1-шi кезеңде бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру көзделді.

Бастауыш сынып оқушыларына білім беру жүйесінде ана тілі, қазақ тілі, математика және дүниетану пәндерінің жетекшi орынға ие болатынын ескере отырып, бiз оқушыларға ұлттық тәрбие беру барысында бұл пәндердiң барлыќ мүмкiндiктерiн пайдаландыќ. Бірінші кезеңде оќушылардың ұлттық дүниетанымын, білімдерін ќалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізілді.

Осыдан кейін балалардың ұлттық тәрбиелілік деңгейін аныќтау маќсатында арнайы әдістемелерді ќолдану арќылы баќылау ќиыќтары алынды.

Баќылау ќиыќтарының нәтижелерi оќушыларда ұлттық тәрбиеліліктің ќалыптасу деңгейiндегi өзгерiстердi аңғартты. Дегенмен, оќушылардың ұлттық сана-сезімінің, ұлттық сенімдерінің толық өз деңгейінде қалыптаспауы «Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру» және «Бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс» бағдарламаларын жасап, оларды сынаќтан өткiзу ќажеттiлігiн көрсеттi.

Бұл бағдарлама оқушылардың ұлттық тәрбиелілік сапасындағы эмоциялық компонентті қалыптасыруға бағытталды.

Ќалыптастыру экспериментiнiң 2-шi кезеңiнiң соңында жүргiзiлген жұмыс сапасын айќындау маќсатында, әсiресе аталған бағдарламаның ұлттық тәрбие беру сапасына нәтижелi ыќпал ететiндiгiн байќауда ата-аналар арасында алдын-ала даярланған сұраќтар бойынша сауалнама мен оќушыларға баќылау ќиыќтары жүргізіліп, олардың нәтижелері бағдарламаның тиiмдiлiгiн дәлелдедi. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін өзіндік іс-әрекеттерінде және күнделікті мінез-ќұлыќ iс-әрекеттерінде пайдалану, өзіне-өзі баға беру білiгi мен дағдысын ќалыптастыру маќсатымен 3-шi кезеңінде ұлттық мінез-ќұлыќќа дағдыландыру іске асырылды.

Ќалыптастыру экспериментiнiң 3-шi кезеңiнде «Халықтық таным әліппесі» ЭЕМ-ға арналған оқыту бағдарламасы сынықтан өткізілді және оќушылардың ұлттық тәрбиелілігін ќалыптастыру маќсатымен іс-шаралар ұйымдастырылды, яғни оќушының оќу іс-әрекетінде, оќудан тыс уаќытта және айналадағы адамдармен ќарым-ќатынасында ұлттық мінез-ќұлыќ көрсетуге іскерлік ойындар арќылы үйрету жүзеге асырылды.

Іскерлік ойындарын өткізудің тиімділігі мынадай шарттарға байланысты:

- ойналатын жағдайдың көкейкестілігі және ұлттық мінез-ќұлыќты дағдыландыруға бағытталуы;

- бастауыш сынып оқушыларының барлығының ойынға ќатынасып, белгілі бір рольді атќаруы;

- ойынның барысын баќылап, талдап, баға беру үшін оќушылардың ішінен сарапшыларды тағайындау;

- ойынның барысында оќушының өзін еркін ұстауға мүмкіндік жасау.

Іскерлік ойындар оќушылардың ұлттық мінез-ќұлыќтарын дағдыландыруда мынадай ќызметтер атќарады:

- көрсету, яғни әрбір оќушыны өзін-өзі ќалай істеуге дағдыландырады;

- жаттығу, яғни ұлттық мінез-ќұлыќтарды ќалыптастыру үшін жаттығады;

- тексеру, оќушылардың сыпайы мінез-ќұлќын үйренулері тексеріледі;

- ќызыќтыру - талаптандыру ережелеріне сәйкес ұлттық мінез-ќұлыќты ќалыптастыруға талпынады;

- талдау және диагностикалау, оќушылардың өз ұлттық мінез-ќұлќына өзіндік баға беруі ќалыптасады.

Іскерлік ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай кезеңдер басшылыќќа алынды:

- ойынның маќсаты мен міндеттерін айќындау;

- әрбір ќатынасушыға ойынның мазмұны мен шартын түсіндіру;

- ойнаушыларды рольдерге бөлу;

- ойынның сарапшыларын тағайындау, олардың ќызметін түсіндіру;

- ойынның жабдыќталуын ќамтамасыз ету;

- ойынды ойнау;

- әрбір ќатынасушының ойынын талдау;

- ойынды ќорытындылау және наќты шешімдер ќабылдау.

Баќылау эксперименті барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша өлшеу жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасалды, халықтық педагогиканы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үшін қолдануға әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің когнитивті компоненті бойынша белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашќы нақтылы білім көлемі мен және сапалы т‰сінігін айқындау үшін оқушыларға арнайы бақылау сұрақтары, тестер, сауалнамалар және тапсырмалар берілді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:


  • ұлттық тұлғаның адамгершілік және жағымсыз ќасиеттері туралы білімі;

- ұлттық тәрбиенің көзі – халық педагогикасы құралдарының мәнін білуі;

- ұлттыќ намыс, ар-ұят, абырой-ождан туралы түсініктің болуы;

- ұлттыќ дүниетанымның көрінісі;

- ќазаќ халќының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімі;

- ќоғам алдындағы әр ұлттың жауапкершілігі туралы білімі;

- этникалық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы;

- ұлттық мәдениеттің мәнін саналы түсінуі;

- ќазаќ халќының әдептілік ережелерін білуі.

Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің когнивті компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 1):
Кесте 1 - Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің когнивті компонентінің қалыптасу нәтижелері


Бастауыш сынып оқушыларынының ұлттық тәрбиелілігінің когнивті компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында




Бақылау тобы

(128 оқушы)



Экс.тобы (130 оқушы)

Бақылау тобы

(128 оқушы)



Экс.тобы

(130 оқушы)



Төмен деңгей

63,3%

64,6%

48,4%

43,1%

Орта деңгей

15,6%

20,8%

23,4%

30,8%

Жеткілікті деңгей

21,1%

14,6%

28,2%

26,1%


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет