Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің эмоциялық компоненті бойынша олардың ұлттық сана-сезімін, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын, басқа ұлттарға сыйлы қатынасын айқындау үшін әр оқушының ата-аналарына, оқушыларға сауалнамалар мен оқушыларға психологиялық тестілер жүргізілді. Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:
- ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ұлттық ар-ождан сезімдерінің болуы;
- ұлттық сенімдердің болуы;
- өз ұлтының тағдыры алдындағы жауапкершілік сезімінің болуы;
- өз ұлттық тіліне, дініне беріктігі;
- басқа ұлттардың ұлттық сезімдеріне сыйлы қатынас;
- толеранттық, патриоттық сана-сезімнің болуы.
Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің эмоциялық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 2):
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің мінез-құлық компоненті бойынша олардың ұлттық мінез-ќұлыќ дағдысын айқындау үшін арнайы бақылаулар жүргізіліп, оқушылардың әртүрлі ұлттық іс-әрекет түрлеріне қатынасуы негізгі алынды.
Кесте 2 - Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің эмоциялық компонентінің қалыптасу нәтижелері
Бастауыш сынып оқушыларынының ұлттық тәрбиелілігінің эмоциялық компоненті
|
Эксперимент басында
|
Эксперимент соңында
|
|
Бақылау тобы
(128 оқушы)
|
Экс.тобы (130 оқушы)
|
Бақылау тобы
(128 оқушы)
|
Экс.тобы
(130 оқушы)
|
Төмен деңгей
|
56,25%
|
56,9%
|
47,6%
|
35,4%
|
Орта деңгей
|
25%
|
26,1%
|
32,1%
|
37%
|
Жеткілікті деңгей
|
18,75%
|
17%
|
20,3%
|
27,6%
|
Ұсынылған диагностикалық әдістемелердің мазмұнын мынадай мәселелер құрады:
- ұлттық-мәдени шараларға, үйірмелерге, тәрбиелік жұмыстарға белсене қатынасуы;
- ұлттық мәдени қарым-қатынас жасай білу;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті;
- этностық толеранттықты көрсетуі;
- өз Отанын, ұлтын, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеу;
- өз ұлтымен және басқа ұлт өкілдерімен ізгілікті ќатынас жасау;
- оќу және оќудан тыс уаќытта саналы тәртіп пен жауапкершілік таныту.
Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің мінез-құлық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 3):
Кесте 3 - Бастауыш сынып оқушыларында ұлттық тәрбиеліліктің мінез-құлық компонентінің қалыптасу нәтижелері
Бастауыш сынып оқушыларынының ұлттық тәрбиелілігінің мінез-құлық компоненті
|
Эксперимент басында
|
Эксперимент соңында
|
|
Бақылау тобы
(128 оқушы)
|
Экс.тобы (130 оқушы)
|
Бақылау тобы
(128 оқушы)
|
Экс.тобы
(130 оқушы)
|
Төмен деңгей
|
48,4%
|
49,2%
|
57,8%
|
27,7%
|
Орта деңгей
|
23,4%
|
32,3%
|
28,1%
|
33,8%
|
Жеткілікті деңгей
|
28,2%
|
18,5%
|
14,1%
|
38,5%
|
Сонымен зерттеу жұмысын біз мынадай кезеңдер бойынша жүргіздік:
- бастапқы диагностика;
- нәтижелерді талдау;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық психологиялық және дербес ерекшеліктері туралы алынған мағлұматты ескере отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- ќайталау диагностикасы;
- тәрбие жұмысының нәтижелеріне талдау, сыныптың және әрбір оқушының жеке тұлғасының даму қарқыны;
- тәрбие жұмысының жоспарына толықтырулар енгізу, ранайы ұлттық тәрбие беру бойынша бағдарламаларын құрастыру;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің тиімділігін айқындау;
- алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасау.
Тәрбиелілік денгейі Л.М. Фридман әдістемесіне сәйкес төмендегідей көрсеткіштер арқылы анықталды: а) жанұядағы мінез – құлқы (тәртібі); ә) үлкендерге қатынасы; б) құрдастарына қатынасы; в) мектептегі мінез – құлқы (тәртібі); г) көшедегі және қоғамдық орындардағы мінез – құлқы (тәртібі); д) өзіне қатынасы.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қажет ететіндіктен, біз қорытындыларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста жасап отырдық. Алынған нәтижелердi талдау және оларды айқындау экспериментi барысындағы және баќылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру эксперименттiк жұмыстың бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік сапасына тиiмдi ыќпал еткенiн аңғартты (кесте 4).
Бастауыш сынып оқушылары мен оқушылар ұжымының дербес ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастырудың мұндай әдісі тәрбие процесінің тиімділігін арттырады, себебі ол Адам деген құрметті атқа сай өмір сүруге қабілетті баланың жеке тұлғасын дамыта отырып, жас және дербес ерекшеліктерді есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Кесте 4 - Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің өзгеру ќарќыны
Топ
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жеткілікті деңгей
|
|
Экс. басы
|
Экс. соңы
|
Экс. басы
|
Экс. соңы
|
Экс. басы
|
Экс. соңы
|
Бақылау
|
56,2 %
|
51,6%
|
21,1%
|
20,3%
|
22,7%
|
28,1%
|
Эксперименттік
|
51,5%
|
35,4%
|
26,1%
|
33,8%
|
22,3%
|
30,8%
|
Эксперименттік жұмыс нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасуында халықтық педагогика құралдарының ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті. Ең бастысы, әрбір оқушыны табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек. Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет.
Экспериментке дейін және эксперименттен кейін бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейлерiнiң ќалыптасу диаграммалары 8-9-ші суреттерде сипатталады (сурет 3,4).
Сурет 3 – Эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері
Сурет 4 – Баќылау тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік көрсеткіштері
Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика ќұралдары арќылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалыќ шарттары мен оны іске асырудың әдістемесін эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін, бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Ќорытынды
Сонымен зерттеу барысында ќол жеткен нәтижелер мынадай ќорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi:
1. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, санас-сезімін, адамгершілік, ізгілік сапаларын балалардың бойыңа сіңіру үшін бастауыш сыныптан бастап оќушылардың ұлттық тәрбиесін ќолға алу, оның теориялыќ негіздерін айќындау және іс-тәжірибеде іске асырылуын ќамтамасыз ету педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып табылады.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мәселесінде айќындалған негізгі бағдар тәрбиеге ізгілендіру тұрғысынан мән беру, соның аясында тұлғалыќ-аксиологиялыќ ќатынасты жүзеге асыру болды.
3. Педагогика ғылымының теориясы мен практикасында оќушыларға ұлттық тәрбие беру проблемасының зерттелу деңгейі мен жай-күйін талдау халықтық педагогика ќұралдарының ұлттық тәрбие беруде мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдеді: біріншіден, олар бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімін, сенімін ќалыптастырады, адамгершілік-этикалыќ, моральдыќ-этникалыќ, психологиялыќ-эмоциялыќ ќасиеттерін, ұлттық мінез-ќұлќын тәрбиелейді.
4. Бастауыш мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беру процесінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісін ќолданумен ќамтамасыз етiлдi. Бұл модель когнитивті, эмоциялық және мінез-ќұлыќтыќ компоненттерiнің бірлігінде байќалады және наќты өлшемдер, көрсеткіштермен сипатталады.
5. Ғылыми педагогикалыќ әдебиеттерге жасалынған талдау негізінде біз өз зерттеуімізде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формаларын педагогикалық шарттар ретінде айқындап, оны іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз еттік: 1) бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы; 2) бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар; 3) бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы; 4) бастауыш сынып оқушыларына арналған «Халықтық таным әліппесі» ЭЕМ-ға арналған оқыту бағдарламасы енгізілді.
6. Зерттеуде негізделіп отырған педагогикалыќ шарттар бастауыш сынып оқушыларының тұлттық әрбиелілік деңгейін арттырады. Бұл тұжырым эксперименттiк және баќылау топтарындағы тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент ќорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi.
7. Диагностикалық нәтижелерден оќушылар мынадай тұрақты тұлғалыќ ұлттық сапаларды көрсетті: ұлттық білімге ќұштарлыќ, ұлтжандылық, ұлттық дүниетаным; ұлттық мәдениет; ұлттық сана-сезім;, ұлттық дәстүрлерге сыйлы ќатынас, ұлттық мінез-ќұлыќ мәдениеті. Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
8. Оқу сабағын және тәрбие жұмыстарын өткізу кезінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымы, сана-сезімі мен мінез-құлық деңгейлері айқындалды. Бұл мақсатты дұрыс қою жақын даму аумағына сәйкес оќушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын құруға мүмкіндік берді. Эксперименттік топқа қатынасќан бастауыш сынып оќушыларының ұлттық тұлғалыќ сапаларының ќалыптасу деңгейін аныќтау олардың мінез-құлықы дамуы негізінде құрылды.
9. Зерттеу таќырыбының келешекте әрі ќарай дамуы жоғары оќу орындарында болашаќ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаумен, мектепте оќыту процесінде басатуыш сынып оқушыларының ұлттық мінез-құлқын тәрбиелеудің тиімді технологиясын таңдап алумен, оќушылардың этникалық толеранттығын қалыптастыру үшін үнемі оќушылардың ұлттық мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтап отырумен, бастауыш сыныптан бастап оќушыларды ќайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеуге үйретумен тығыз байланысты.
10. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарының нәтижелі болуы үшін өзін-өзі тәрбиелеу маңызды болып табылады. Сондықтан ата-аналармен, басқа да әлеуметтік институттармен бірлесе отырып, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін қадағалап, оның тиімді іске асырылуы көзделеді.
Жасалынған ќорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- халықтық педагогика құралдары бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде мұғалімнің табысты іс-әрекетін ќамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды;
- аныќталған педагогикалыќ шарттар бастауыш мектепте оќушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлауға негіз болуы тиіс;
- бастауыш сынып оќушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу барысында ұлттыќ тәрбие берудің ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн;
- алынған зерттеу нәтижелері педагогикалыќ мамандыќ студенттерін кәсіби іс-әрекетке педагогикалыќ колледждерде, жоғары оќу орындарында даярлауда және білім беру ќызметкерлерін ќайта даярлау және біліктілігін арттыру ісінде ерекше мәнге ие болады;
- ұсынылып отырған бастауыш сынып оќушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарының жүйесін оќушыларды ќайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде пайдалану ќажет.
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. «Ќиын жасөспірімдерді», жоғары сынып оқушыларын этнопедагогика ќұралдары арқылы ұлттық тәрбиелеу мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:
1 Ұлттық тәрбие – тарихи дәстүрдің заңды жалғасы // Қазіргі таңдағы педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселелері: аймаќтыќ ғыл. - практ. конф. материалдары. –Ќараѓанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – Б. 61-66.
2 Халық тағылымы – ұлттық тәрбиенің өзегі // Қазақстан мектебі. - 2003. №11. – Б.5-7.
3 Ұлттық психология мен тәрбие жаңа жағдайда // Тәрбие құралы. – 2003. №4. – Б.13-14.
4 Ұлттық тәрбиенің өзегі нұрлы // Өзіндік таным. - 2003. №5. – Б. 27-28.
5 Ұлттық тәрбие-ұлт санасының өрісі // Актуальные проблемы права: Материалы научной конференции. – Караганда: КарЮИ МВД РК им.Б.Бейсенова, 2002. - 102 с.
6 Тіл – ұлттық тәрбие діңгегі // Ұлт тағылымы. - 2004. №3. – Б. 18-19.
7 Өнегелілік пен сенім – ұлттық рухтың болмысы (педагогикалық түйін) // Ізденіс - 2005. №1. – Б. 241-244.
8 Қазіргі кезеңдегі білім берудің инновациялық бағдары және бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру // Ќазаќстан Республикасындаѓы білім беру ж‰йесініњ даму жаѓдайы жєне перспективалары: респуб. ғыл.-практ. конф. материалдары. - Ќараѓанды: ЌарМУ баспасы, 2006. - Б.281-284.
9 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері // ҚарМУ хабаршысы. Ќараѓанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – №1 (49) - Б.76-80.
10 Ж.Аймауытов шығармашылығындағы тәрбие мәселесі //Қазақстан мектебі. - 2008. №5. – Б.59-63.
11 Бастауыш сыныптарда ұлттық қолөнер арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп. – 2008. №5. – Б. 15-18.
12 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану // Шоқан тағылымы – 13: халықаралық ғылыми-тєжірибелік конференция материалдары. Т.2. – Кµкшетау, 2008. –Б.101-104.
13 Бастауыш сыныптарда сєндік-ќолданбалы өнер арќылы оќушылардыњ ќызыѓушылыѓын арттыру // Шоқан тағылымы – 13: халықаралық ғылыми-тєжірибелік конференция материалдары. Т.2. – Кµкшетау, 2008. – Б.104-108.
14 Халықтық педагогика – ұлттық тәрбие беру құралы //«ЖезУ хабаршысы» - – Жезқазған: ЖезУ АҚ, 2008. – Б.217-221.
15 Бастауыш мектеп оќушыларын сыныптан тыс тєрбие ж±мыстары арќылы дамыту // Көпсалалы универстиет: болашақ мамандардың отансүйгіштігі, көпмәдениеттілігі мен бәскеге қабілеттілігі: VІІІ Халықаралық Байқоңыров оқулары конференция материалдары. Екі кітап. Бірінші кітап. – Жезқазған: ЖезУ АҚ, 2008. – Б.207-211.
16 «Халықтық таным әліппесі» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама). Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №289, 02.07.2008 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |