Есіктен табылған алтын адам – сақ ханзадасы


Аралтөбеден табылған алтын адам – сақ көсемі



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі276.56 Kb.
#483336
1   2   3   4
4.Қазақ Даласындағы Алтын Адамдар

Аралтөбеден табылған алтын адам – сақ көсемі

Қазақ жерінен табылған екінші алтын адам Атырау облысының Жылыой ауданына тиесілі. Бұл алтын адам 1999 жылы Аралтөбе атты қорымнан табылған болатын. Зерттеуші, археолог Зейнолла Самашев бұл қорымнан табылған алтын адамның мүрдесі сақ көсемі болуы мүмкін деген болжам айтты. Оның үстінде матадан тігілген көйлек, қысқа жеңді сауыт болған. Сауыт белдікке дейін ромб тәріздес алтын тағалармен безендірілген. Сондай-ақ, қабірден ерекше түрдегі алтын бұйымдармен қатар жұп-жұқа алтын фольгамен қапталған аса таяқ бөліктері де табылған. Ал аса таяқ бұл замандарда тайпаға көсемдік еткен беделді тұлғаларға ғана тиесілі болған. Алтын әшекейлердің формалары әртүрлі болып келеді, мұнда ромб түріндегілер де, шеңбер тәріздес тіпті жылан пішіндес те алтын әшекейлер көп. Алтын жалатылған сауыт киген ер адамның өрілген бұрымды шашы болғанға ұқсайды, бұл зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Тарихтан белгілісі, б.з.д. 1 мыңжылдықта Еуразия аумағында өмір сүрген тайпалар ішінде еркектердің шаштарын ұзын бұрым етіп өруі тек дәрежесі жоғары салт аттыларда ғана кездеседі. Көсемнің үстіндегі матадан жасалған көйлегінің жеңдері де әртүрлі алтын қапсырмалармен, жіптермен әшекейленіп, кестеленіп тігілген. Сауыттың да жеңдерінде, жағасында және етек жағында алтыннан жасалаған қапсырмалар жабыстырылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, көсемнің жанынан табылған аса таяғы оң жағына, ал алтыннан жасалған қорамсаққа салынған жебелері мен қылыш секілді қару жарағы сол жағына қойылған. Көсемнің шалбарына дейін ұсақ алтындармен безендіріліп, оның балақтары алтын жиекті етікке сұғындырылып салынған.
Алтын адамның бойынан және жанына қойылған заттардан табылған қолөнер бұйымдарының тарихи маңыздылығы жоғары. Бұл сол кезеңдегі өркениет пен өнердің дамуынан хабар береді. Сондай-ақ, қорғанда құрбандық шалу, Тәңіріге сыйыну сияқты діни ғұрыптардың жүргізілгенін көруге болады. Зерттеушілердің дерегі мен дегеніне сүйенсек, қорғанның дәл ортасында ошақтың орны сақталған. Бұл тайпа адамдарының отқа табынғандығының айқын көрінісі. Зерттеушілер отқа табыну діни наным-сенімінің сарматтар тайпасында болғанын алға тартады. Отқа табыну, одан көмек сұрау арқылы тайпа адамдары сыртқы күштерден қорғану жолдарын іздеген. Сондықтан, жерлеу рәсімін жүргізген кезде қорғанды айналдырып, он шақты жерде от тұтатып, алау жаққан. Қабірден сонымен қатар, қару-жарақтар, оны ілетін аспалы белбеудің бөліктері, темірден жасалаған әскери күршік, және сүйек ине мен жебенің темірден жасалаған үшбұрышты болып келетін ұштары табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет