Есіктен табылған алтын адам – сақ ханзадасы


Шілікті қорғанынан табылған алтын адам - сақ патшасы



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі276.56 Kb.
#483336
1   2   3   4
4.Қазақ Даласындағы Алтын Адамдар

Шілікті қорғанынан табылған алтын адам - сақ патшасы

Қазақстандық үшінші алтын адам Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан табылды. 2003 жылы археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар Зайсан ауданында қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл аймақта Жалши деп аталатын ауыл маңында үлкен көлемді 17 оба орналасқан болатын. Ал олардан жоғары көш бастап тұрған үлкен обаның көлемі мен орналасуына қарап, зерттеушілер оның тегін адамға қойылмағанын аңғарады. Себебі, ежелгі кезеңдерде бақ-дәулеті асқан адамдарға қойылған мәңгілік ескерткішің де көлемі үлкен болатын. Археологтардың болжамы дәл келді. Олар ақиқатында, сақ патшасының қорымын тапты. Бұл қорым біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІІ ғасырдың аяғы мен ҮІІ ғасырдың басына жататын ескерткіштердің бірі болып табылады. Яғни бұл жәдігер Қазақстанда бұрын-соңды табылған алтын адам ескерткіштерінің ішіндегі ең көнесі. Оның үстіне кигізілген киіміндегі аң-құс бейнесіндегі әшекейлер құйма алтыннан жасалған. Зерттеушілер оның сақ патшасы екендігіне күмән келтірмейді. Жалпы мүрде жатқан оба биіктігі сегіз метр, ал диаметрі жүз метрге жуық. Және обаның өзі үш қабаттан тұрады, оның үстіңгі қабаты топырақтан, астыңғы қабаты тастан үйіліп жасалған. Дәл тас үйінді ішінде сағана-қабірхана орналастырылған. Қабірхананың қабырғалары екі қатар етіп қойылған жуан бөренелерден тұрғызылған. Ол мүрдені топырақ түсуден қорғап тұрған. Қабірханадан бір ғана ер адамның мүресі табылды. Яғни бұл бір ғана беделді адамға жасалған қабір. Өлген адам алтынмен көмкерілген, құйылып жасалған киімімен жерленген. Жалпы оның үстіндегі алтыннан жасалған түймелер мен қаптырмалардың саны төрт мыңнан асып жығылады екен. Және бір қызығы, олардың басым бөлігі аңдар мен жануарлардың бейнесінде жасалған. Ал олардың ішіндегі ең үлкені - арқар мүсіні екен. Сондай-ақ, мұнда екі бұғының мүйізі айқасып тұрған және тұмсық түйістіріп тұрған екі таутекенің бейнесіндегі де алтын жапсырмалар табылған. Ал бесжұлдыз бейнесіндегі түймеден асқан геометриялық дәлдік аңғарылады. Бұл бесжұлдыз алтын мен лазурит тасынан жасалып, айналасы сүйекпен жиектелген екен. Ал оның ортасына мүйіз қойылған. Тарихты зерттеушілер сол заманда да бесжұлдыздың билікті аңғартқанын айтады. Бұл алтын адам Аралтөбеден табылған алтын адамнан бұрын, мың жыл ерте өмір сүрген. Зерттеушілер Есік қорғанынан табылған адамның үстіндегі киімнің арнайы жерлеу үшін тігілгенін айтады, ол жұқа алтын жалатылған фольгалармен көмкерілген, яғни арнайы жерлеу үшін ғұрыптық киім болған.
Өкінішке орай, Шіліктіден табылған алтын адам қорғанының бұған дейін тоналғанын айтады зерттеушілер. Патшамен бірге жер қойнына берілген оның алтын тәжі, қару-жарағының бір бөлігі және асатаяғы секілді көзге көрінетін бағалы заттарының біраз бөлігі қолды болған. Бұл алтын адам арнайы жерлеу киімімін емес, өзінің салтанаттарға киетін киімімен жерленген. Себебі, оның киіміне тігілген, жапсырылған әшекейлер мен жиектемелердің барлығы құйма алтыннан жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет