Картада жер бетінің тегіс емес кеңістік суреті шартты белгілердің үйлесуіндегі гаризонтальдар көмегімен және жергілікті жер нүктелерінің сипатты жазылуымен беріледі.
Деңгейлік беттегі құламаның проекциясы құлама жатысы деп талады. Картада жатыс горизонтальдар арасындағы қашықтықпен бейнеленеді. Жатыс аз болса, соғұрлым құлама құлдилау болады және керісінше бедер қимасы биіктігінде жатыс көп болса, құлама жайпақ келеді.
Әрбір масштаб үшін бедер қимасының негізгі биіктігі масштабтың графикалық мүмкіндіктерін (нақтылығын) ескере отырып белгіленген . Ол карта жақтауының оң жақ астына сызықтық масштабтан төмендеу жазылады және карта парағының тұрақты мөлшері болып табылады. Масштаб ірі болған сайын, соғұрлым қима биіктігі кішірейеді. Сондықтан да ірі масштабты карталарда бедер ұсақ масштабты карталармен салыстырғанда толықтау бейнеленеді.
5. Картада горизонтальдар негізгі қима биіктігіне сәйкестендіріліп тұтастай жіңішке сызықтармен жүргізіледі және негізгі немесе тұтастай деп аталады.
Қиюшы беттердің арасында қалып қоюына байланысты негізгі горизонтальдар картасында бейнелеуге мүмкін болмағандықтан , кейбір сипатты бедер пішіндерін (жеке шыңдар, қазан-шұңқырлар ) белгілеу үшін жартылай горизонтальдар (жартылай , қосымша горизонтальдар )картада негізгі қима биіктігінің жартысы арқылы өткізіледі және үздік сызықтармен сызылады.
Әрбір бесінші негізгі горизонталь бедері оқуға ыңғайлы болу және нүктелер биіктігін анықтауда горизонтальдарды есептеуді жеңілдету үшін – жуандау сызықтармен сызылады. Горизонтальдар жергілікті жерде бағыттың жоғарылау немесе төмендеуін анықтауға мүмкіндік бере алмайды. Сондықтан олардың кейбіреуіне бедердің сипатты жерлерінде , ылдидың төмендеу бағытына қарай сызықша түрінде ылди көрсеткіштері (бергштрихтер ) қойылады.
Бедердің горизонтальдармен бейнелеуі кейбір тұтастай горизонтальдардың абсалюттік биіктігі мәні жазулармен және жергілікті жердің жекеленген сипатты нүктелерімен толықтырылады.
Абсалютті нүктелер биіктігі мен горизонтальдардың картадағы жазуы белгі деп аталады. Горизонтальдармен бейнелеуге келмейтін (мысалы, жар, жыра, жырмалар, қорғандар , шұңқырлар) бедер элементтері арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Олардың кейбіреулері сандық сипаттарымен беріледі.
Карта бойынша жергілікті жер бедерін зерделеу – яғни бұл жазвқтықта горнизонтальдар суреті бойынша ой жүгірте отырып жер бетіндегі тегіс емес кеңістік көрінісін елестету және бедер ( ылди құлдилығы, нүктелер биіктігі және т.б.) сипатын анықтау бойынша есептеу мен өлшеуді жүргізу.
Бедердің жалпы сипаттамасы горизонтальдарды қалыңдығы мен сызылуына көз жүгірте қарау ,биіктік белгілері мен бедер бөлшектерінің шартты белгілеріне қарай анықталады. Бұл белгілерді қолдана отырып, бірніші кезекте негізгі су бөліністері, жазықтар мен ойпаттар ,жергілікті жерлердің төмендеу бағыттары айқындалады. Бедер сипатымен танысып болған соң, қойылған міндетке сай он.ы мұхият зерттей бастайды, сондай-ақ қажеті өлшеулер мен есептеулер жүргізеді.
Жер бетінің абсолютті биіктігін картада горизонтольдар мен белгілер бойынша анықтайды. Горизонтольды жатқан нүкте биіктігі осы горизонтольдың белгісіне сәйкес келеді. Егер нүкте горизонтальдар арасында жатқан болса, онда оған жақын жатқан төменгі горизонтальдың биіктігін тауып, бұл шамаға бұл нүктенің горизонтоль үстіндегі артығын қосады. Бұны, әдетте, «көзбен қосу» жолымен анықтайды.
Бедерлердің қажетті дәйектері негізгі және жартылай горизанталь-дармен бейнеленбеген жекелей жерлерде олардың арасында қосалқы горизонтальдар жүргізіледі. Ол қысқа үзік сызықтармен сызылады.Қатысты көтерілу артығы (қатысты биіктік, яғни жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісінен биіктігі) олардың абсалютті биіктіктерінің айырмашылығы ретінде есептеледі.
Ылдилар құламасы арнайы график – шөгінді шкаласымен өлшенеді, ол карта жақтауының оңтүстік астына, сызықтық масштабын оңға қарай орналасады.
№ 6-тақырып: Жергілікті жерде картасыз бағдар алу.
Гидрография
-
Елді мекендер
-
Өндірістік, ауылшаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілерге
-
Өсімдіктер жамылғысынан
1. Гидрография белгілі бір дәрежеде жергілікті жердің жалпы сипатын анқтайды. Оның барлық объектілері картада белгіленеді: теңіздер, өзендер, су қоймалары, құдықтар, бастаулар, көлдер, бұлақтар, арықтар, орлар, тоғандар және гидротехникалқ имараттар.
Карта бойынша теңіздер мен өзендердің жағалау сызығын анықтауға болады. Жағалау сызығынан кейін теңіз жағына шартты белгілермен су үсті және су асты тастары, жартастар, рифтер, аймақтар, жағалау құрылыстары, толқын бұзарлар, сондай-ақ теңіз навигациялық жағдайларының белгілері – шамшырақтар, алаулар, қарақшылар, қадалар көрсетіледі.
Теңіз, көл және ірі өзен түптерінің бедері тереңдік және изобат белгі-лерімен – тең тереңдік сызықтарымен бейнеленеді.
Өзендер мен бұлақтар еніне және карта масштабына байланысты бір не екі сызықпен көрсетіледі. Барлық өзендерде су кесіндісі белгілері беріледі, нұсқаулар арқылы ағыс бағыты көрсетіледі. Екі сызықпен бейнеленген өзен-дерге ені, тереңдігі, ағыс жылдамдығы, түбінің грунты (Т(К)-тасты,Қ(Т)-қатты, Қ(П)-құмды, Ж(В)-жабысқан) жазылады. Өзендер мен арналарда арнайы шартты белгілермен көпірлерді, аймақтарды, өткелдерді, шлюздерді және басқа да гидротехникалық имараттарды көрсетеді.
Көпірлерге сипаттамалар жазылады: әріптермен құрылыс материалы (А(Д) – ағаш, ТБ(ЖБ) – темір бетонды, М- металл), алымына – ұзындығы мен ені метрмен, бөліміне жүк көтергіштігі тоннамен беріледі. Кеуіп бара жатқан өзендер мен жылғалар үзік сызықтармен беріледі. Картада басқа да су объектілері бейнеленді (су арналары, құдықтар, бұлақтар)
Жол торабына темір, тас жол және топырақты жолдар жатады. Әр жолдың бейнеленуі оның сызылуын, типі мен сипаттамасын білдіреді.
Темір жолдар біртұтас қалың сызықтармен көрсетіледі: көлденең сызықтыр жол санын, ал Г әрпі тәріздес белгімен электрленген жолдар көрсетіледі.
Тар темір жолдар ұзына бойына көлденең таяқшалары бар мейлінше жіңішке сызықтармен бейнеленеді.
Тас жолдарға автостардтар, жетілдірілген тас жолдар мен қарапайым тас
жолдар жатады. Олардың алғашқылары – үш сызықпен, екіншілері – екі сызықпен, үшіншісі – бір сызықпен бнріледі. Жол қызғылт сары түспен боялады. Шартты белгінің бойына отырғызылған өсімдіктер, қуыстар, үймелер және басқа объектілер көрсетіледі, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамасы жазылады. Мысалы, жетілдірілген тас жолдың шартты белгісінде 12 (16) жазуы бар. Ол жол жабындысының ені – 12 м, жол бойы ордан орға дейін – 16 м, жабындысы – асфальт (басқаша болуы да мүмкін) дегенді білдіреді. Салынып жатқан жолдар белгілі бір ұзындық буындармен көрсетіледі.
Жетілдірілген топырақты жолдар – екі сызықпен беріліп, сары түспен боялады; топырақ жолдар – екі сызықпен; дала және орман жолдары – үздік сызықпен беріледі.
Арнайы шартты белгілермен ---- керуен жолдары, мал және жаяу сүрлеулері, қысқы жолдар көрсетіледі.
2. Елді мекендер картада қала, қала типтес кент, саяжай типті кент, квартал, қатар, жүйесіз және бытырап орналасқан құрлысты ауыл типті кенттерге бөлінеді.
Картада олардың әрқайсысына толық сипаттама беріледі, соның ішінде: көлемі мен типі, саяси әкімшілік маңызы, жоспары мен квартал құрлысының отқа төзімділігі, бас көшелері мен көрнекті ғимараттарының орналасуы, сондай-ақ қоғамдық, өндірістік ғимараттар мен үйлер, бағдарлар (мысалы, мұнаралар, ескерткіштер, зауыт, фабрика құбырлары ), айналаның бедері мен өсімдіктерінің сипаты беріледі.
Саяси - әкімшілік маңызы мен олардың көлемі сызбалар және атауларының жазбасы шрифт көлемімен бейнеленеді. Салалық және саяжайлық кенттер аталымы астында онда бар үйлердің саны көрсетіледі.
1 : 25 000 және 1 : 50 000 масштабты картада отқа төзімді тығыз кварталдарды бар құрылыстар ( тас, кірпіш, темір бетонды) сары-қызғылт түспен, ал отқа төзімсіз құрылыстары барлар (ағаш, саздан тұрғызылған) сары түспен боялады.
3. Өндірістік, ауылшаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілерге зауыттар, фабрикалар, шахталар, электр стансалары, диірмендер, мұнай мұнаралары, шіркеулер, мешіттер, мектептер, ауруханалар, шипажайлар, ескерткіштер, байланыс желісі, электр бергіш желісі, мұнай және газ құбырлары жатады. Негізінен олар масштабтан тыс белгілермен бейнеленеді. Қағидаға сәйкес, олар бейнеленген объектінің маңызын түсіндіретін жазбалармен толықтырылады.
4. Өсімдіктер жамылғысынан топографиялық картада ормандар, жекеленген тоғайлар, аласа және сирек ормандар, жеке ағаштар, орманның жас өсінділері, орманның жіңішке алаңдары, тал-шіліктер, бұталар және цитрус бақтары, жүзімдіктер , шай плантациялары, өртенген ормандар мен шапқындар көрсетіледі.
Орман алаңы жасылмен боялады. Ормандар хош иісті, жапырақты және аралас бөлінеді. Шартты белгінің сол жағынан ағаштардың басым түрлері , ал оң жағына ағаштардың орташа сипаттамасы метрмен (алымына- биіктігі, бөліміне – кеуде деңгейіндегі қалындығы және бөлшектің оң жағына – ағаштар арасындағы қашықтық ) жазылады.
Орманды бейнелегенде ондағы жолдар, байланыс желіісі мен әкімшілік шекаралар көрсетіледі.
Сирек тоғайлар бояусыз, шартты белгімен, ал орман өскіндері - ашық жасыл түспен боялып, жиі кездесетін ағаштар мен ағаш биіктігін көрсете отырып, шартты белгімен беріледі.
Тұтас тал- шіліктер алаңы ашық жасыл түспен, сирек бұталар бояусыз беріледі.
Картада кейбір грунттар (тасты, аңғарлы,құмды, т.б.), сортаңдар, батпақтар, сондай-ақ мелекеттік, көрші мемлекеттердің және автономды республиклардың, өлкелер мен облыстардың шекарасы бейнеледі
№7-тақырып. Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану.
-
Жергілікті жерді бағдарлану.
-
Картаны жергілікті жер сызығы бойынша бағдарлау
-
Компас бойынша картада бағдарлану
4. Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс.
Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану – картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анықтамадан және картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады.
Картаны бағдарлау – горизонтоль тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы (солтүстік) жағы – солтүстікке, ал төменгі жағы – оңтүстікке, оң жағы – шығысқа, сол жағы – батысқа бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен не сызғыш не компастың көмегімен дәл орындалуы мүмкін.
Жуықтап бағдарлану үшін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сәйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті.
Картаны шамамен горизонт жағына қараған бағытпен бағдарлайды. Алдына ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жақтауы – солтүстікке, ал оң жағын, төменгі және солтүстігі- шығысқа, онтүстікке және батысқа қарайтындай етіп етіп бұрады.
Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша неғұрлым толық бағдарлауға болады.
2. Картаны жергілікті жер сызығы бойынша бағдарлау картада бейнеленген түзу сызықты жергілікті заттар болған жағдайда қолданылады. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып, картадағы сызықты зат бейнесінің бағыты оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ал оның сол не оң жағындағы басқа объектілердің бейнесі картаның да сондай жағында болатындай етіп картаны бұру керек .
Егер тұру нүктесі белгілі және картада бейнеленген бағдарлар болса және тұру нүктесінен көрініп тұрса, онда картаны сол бағытты бойынша бағдарлайды. Сызғышты картадағы жүру нүктесіне қойып, қандай да бір көрінетін бағдармен сызғыш бойын нысаналап, таңдалған бағдар нысаналанған сызықтың бойында болатындай етіп картамен бірге бұрады. Нысаналау кезінде сызғыштың соңын өзіне қаратып, картада бағдарға қарап тұратындай етіп ұстайды.
3. Компас бойынша картада бағдарлануда алдымен оны шамамен бағдарлайды. Сосын компасты картаға оның лимбасының нөлдік диаметрі карта жақтауының сол жақ бүйірімен сәйкес етіп қояды. Үстіне компас қойылған картаны нұсқардың солтүстік ұшы бөлініске жеткенше бұрады, ол магнитті нұсқардың ауысуына сәйкес келеді, оның көлемі жақтаудың оң жағының астында көрсетіледі. Егер ауысу компас бөлінісі бағасынан (30) кіші болса, оны есептемейді.
Өзінің тұру нүктесі картада бейнеленген бедерге тән формалар мен бөліктер бойынша төмендегі тәсілдердің бірімен : көзбен жуықтап бағдарлау, жүрілген қашықтықты өлшеу, бағдар бойынша белгіленген таңбалар анықталады.
Жақын бағдар бой ынша тұру нүктесін анықтау үшін картаға қарап, ондағы және жергілікті жердегі екі-үш жақын жергілікті заттар мен бедер элементтерін тану керек. Сосын таңылған бағдарға, оған дейінгі бағытқа сондай-ақ олардың өзара орналасуына дейінгі “көзбен” өлшеп анықталған қашықтықты картадағы тұру нүктесінің масштабын ескере отырып белгілеу керек.
Тұру нүктесін жүріп өткен қашықтықты өлшеу арқылы анықтауда бұл қашықтықты картадағы дәл танылған жергілікті жер нүктесінен бастап өлшеу керек және оны карта масштабындағы қозғалыс бағытына қою керек.
Бағдар бойынша белгіленген таңбалар әдісінің мәні мынада: бағдарланған картада сызғышпен екі-үш жергілікті затқа белгі қойылып, одан бағыттар жүргізіледі; бұл сызықтардың қиылысы тұру орны болып шығады. Мұнда бағдарлардың дәл танылуы, ал сызғыш шеті оның картадағы бейнесінің дәл ортасынан өтуі маңызды.
Картаны жергілікті жермен салыстыру. Жергілікті заттар мен бедер элементтерінің тұру нүктесінің айналасында орналасқандардың бәрін тауып, сондай-ақ картада көрсетілген жергілікті жер объектілерін тану болып есептеледі.
Картада бейнеленген затты табу үшін картаға қарап, ондағы өзнің тұру орнын анықтау керек. Карта бағдарына ығыстырмай бетін затқа қаратып тұрады да, жергілікті жерден оған дейінгі қашықтықты көзбен бағалап, ойша карта масштабындағы бұл қашықтықты өзінің тұру нүктесінен зат бағытына қарай қояды. Қойылған қашықтықтан көрінетін жергілікті заттың картадағы бейнесін табу керек.
Картада бейнеленген жергілікті жердегі затты табу картаға қарап, ондағы өзінің тұру орнын анықтағаннан кейін орындалады. Картада бағдарланған жағдайда тұру нүктесінің жергілікті затқа бағытын табады (сызғышты картадағы тұру нүктесіне және заттың шарты белгісіне қою арқылы табуға да болады), бұл бағытқа картада өлшенген бұл нүктелер арасындағы қашықтықты апарып, жергілікті жердегі затты іздестіреді.
4. Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс.
Ұрыс жағдайында да, бейбіт уақытта да карта көмегімен түрлі жағдайларда: жолмен және жолдан тыс, жабық жерлерде, түнде және көруге қиыншылық туатын басқа да жағдайларда қозғалыс жасауға тура келеді. Берілген маршрут бойынша бағытты қателеспей ұстап жүру үшін қозғалысқа мұқият дайындалу және жолда үнемі өзі тұрған жерін анықтап отыру қажет.
Жол бойымен қозғалыс кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын : жол сипатын , жол бойындағы құрылыстарды , көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын , өтеуге қиын учаскелердің орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдары , жол айрығы мен жол қилыстарын есте сақтау керек. Сонан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдалынып , іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалынып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылынып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарналған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарғы жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру, жүріп өткен қашықтықпен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және қозғалыстың соңғы пунктін айқын біле алу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұқият болу керек.
Жолдан тыс қозғалыс жасау үшін маршрут картада жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей болып белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері т.б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға қозғалу кезінде, жолдағы қозғалысқа қарағанда, карта бойынша жиі бағдарланып, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отыру қажет.
Жабық жерлерде қозғалыс бағыты компас бойынша бағдарланып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша қозғалыс үшін мәліметтер міндетті түрде дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын, өзендерді, т.б. пайдалануға болады.
Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір-біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікте орналасқан заттар, көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктер пайдалану қажет.
№8 тақырып. Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс бойынша сабақ өткізу әдістемесі. 2 сағат
Қазақстан Армиясының танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы негізгі миналары, олардың техникалық – тактикалық мәліметтері, жалпы құрылысы және әрекет ету прниципі. Олардың орнатылатын орны және тәртібі, жасыратын жерін анықтайтын белгілері.
Мақсат. Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың жалпы құрылысымен, әрекет ету принцпімен және орнатылу тәртібімен оқушыларды таныстыру. Минаның қарсыласпен күресудегі әсерлілігі туралы сенімділікті тәрбиелеу және оларды ұрыс кезінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Оқу сұрақтары. 1. Танкіге қарсы миналар. Олардың тактикалық-техникалық мәліметтерді жалпы құрылысы және әрекет ету принципі. 2. Жаяу әскерге қарсы миналар. Олардың тактикалық-техникалық мәліметі, жалпы құрылысы және әрекет ету принциптері. 3. Танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы миналардың орнатылатын орны және тәртібі, жасырынатын жерін анықтайтын белгілер.
Уақыт. 45 мин.
Өткізілетін орны. Әскери бөлме және тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс бойынша сабақ өткізетін қалашық.
Әдіс. Әңгімелеу және көрсету.
Материалдық қамтамасыз етуі. 2-танкіге қарысы оқу минасы, 3-жаяу әскерге қарсы миналар.
Сабақтың өткізілу тәртібі және әдістемелік кеңестер. Сабақ басталардын бұрын танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы миналар бейнеленген плакат және миналардың негізгі сипаты берілген кестені дайындап қою ұсынылады. 3-оқу сұрағын талдау үшін тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс алаңында мина орнатуға арналған екі ұяшық дайындап қою керек. ПОМЗ – 2 немесе оның макетін орнатып, сондай-ақ орнатылған миналарды анықтау белгілерін дайындау қажет.
Кіріспе бөлім. 3мин
Сабақ басында оқытушы оқушыларға инженерлік бөгеттер, олардың ұрыстық барлық түрінде қолданылатынын, жауды жоюда және олардың қозғалысына кедергі келтіру туралы айтқаны дұрыс .
Инженерлік бөгеттер мина жарылатын, жарылмайтын және қоспалы (мина жарылатын және жарылмайтын) болып бөлінеді. Осы жерде оқушыларға қарсыласпен күресуде ең әсерлісі болып мина жарылатын инженерлік бөгет екені туралы айтып өткен дұрыс. Олар тек қарсыласты бөгеп қана қоймай, олардың техникасына зақым келтіріп, тірі күшін жоюда әсерлі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес армиясы мина жарылған бөгеттердің көмегімен жаудың 10 мыңнан аса көлігін жойғаны туралы айтуға болады.
Одан әрі оқытушы-ұйымдастырушы оқушыларға жарылатын мина бөгеттерінің негізін мина алаңдары құрайтыны туралы айтуы керек. Сосын мина алаңының белгілі жерлерге тәртіп бойынша мина орналасқан жергілікті жер екені туралы айтады. Осы жерде машиналардың танкіге, жаяу әскерге қарсы және арнайы түрі болатынын айтқаны дұрыс.
1-оқу сұрағы. 12 мин. Алғашында танкіге қарсы миналардың қарсыластың танкілерін және басқа да ұрыстың көліктерін зақымдау үшін жергілікті жерді миналауға қолданылатыны туралы әңгімелеу ұсынылады. Олар шынжыр табанға, танкі астын зақымдауға және бортын зақымдауға қарсы болады. Шынжыр табанға қарсы миналар шынжыр табан тікелей оған жанасқан да жарылып, негізінен оның қозғағыш бөлігін ғана зақымдайды. Танктің астын жаратын миналар тек қозғағыш бөлігін ғана зақымдап қоймай, оның моторын және экипажын зақымдайды. Бортты зақымдайтын миналар танктің бортын теседі.
Сосын оқытушы-ұйымдастырушы плакаттын танкіге қарсы миналардың ТМ-57 немесе ТМ-62 сияқты кең тараған түрлерін көрсетіп, олардың негізгі сипаттары, жалпы салмағын, жарылғыш заты, детокетор туралы айтуы қажет.
Одан әрі оқытушы-ұйымадстырушы танкіге қарсы миналардың жалпы құрылысын қарастыруға көшеді. Осы жерде ол оларды атап өтіп, ТМ-57 немесе ТМ-62 миналарының корпусын, бөліктерін көрсетеді. Минаның әрекет ету принципін жылдам меңгеру үшін оқушыларға жарғының корпустан, соққы механизмі және ұрғысынан тұратын жалпы құрылысы көрсетілуі тиіс.
Оқытушы одан кейін оқушыларды миналардың әрекет ету принципімен таныстырады. Алдымен ол оқушыларға ТМ – 57 және ТМ – 62 фугасты әсер ететіні, яғни, нысананы жарылған өнімдерімен зақымдайтыны туралы хабарлайды. Сосын жартылай бейнеленген мина кескіні бар суретті пайдалана отырып минаға шынжыр табанмен немесе 150-160 кг жүк мина қақпағына жанмен әсер еткенде ол төмен түсіп, жарғышпен бірге жарғыштың соққы механизміне дейін аралық детонаторға төмен түсетіні туралы айтады. Басқыш қақпақтың басылуы нәтижесінде соққы механизмі іске қосылады. Дектонатордың жаққыш қапшығы қызып, оның жарылуын тудырады. Жаққыштың жарылуы мен минаның заряды жарылады.
Сабақты бекіту сұрағы. 1. Танкіге қарсы мина не үшін қолданылады? 2. Минаның негізгі бөліктерін атаңыз. 3. Мина іске қалай қосылады?
2-оқу сұрағы. 15 мин. Мазмұндалу әдістемесі 1-оқу сұрағымен бірдей. Жаяу әскерге қарсы минаның жалпы құрылысы туралы әңгімелеу. Оларлың негізгі құрамын плакаттан көрсетумен жалғасады. Сосын оқытушы – ұйымдастырушы ПОМЗ-2М – құрылысының ерекшеліктері туралы оқушыларға айтып береді.
Жаяу әскерге қарсы миналардың іске қосылу принциптерін мынадай реттілікпен беру ұсынылады. Сақтандырғышты жарғыштан алған соң ұрыстық пружинаның әсер етуімен кескіні темір элементті кесіп, мина ұрыстық қалыпқа көшеді. Кесуге кететін уақыт 2,5 минут. Бұл уақыт минаны қауіпсіз жағдайда орналастыруға мүмкіндік береді. ПМД – 6 және ПМН миналарының қақпағын басқанда және ПОМЗ – 2 минасының сым тартқышын тартқанда соққыш босайды. ПМД – 6 және ПОМЗ – 2 сенімді миналарда соққыш ұрыстық жолақты босаған соққыш ұрыстық пружинаның әсерімен жаққышты қыздыра отырып, жарылыс тудырады.
3-оқу сұрағы. 12 мин. Ол тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс сабағын өткізетін қалашықта өткізіледі.
Алдымен оқушыларға танкіге қарсы және жаяу әскерге қарсы миналармен маңызды рубеждері: тірек бөлімі, артиллерия позициясы және басқару бөлімдері қоршалады. Миналар қарсыластың танкілері мен жаяу әскерлері жолдарына орнатылады.
Сосын оқытушы-ұйымдастырушы оқушыларды танкіге қарсы миналардың орналасу тәртібімен таныстыруы керек. Содан кейін ол алдын ала орнатылған ПОМЗ – 2 м миналық көрсетеді. Оқушылардың назарын орнатылған танкіге қарсы мина 5-8 см топырақпен, ал жаяу әскерге қарсы мина 1-2 см топырақтан жасырын атылуына аударғаны жөн. Оларға ПМД-6 және ПМН миналарын алуға және зарарсыздандыруға тиым салынатыны туралы хабарлау қажет.
Негізгі бөлімді қорыта келіп, оқытушы қазіргі уақыттағы ұрыста жарылғыш мина бөгеттерді маңызды рөл ойнайтынын атап өткені дұрыс. Сондықтанда әрбір сарбаз негізгі миналардың құрылысын біліп, орната және зарарсыздандыра білуі қажет.
Қорытынды бөлім – 3 мин.
№ 9-тақырып. «Байланыс және Басқару» «Радиобайланысты ұйымдастыру»
Достарыңызбен бөлісу: |