Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша



бет1/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.03 Mb.
#6731
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстық ғылымдары факультеті

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы



Пәннің оқу – әдістемелік кешені

Әскери өнер тарихы ”



5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша

II – курс студенттеріне арналған

Семей 2014

Құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Ақжигитов Болат Асқарұлы _________________
Кафедра отырысында бекітілген: хаттама №___ «__»__________жыл

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының Прохоров Б.Н.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді

Хаттама №___ «__»__________жыл


Жаратылыс ғылымдар

Факультетінің ОӘК төрайымы Абдишева З.В.


Жаратылыстану ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген
Хаттама №__ «__»__________________жыл
Жаратылыс ғылымдар

факультетінің деканы, х.ғ.к.,доцент Ибраева Л.Сс



Мазмұны:


  1. Пәнге арналған глоссарий ................................................................4-5 бет

  2. Дәрістер бойынша қысқаша конспект .............................................6-29 бет

  3. Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар….30-47 бет

  4. СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар ............................................48-56 бет

  5. СӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар ...............................................57-59 бет

  6. Бақылау алу сұрақтары………………………………………..............60-73 бет


Пәнге арналған глоссарий

  1. Сақ - Біздің заманымызға дейінгі Х - V ғасырларда Кіндік Азия мен Қазақстаң аумағында, Хуанхэ, Ертіс жене Дунайға дейінгі аралықта парсыларша "сақ", грекше "скиф" деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпа.

  2. Тәңірқұты – қатал билік жүргізген елбасы.

  3. Ғұн - б.з.д. Ш – II ғасырларда Орта Азияны мекендеген көшпелі халық.

  4. Ақ татарлар - қытай корғаны жанында, Оңтүстік Монғо-
    лияда тұрған. Оларға қытай - түрік мемлекеттік өркениеті ықпал етті.

  5. Қара татарлар - қазіргі Монғолияның үлкен бөлігін алып жатты. Олар түрік мәдениетті халықтардың ықпалында болды.




  1. Монғолдар - "орман халықтары" деп атаған аңшы татарлар қазіргі Забайкалье облысы мен солтүстік - батыс Монғолияда рулық жағдайда өмір сүрді.




  1. Шыңғыс хан (Темужин) – Моңғол имперясының негізін қалаған, моңғол тайпаларының басын біріктірген хан. 1155 – 1227 жылдар аралығында өмір сүрген.




  1. Темірлан (Әмір Темір, қазақтар Ақсақ Темір деп те атайды) -Бұхараның оңтүстік-батысындағы Кеш қаласында дүни-еге келді. Оның өкесі кішігірім ұлысты басқарды. Бала кезінен бастап Темірланның дене бітімі ерекше болды. Әскери жаттығулардан өткеннен кейін, ол 12 жасьшан бас-тап, екесімен бірге жорықтарға қатыса бастады, осылайша жасынан-ақ қатал әскери мектептен өтті және тәжірибелі жауынгер болды.




  1. Қазақ атауы - ІХ-Х ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дәлелдеп берді. Онда былай делінген: "Қазақ, қазақ халқы деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекеңдеген халық.




  1. Түркі (қытайша: "тукюе") - б.з VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды.




  1. Түргеш қағандығы - 704 жылдан 766 жылға дейін өмір сүрген түркі тілдес тайпа.

  2. Нөкер - әркез соғысуға әзір тұратын, соғыс өнерін жақсы меңгерген жауынгер.

  3. Уч-Элиг (Үш-Елік) - Батыс түркілерінің мемлекетін құрған түргеш тайпасыньш көсемі, Он оқ елінің бірлестігін қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш (690-766 жж.) атын берді.

  4. Бумын қаған (қытайлар Тумынь деп атаған) – Түркі империясының негізін қалаған қаған.

  5. Қалмақ - В.В Бартольдтің тұжырымдауынша, мұсылман кітаптары ішінде Шараф-ад-Дин Иаздінің 1425 ж. жазылып біткен Зарафнамасында, мукадимасында бұл сөз түркілердін "қалу" дегенінен шыққан.

  6. Нөкер - әркез соғысуға әзір тұратын, соғыс өнерін жақсы меңгерген жауынгер.

  7. Жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдын ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, вюрс деп ата-латын тәрт ірі тайпалық бірлестіктен құралды.

  8. Аңырақай шайқасы 1730 ж. көктемде Іле өзеніне жақын Қараой, Акдала және қазіргі аудан орталығы Бақанастан 17 шақырым жердегі Береке ауылы тұрған аумақты қамтыды.

  9. «316-атқыштар дивизиясы» ерлікпен және табандылықпен шайқасқан дивизия. Алғашқыда солтүстік-батыс бағытқа жөнелтіліп, кейіннен оны командование Мәскеу түбінде қалыптасқан киын жағдайға байланысты астананы қорғауға жіберді.

  10. Ұлттық құрамалар Қазақстанда ұлттық құрамалар да жасақталды. Оларды жасақтау туралы бастаманы соғыстың алғашқы қатерлі кезеңінде одақтас республикалар халық комиссариаттары көтерген болатын.

  11. Арнайы әскерлер - Инженерлік өскерлер - құрлық өскерлерінің ұрыс ерекетін.және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған.

  12. Химиялық әскерлер - жаппай қырып - жоятын ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда болуына байланысты, бұл қару қолда-
    нылған жағдайда әскерлерді қорғайтын кадрлар қажет бола-
    ды.

  13. Ұлттық ұлан - Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет. Ұлттық Ұлан шетелдік де-легацияларды қарсы алғанда, шығарып салғанда және басқа да маңызды шараларды орындайды.

  14. Ішкі әскер - Әзірге Республикамызда қылмыстық және баека да құқык бұзушылдық сақтальга отырғанда, ішкі әскерлердін қажеттілігі маңызды болып қала береді.

  15. Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің еуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады.

  16. Аңырақай шайқасы – 1729 – 1730 жылдар аралығында Қазақ даласында болған шайқас.

  17. Актабан шұбырынды, алқакөл сұламаға 1723 ж. көбірек ұшыраған Қазакстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны төмендей көшіп, Мұғалжар тауына дейін барған.

  18. Қалмақ қырылған – қазақтардың қалмақты ойсырата жеңген шайқасы. Бұл жеңісінең кейін де үш-төрт жылға созылып, сол аймақта қалмақтардың тағы да жеңілгенін және тағы қанды соғыс болған жерді "Қан сасыған" деп атайды.



Дәрістер бойынша қысқаша конспект
1 тақырып: Кіріспе

Дәріс мақсаты: Сақтар және олардың мекендеген жерлері жайлы түсінік беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сақ атауының пайда болуы, мекендеген жерлері?

Дәріс.

Біздің заманымызға дейінгі Х-Ү ғасырларда Кіндік Азия мен Қазақстаң аумағында, Хуанхэ, Ертіс жене Дунайға дейінгі аралықта парсыларша "сақ", грекше "скиф" деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.

Хуанхэ мен Дунай өзендері аралықтарьндағы қазбалардан шыққан сақтарға (скифтерге) тән қару-жараұ, ат жабдықтары, аң стиліндегі киім-кешектері б.з.д. X—V ғғ. дейін ортак мәдениеттің осы атаумен аталуына себеп болды, ол мәдениет б.з.д. III ғасырға дейін өмір сүрді. Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Іле, Шу жағалауларында, Қырғыз және Жоңғар Алатауының таулы бөктерлерінде, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында орналасқан. Еділ мен Дунай аралығынан табылған ескертіштерді тарихшылардың зерттеулері мынаны көрсетеді б.з.д X -V ғасыр-ларда Орта Азия мен қазіргі Қазақстан даласын, парсы тарихшыларының айтуынша, сақ, грек тарихшыларының айтуынша "скиф" тайпалары мекендеген. Бұл, Хуанхэ мен Дунай аралығындағы баряық көшпелі тайпаларға төл атау еді.

Біздің қазірше білетініміз б.з.д. 454-425 жылдар арасын-


да сақтар туралы Геродот былай тұжырымдайды: "Парсылар
барлык скифтерді сақтар деп атаған". Орта Азия мен Қара
теңіз жағалауындағы көшпенділерді гректер скиф деп атаған
деп хабарланды.

Сонымен қазір белгілі болып отырғаңдай, - .сақ тайпалары Орта Азияда, қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген және массагеттер деген атпен белгілі болған. Ал еуропалық сақтар Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы алқаптарда, яғни қазіргі кездегі Венгрия, Румыния, Болгария мемлекеттері ор-наласқан аумақта өмір сүрген.

Геродот сақтарды олардың айналысқан кәсіптеріне қарай жіктеген: егінші сақтар Зеравшан, Әмудария, Сырдария, Іле, Днепр мен Бут өзендері жағалауларындағы өлкелерде өмір сүрсе, көшпеді сақтар Днепрдін. шығыс жағын мекендеді дейді.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Сақ тайпасы қай аумақта мекендеген?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

2 Тақырып: Сақтардың қаруы және әскери өнері.



Дәріс мақсаты: Сақтардың қаруы және әскери өнері жайлы студенттерге толық мәлімет беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сақтардағы қару – жарақ түрлері және әскери өнерінің дамуы?


Дәріс.

Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Одардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аудартып келді, әрі ежелгі құл иеленуші мемлекеттердің әскери өнерінің дамуына өзіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.

Сақтардың негізгі қаруы садақпен ұзын ңайза болды. Сақ садақтарьі екі серіппелі бөліктен тұрды, сыммен жалғастырыла тартылған қос мүйіз. Геродот айтқандай, сақтар садакты кеудесіне емес, иығына қойып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойьп ата беретін болган. Сақ жауынгері ол атты садақшы. Авдиевтің айтуынша, оның күші - "жебеде, қорамсақта және болдыруды білмейтін жүйрік атта". Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан,сауыт, бас киім еді. Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды, денеге тиіп тұрды, бірақ жауынгердің қимыл - қозғалысына қедергі жасамады. Сақ әскерлері жеке - жеке топтаң (рулық топ) тұрды. Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдау үшін қосымша күш жүмсалды. Негізгі мақсат майданнын тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады.

Сақтар негізінен, өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап, жауының есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды ңемесе өтірік шегініп, қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда -сақтар жауын толық талқаңдағанша қуалап, толык жойып жіберуге.ұмтылды. Ал жеңіліске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді. Сақтарда үнемі жайылым жетісппеді. Олардын күшін әлсіреткен ең басты көршілес тайпалар арасындағы қақтығыстар болды.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Сақтардың қолданған қару түрлерін ата?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

3 Тақырып: Сақтардың Александр Македонскиймен соғысы.

Дәріс мақсаты: Сақтардың А.Македонскиймен соғысы жайлы толық мағлұмат беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысқан жылдары?


Дәріс.

Арриан, Курций Квинт жоне Геродот еңбектерінде сақтардың Александр Македонский армиисымен екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндайды. Александр Македонский соғыста тізе бүктіре алмады..

Үш жарым жыл ішінде македондықтар парсы флотын талқандап, Огей мен Жерорта теңізіне орналасып алды. Парсылардың саяси экономикалық орталығы Ванмлон қаласын жаулап алды. Осы уақыт ішінде македон жауынгерлері сегіз мың шақырымнан астам қашықтықты басып өтті. Парсы патшалығы талқандалды, дегенмен өздерінің жеңісін баянды ету үшін македондықтарға Бактрия, Соғды және Хорезмді бағындыруға тура келді. Бұл далаларда көшпелі сақ-массагет тайпалары мекендеді Бактрия мен Согдиана аса маңызды сауда жолында тұрды Шығысқа үстемдік ету үшін македондықтарға міндетті түрдс осы аймақты бағындыруга тура келді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін македондықтар тағы да уш жарым жыл уақыт соғысты.

Көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың щақырым жерді басып өтті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға - сақтарға басып кіріп, бостандық сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.

Соғыстың бірінші кезеңінде - б.з.д. 329 ж. Македон жау-
ынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд (Самарқанд) кала-
сын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне
жетіп, аса мықты қамал -Қала - соңғы Алекснвдрия (Ход-
жепт) қаласын салды.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысқан аймақтары және мерзімі?

  2. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысқан жылдары?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

4 Тақырып: Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары.



Дәріс мақсаты: Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары туралы мәліметтер беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы.

  2. Хұн империясының жасаған жорықтары?


Дәріс.

Хұн империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады, Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, б.з.д. III ғасырда хүндар түркіше сөйлеген. Кұн тайпаларына: қыпшақтар, қаңлылар (кангюйлер), үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша: св) жатады. Хұндар жұртының жер аумағы үш бөлікке бөлінген.

Біріншісінің ішінде сюнгулар болды, олар біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың ортасынан бастап, Хуанхэ өзенінін орта тұсы мен төменгі ағысындағьі - казіргі Қытай жерін және Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.

Хұндардың екінші бөлігі — біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықта сыртқы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сейлеген сәнбилер. Кейіннен сәнбилер солтүстік Вэй әулетін құрған (386-534 жж.).

Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта. Мұнда ішкі Монғолияда, Байқалда, Ордостан (Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекеңдеген хұн тайпалары қалыптаса бастайды..Бұл тайпаларда түркі тілінде сөйлеушілер көбірек болған, ал бұлар бұрынғы сақ тайпаларынын ұрпақтарымен көрші тұрған.

Хұн мемлекетінің құрылымы да катал иерархиялы болды. Б.з.д. У-ІУ ғасырларда жун (хұн) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хұн державасы көршілес тайпа одактарымен және қытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтандырылған империяда ғана болуы мүмкін.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Хұн империясының қалыптасу тарихы?

  2. Хұн империясының мекендеген жерлері?

  3. Хұн империясының мемлекеттік құрылымы?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

5 Тақырып: Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (V-VIII ғғ.).

Дәріс мақсаты: Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (V-VIII ғғ.) жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Түрік империясының әскери құрылымы?

  2. Түрік империясының соғыс өнерінің дамуы?


Дәріс.

Ұла далада түркі мемлекетінің, түркі тідінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылады: "Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласынын, үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі заңдарын шығарып, оны бекітті".

Мұнда дүниенің төрт бұрышьш түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандары билік құрған уакытымен байланысты суреттеледі.

Н.А.Аристов "Түркілердің бастапқы шығу тегі мен олардың ата жұрты туралы" деген мәселеде: ''Түркілердің негізгі үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер - су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хұңдар империясы болып есептеледі", - дейді.

Орхон жазбалары бұған дәлел. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз IX—X ғасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Осы географиялық әдебиетте "түркі" деген сөз халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде керсетілген. "Түркі" сөзі (қытайша: "тукюе") б.з VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды

Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында "Бумын") империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Истеми (қытайша Шедеми) батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрғен. Бастапқыда ағалы - інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, қытайлар осыған сәйкес көшпелі империяларды солтүстік түркілердің мемлекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған. Осы ұлан - ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес ашина (түрік), қырғыз, үйсін, қаңлы, қарлұқ, оғыз (теле), қышпак т.б. тайпалар Түркі қағаңдығыньщ құрамына енді.

¥лы Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіздің арасында жатқан тайлаларды біріктіріп, бір орталыққа қаратады - сол өлкені еркін жайлаған соғдылар Түрқі қағандығына қарсы тұра алмайды.

Бумын қаған мен Қара қағанның мұрагері Мүған қаған оңтүстік-батыс Манчжуриядағы монғолдың қидан тайпасы мен Енисейдегі қырғыздарды басып алу арқылы түркі елінін Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі билігін түпкілікті етеді. Қытай жазбалары бойынша шекарадан тыс жатқан көршілерінің бәрін тітіркентеді.

Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердін мемлекеттік заңы негізгі ірі - ірі бес баптан тұрған:

/ -бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған).

2-бап. Түркі бұдун (жұртының) мүддесін сатып, елге опасыздык еткендер өлім жазасына кесілсін.

3-бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісіні өлтіргеңцер өлім жазасына кесілсін.

4-бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ат - қоғамның соғыс күші.)

5-бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айьп төленсін.

Аз уақыт ішінде Түркі қағандығы мемлекеттің жеңісін сыртқы жаудан қорғай алатын тұрақты әскер құрды. Әскерге белгілі тәртіп бойынша ханның аға - інілері, балалары мұрагерлік жолмең басшылық етті. Қытайдың қазіргі солтустік - шығысындағы өлкелерінен бастап Қара теңізге дейінгі ұлан - байтақ өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқару ордасы Орхон өзеніңің бойында орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. «Түркі» атауының қалыптасуы?

  2. Түркі қағандығының қалыптасуы?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

6 Тақырып: Түргеш қағандығы және оның Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі.

Дәріс мақсаты: Түргеш қағандығы және оның Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі мәліметтер беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Түргеш қағандығының құрылуы?

  2. Түргеш қағандығының Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі.


Дәріс.

Батыс түркілерінің мемлекетін құрған түргеш тайпасыньш көсемі Уч-Элиг (Үш-Елік) Он оқ елінің бірлестігін қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш (690-766 жж.) атын берді.



699-704 жылдары түргештердің қолбасшысы Үш-Елік Батыс қағаңдықта орын тепкен басқа түркі тайпаларын ығыстырып, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа (Шығыс Түркістанда) дейін өз билігін орнатты.

Батыс Түркі қағандығы құлағаннан кейін түргештер тез арада күшейіп, тарих сахнасына шығуға талпынды. Түргештердің көсемі өз ұлыстарын біріктіріп, басқару жүйесін қалыптастырды. Өзіне қарасты елді әрқайсысында 7 000 - нан тұрғыны бар 20 әкімшілік аймаққа бөлді. Бүкіл ел он канат, сол қанат болып, екі үлкен ұлысқа бөлінеді. Түргеш қағандығының ұлы астанасы Суяб қаласында, кіші астанасы Іле өзені жағасындағы Койлық (Күнгіт) қаласында болды. Тань патшалығының көне деректеріне қарағанда, ол кезде түргештердің қоныстанған жері "Шығыс - солтүстікте Шығыс Түркі қағандығымен қанаттас, батыс-оңтүстікте Соғдылармен, ал шығыс - оңтүстікте Шаш аймағымен шекаралас болды.

Үш - Еліктің мақсаты Тань империясыл Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларды бағындырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы Нью Шицзян 1708 жылы қаза тапты.

Үш-Еліктен кейінгі Түргеш қағаны Сұлу (Сүлік) аз уақыттың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түргеш қағандығын қалпьша келтірумен бірге, екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі батыстағы мықты жауы арабтар еді. Арабтардын жеңілу көрмеген әскеріне 714—715 жж. Сұлу (Сүлік) әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп қайтты. Акыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне сүйеніп, оларды Мауараннаһрдан Әмудария мен Сырдария ортасындағы жерге куып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан шықты. Олар Батыс Түркі кағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға карсы күш ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ Қытайдың жымысқы саясатынан еш нәтиже шықпады.

Түркі халықтарының тарихында Талас жеңісі өте маңызды болып саналады және арабтар әскери шабуылын тоқтатып, Орта Азия, Қазақстан, ІІІығыс Түркістанға бейбіт жолмен ислам мәдениетінің таратылуы шешілді. Сары түргештер мен қара түргештер арасында таққа таласушылық қытай әскерін жеңгеннен соң да жалғаса берді, Ілмін қаған (753-756 жж.), Ата Боиша қаған (756-766 жж.) билік жүргізді, бірақ өзара қырқыс тоқтамады.

Түргештер өздерін осылай әлсіретіп біткен кезде, күшейіп келе жатқан қарлұқтар (түркі тектес) 766 жылы оларды жаулап алып, біржола тәуелді етті - билік қарлұқтардың қолына кешті. Түргеш қағандығы 704 жылдан 766 жылға дейін өмір сүрді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет