«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен Бекітілді 2014 жылғы № хаттама «Әскерилендірілген темір жол күзеті»



жүктеу 136.44 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі136.44 Kb.






«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен
Бекітілді

2014 жылғы ___________

____ хаттама



« Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы





«ӘСКЕРИЛЕНДІРІЛГЕН ТЕМІР ЖОЛ КҮЗЕТІ»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ

Астана қаласы



2014 жыл

Мазмұны
Глоссарий
1. Жалпы ережелері
2. Қоғамның іскерлік қарым-қатынасының этикалық нормалары
3. Қоғам қызметкерлері
4. Қоғамның беделі
5. Қоғамның іскерлік қатынастары
6. Қоғамның іскерлік этикасы кодексінің орындалуын қамтамасыз ету

Глоссарий
Кодекс – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының іскерлік этика кодексі;

Жалғыз акционер – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

Қоғам – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы;

лауазымды тұлғалар – Директорлар кеңесінің мүшелері, президент;

қызметкерлер – Қоғаммен еңбек қатынасында тұрған және жұмысты еңбек келісімшарты бойынша тікелей атқарып жүрген жеке тұлғалар;

іскерлік этика – Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері өз қызметтерінде басшылыққа алатын қызметтік жүріс-тұрыс ережелері мен нормалары, моральдық және этикалық принциптер мен іскерлік тілдесу нормаларының жиынтығы;

бейэтикалық жүріс-тұрыс – Қоғамда лауазымды тұлғалардың/қызметкерлердің осы Кодекспен қабылданған қызметтік жүріс-тұрыстарының моральдық нормаларына қайшы келетін жүріс-тұрыстар;

Қоғамның беделі – қоғамда Қоғам қызметінің қадір-қасиеті мен кемшіліктері, Қоғам ұсынатын қызмет түрлерінің сапасы, Қоғамның лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің жүріс-тұрысы туралы қалыптасқан пікір;

Қоғам имиджіҚоғамның лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің, сонымен қатар Қоғамның құндылықтар сипаттамасын бөлісетін және басқалардың Қоғам туралы ойына ықпал ететін адамдардың түйсігінде Қоғам туралы қалыптасқан бейне;

мүдделердің қайшы келуі – Қоғам қызметкерінің жеке мүддесі оның лауазымдық міндеттерін риясыз орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

жеке мүдде – Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау барысында ақшалай немесе заттай табыс табу, жеке бастарына немесе жақын, я сол секілді туыстарына, сонымен қатар Қоғамның лауазымды тұлғасы/қызметкері қаржы немесе басқа міндеттемелер бойынша байланыстағы азаматтарға немесе ұйымдарға табыс табу;

алааяқтық – біреудің мүлкін ұрлау немесе біреудің мүлкін алдау я сенімді теріс пайдалану арқылы өз атына шығарып алу;

бейбәсекелестік жүріс-тұрыс – Қоғамның бәсекелестік қабілетіне жол бермейтін және/немесе төмендететін, нарыққа кері әсерін тигізетін қызмет;

мүдделі тұлғалар – Жалғыз акционер, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар.


1. Жалпы ережелері
1. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының іскерлік этика кодексі, Қоғамның ішкі құжаттарына, Қоғамның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген және Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері жүріс-тұрыстарының негізгі принциптері мен нормаларын белгілейді, Қоғам ішіндегі өзара әрекеттесу ережесін, сонымен қатар Қоғамның мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттесуін нақтылайды.

2. Кодекстің мақсаты – корпоративтік мәдениетті дамыту және жетілдіру, Қоғамның лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің мүдделі тұлғалармен іскерлік жүріс-тұрыс практикасын қолдану арқылы тиімді ықпалдасуы.

3. Осы Кодекстің ережесі Қоғамның миссиясы мен корпоративтік құндылықтарын ескере отырып әзірленді.

Қоғам миссиясы – уәкілетті орган бекіткен, теміржол көлігімен тасымалдау барысында әскерилендірілген күзет қарамағында болуы тиіс жүктер тізбесіне енгізілген жүктерді, сонымен қатар магистралдық теміржол желісінің бойында орналасқан объектілерді күзету.

4. Қоғам қызметі қалыптасатын негізгі корпоративтік құндылықтар дегеніміз – адалдық, әдептілік, адамдарды сыйлау, бір-бірін қолдау және бір-біріне деген сенім.

Қауіпсіздік, сапа және қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілік, тұрақты түрде даму және өзара өркендеу, команда болып жұмыс істей білу, дамуға дайын болу, кәсібилік және өз ісін мақтан тұту – біздің корпоративтік мәдениетіміздің мызғымас құндылығы.

5. Іскерлік этика моральдық және имандылық принциптеріне, жүріс-тұрыстың Қоғамда белгіленген ережелеріне негізделеді.

6. Осы Кодексте белгіленген принциптер, нормалар мен ережелердің сипаты ортақ және қызметтік жүріс-тұрыс стандарттары, келіссөздер мен Қоғамның ішкі құжаттарын жүргізу ережелері арқылы дами және егжей-тегжейлене алады.

7. Осы Кодекс Қоғамның барлық лауазымды тұлғаларына/қызметкерлеріне қолданылады.

8. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері өз қызметтерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының, осы Кодексте белгіленген іскерлік этика ережесінің және Қоғамның ішкі құжаттарының нормаларын сақтауға міндетті.



2. Қоғамның іскерлік қарым-қатынасының этикалық нормалары

9. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері өз лауазымдық міндеттерін Қоғам мен Жалғыз акционердің мүддесіне адал орындағандары үшін жауапты.

10. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері Қоғамның стратегиялық мақсаттарына іскерлік этика негізін құрайтын құндылықтар мен принциптерін ескере отырып жету үшін шешімдер қабылдайды/ өздеріне жүктелген функцияларды орындайды.

11. Лауазымды тұлғалар/қызметкерлер дәлелді ақпараттарды бір-біріне құпиялылық пен Қоғамның ішкі құжаттарының нормаларын бұзбай, уақтылы ұсынады.

12. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері:

1) Қоғам мүддесіне жұмыс істеу, осы Кодексте, Қоғамның басқа да ішкі құжаттарында, сонымен қатар жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларда белгіленген іскерлік этика ережелерін сақтау бойынша өнеге болуға;

2) өз лауазымдық міндеттерін заңнаманың, ішкі нормалар мен ережелердің талаптары шеңберінде орындауға;

3) өзін дұрыс ұстауға, Қоғамда қабылданған іскерлік қарым-қатынас нормаларынан ауытқымауға;

4) еңбек тәртібін сақтауға және жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, өзіне және өз қарамағындағы қызметкерлерге қатаң болуға;

5) өзінің жұмысқа деген қарым-қатынасы мен жүріс-тұрысы арқылы еңбек ұжымындағы тұрақты және позитивті моральдық-психологиялық жағдайдың туындауына ықпал етуге;

6) адам құқығын сақтауға және құрметтеуге;

7) Қоғамның лауазымды тұлғаларымен/қызметкерлерімен құрметпен және этикалық нормаларды сақтай отырып араласуға;

8) Қоғамға қатысты кез келген коммерциялық және басқа да мүдделерге (тікелей немесе жанама түрде) қатысты мәмілелер, келісімшарттар, жобалар туралы немесе басқа да мәселелерге байланысты Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған тәртіпте өзінің тікелей бастығына бірден хабарлауға;

9) шешімі өз мүддесіне қатысы бар мәселелер бойынша талқылауға қатыспауға немесе дауыс бермеуге;

10) кәсіби біліктіліктерін арттыруға, лауазымдық міндеттерін орындау барысында бастамашылық жасауға және шығармашылық тұрғыдан қарауға, үздік тәжірибелерді қолдануға, әріптестерінің лауазымдық міндеттемелерін орындауы кездерінде қолдау көрсетуге;

11) басшылардың және әріптестерінің айтқан сындары мен ескертулерін оң қабылдауға, сонымен қатар жіберген қателерін уақтылы мойындауға;

12) арыздарды қарау кезінде бюрократизм мен әуре-сарсаңға салудың орын алуын болдыртпауға, жазылған арыздар бойынша қажетті шараларды белгіленген уақытта қабылдауға міндетті.

13. Лауазымды тұлғалар/қызметкерлер тарапынан Қоғамның басқа да қызметкерлеріне: мына әрекеттерді жасауға:

1) адамның ұлтына, азаматтығына, жынысына, діни сеніміне, жасына, мүгедектігіне, қызмет түріне және басқаларына байланысты оның құқықтарында және міндеттерінде кемсітушіліктің кез келген формасының орын алуына тыйым салынады. Қоғам қызметкерлерді таңдау мен тағайындауды олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне (еңбек өнімділігіне, біліктілік талаптарына сай келуіне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне, кәсіби құзыреттілігіне және басқаларына) қарай жүзеге асырады, бұл ретте қызметкерлердің барлығына бейтарапты және әділ қарау керек;

2) Қоғамда қабылданған еңбекті төлеу және әлеуметтік сипаттағы жүйелерге байланысты артықшылықтар мен жеңілдіктерді алу үшін барлығына міндетті түрде бірдей мүмкіндік беріледі, осындай жүйелерге қатысты кейбір қызметкерлерге артықшылық немесе жеңілдіктер жасауға тыйым салынады.

14. Қоғамның лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің:

1) өздері тиісті функцияларды орындамай жатса, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін ұйымдардан және жеке тұлғалардан ақшалай, қызмет түрінде және басқа да формаларда сыйақы алуға;

2) өздерінің лауазымдық міндеттерін орындағандарына байланысты көңіл бөлудің сыпайылық және қонақжайлылық нормаларына сәйкес символикалық белгілері мен символикалық кәдесыйларынан немесе хаттама және басқа да ресми шараларды жүргізу арқылы рәсімделмеген басқа сыйлықтар немесе қызмет түрлерін қабылдауға құқықтары жоқ.
3. Қоғам қызметкерлері
15. Қоғам қызметкерлері – Қоғамның басты құндылығы.

16. Қоғамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты қызметкерлердің саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді және үнемі жетілдіруді, олардың сонымен қатар Қоғамның қызметін жүзеге асыруға, ұжымдық шарт шеңберінде әлеуметтік және медициналық қамтамасыз етуге және Қоғамда қолданыста жүрген тиісті бағдарламаларға байланысты қауіпке ұшырауы мүмкін мүдделі тараптардың жарақаттануларының және денсаулықтарының нашарлауларының алдын алуды қарастырады.

17. Қоғам қызметкерлердің кәсіби дағдылануларына ықпал етеді, олардың әлеуеттерін жүзеге асыруға және шығармашылық бастамашылық жасауларына әсерін тигізеді.

18. Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес сыйақы беру саласындағы саясаты қызметкерлердің кәсіби қабілеттері мен мүмкіндіктеріне, олардың еңбектерінің нәтижелеріне және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне жетуге негізделеді.

19. Қоғам қызметкерлері жұмыс уақытында іскерлік стильде киінулері керек.

20. Қоғам қызметкерлері өздерінің тікелей басшыларын жұмыстарына, олардың амандықтарына немесе жұмысқа қабілеттіліктеріне қатысты кез келген мәселелер немесе жеке бастарына қатысты мәселелер туралы хабардар етулері керек.

21. Тікелей басшылар бейэтикалық жүріс-тұрыстың Қоғамға немесе оның клиентіне келтірер қаупінің бар-жоғы туралы шешім қабылдауы қажет және аталған қауіпті азайту немесе жою үшін тиісті әрекеттер жасауы керек.

22. Басшы аталған мәселені шешуге құзыретті болмаған жағдайда, ол мәселе туралы өзінен жоғары тұрған басшыға шешім қабылдауы үшін баяндауы керек.

23. Қоғам қызметкерлері өз әріптестерімен және өздерінің қоластындағы қызметкерлермен құрмет көрсету арқылы қатынасуда үлгі болулары керек.

24. Қоғам қызметкерлердің жеке өмірлерін құрметтейді және қандай да бір араласуға жол бермейді.


4. Қоғамның беделі
25. Қызметкерлер өздерінің жеке қызметімен және өздері Қоғам қызметі бойынша атқарып жатқан функциялар мүдделерінің қайшы келуіне жол бермеулері керек. Қызметкерлер орын алуы мүмкін қайшы келулер туралы Қоғамға хабарлаулары керек.

26. Мүдделердің қайшы келулерінің үлгілері, бірақ бұл осылармен шектелмейді:

1) Қоғамның лауазымды тұлғасы/қызметкері отбасының мүшесі немесе досы Қоғамның құрылымдық бөлімшесіне жұмысқа конкурстық іріктеу бойынша тиісті процедураларды өтпестен қабылданса;

2) Қоғам қызметкерлерінде жеткізуші/мердігер компаниясының үлесі/акциялары бар болса;

3) отбасы мүшесі Қоғамның тауарлары мен қызмет түрлеріне бәсекелеске/жеткізушісіне жұмыс істеп, Қоғамның лауазымды тұлғасымен/қызметкерімен байланыста болғаны үшін материалдық басымдық алатын болса;

4) сатып алу, дауыс беру процестерінде жеткізушілермен келісімшарт/контракт жасасуға әсер етілсе немесе тендерлік комиссия мүшелерін келісімшарт/контракт жасасуға мәжбүрлеген кезде.

Осындай қайшы келулер Қоғамның лауазымды тұлғаларына немесе қызметкерлеріне әділ, адал пікір айтуға ықпал етіп және олардың өз мүдделерін көздеу Қоғам қорларын дұрыс пайдаланбауға әкеп соғуы мүмкін.

27. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері Қоғаммен немесе оның еншілес ұйымымен келісімшартқа/контрактіге отырған жеткізуші кәсіпорнының үлесіне (акцияларына) иелік етуге немесе қосымша жұмыс істеуіне болмайды.

28. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері мүдделердің кез келген ықтимал қайшы келуі туралы ақпаратты Қоғамның тікелей басшысына ұсынуға міндетті.

29. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері Қоғам атынан немесе оған қарсы бәсекелестікке сай келмейтін жүріс-тұрысы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның жергілікті актілеріне сай жауапкершілікке тартылады.

30. Қоғам өз қызметкерлерінің қылмыстық жасау қаупін төмендетуге және қызметкердің осы Кодексте көзделген этикалық стандарттарды сақтамағаны туралы болжалды фактілерді тергеуге шаралар қолданады.

31. Қоғам тиісті уәкілетті органдарға қызметкерлердің алааяқтық, ақшаның ізін жасыру, парақорлық және оған қатысты қылмыстар секілді бейэтикалық жүріс-тұрыстары туралы хабарлауға міндетті.

32. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым-қартынаста мүдделер қақтығысына ықпал ететін әрекеттерден тартынулары керек, атап айтқанда:

1) Қоғамның бәсекелестері жүзеге асырып отырған қызметке материалдық немесе басқа да қолдау көрсетуден және/немесе ақшалай қаражат салудан;

2) Қоғам қызметінің тиімділігіне қайшы келетін сыртқы іскерлік мүдделердің пайда болуынан.

33. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері Қоғамның беделін жоғары этикалық принциптері бар ұйым ретінде сүйемелдеуге, сонымен қатар оның беделіне тікелей немесе жанама түрде әсер ететін әрекеттерден аулақ болуға тиіс.


5. Қоғамның іскерлік қатынастары
34. Қоғам Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының және ішкі құжаттардың, сонымен қатар Қоғамның корпоративтік басқару кодексі ережесінің талаптарына сәйкес айқындық, есеп берушілік, өзара жауапкершілік принциптеріне негізделе отырып, нақты процедураларды белгілейді

35. Қоғам мен Жалғыз акционер арасында ақпаратпен алмасу тәртібі заңнамамен, Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.

36. Қоғам өз қызметін адал, ашық және әділ түрде жүзеге асырады және осы әрекеттерді өзінің іскери серіктестері жеткізушілерден, мердігерлерден және ортақ бизнесі бар ұйымдардан да талап етеді. Тікелей немесе жанама түрдегі ұсыныс, пара беруге мәжбүрлеу, кез келген формада пара беру немесе алуға болмайды.

37. Қоғамның саясаты, сатып алуға, келісімшарттарға/контрактілерге отыруға және жеткізушілермен/мердігерлермен қарым-қатынасқа қатысты процестер мен процедуралар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алу мәселелерін реттейтін актісінде белгіленген.

38. Қоғам іскери серіктестермен жасасқан келісімшарттардың/контрактілердің талаптарын сақтайды және өзінің оларға қатысты міндеттемелерін орындайды.

39. Қоғам өз қызметінде іскери әріптестеріне жеңілдіктер мен артықшылықтарды негізсіз беруге жол бермейді.

40. Қоғам бизнесті жемісті түрде жүргізу үшін іскери серіктестерінің қаржы жағдайының сенімділігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тексеруге құқылы.

41. Қоғам клиенттерге қызмет көрсетуде олардың бүгінгі және болашақтағы мұқтаждықтарын ескере отырып, тұтынушылардың қойған талаптарына жауап бере отырып және нарық мүмкіндіктеріне қарай икемді әрі жылдам түрде әрекет ету арқылы, тұтынушылардың қанағаттануын арттыру үшін ұйымның қорларын пайдалануда нәтижелілікті арттыра отырып, ынтымақтастықтың ұзаққа созылуы үшін тұтынушылардың бейілділігін арттыра отырып көңілдерінен шығатын ұйым болуға талпынады.

42. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері Қоғамның басқа лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің клиенттерге қатысты бейэтикалық түрде әрекет еткені туралы кез келген проблема жайында өзінің тікелей басшысына хабарлау арқылы клиентке әділ, адал және оң қарай отырып құрметтеуге міндетті.

43. Қоғамның лауазымды тұлғалары/қызметкерлері клиенттің пара талап ету/ұсыну немесе басқа да бейэтикалық әрекеттер (тікелей немесе үшінші тұлға арқылы) жасау арқылы іскерлік этиканы бұзғаны туралы күмән туындаған шақта Қоғамның сол клиентпен жасалатын келісімшартына/контрактісіне тікелей жауапты басшысына ары қарай шара қабылдауы үшін хабарлауға тиісті


6. Қоғамның іскерлік этикасы кодексінің орындалуын қамтамасыз ету
44. Осы Кодекстің ережелерін сақтауды мониторингілеу Қоғамның осы Іскерлік этика кодексінде қарастырылған нормаларды байқамай немесе қасақана бұзу себептерін анықтауға көмек береді.

45. Осы Кодекстің ережелерін сақтауды мониторингілеу Қоғамның барлық лауазымды тұлғаларының/қызметкерлерінің міндеттері.

46. Қоғам кез келген бейэтикалық жүріс-тұрысты немесе осы Кодекстің ережелерінің бұзылуын тексеруге құқылы.

47. Қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қоғамның ішкі құжаттарының талаптары бұзылғаны анықталған кезде лауазымды тұлғаны/қызметкерді тәртіптік жазаға тартуға құқылы.

48. Қоғамның лауазымды тұлғасы/қызметкері осы Кодекс ережелерінің бұзылуы мүмкін екені немесе бұзылғаны анықталған кезде бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлауы керек.

49. Қоғамның лауазымды тұлғасы/қызметкері өзінің тікелей басшысы тарапынан ешқандай әрекет жасалмаса, ешқандай шешім қабылданбаса Қоғамның «Сенім телефонына» +7 (7172) 939860, 934219 қоңырау шалуына немесе www.vjdo.kz сайтына хабарлама жазуына болады.

Хабарламада Қоғамға келтірілуі мүмкін кері әсерлерді тексеруге және алдын алуға немесе жоюға жеткілікті ақпарат болуы керек, сонымен қатар хабарлама беруші өзі туралы мәлімет беруі міндетті.

50. Қоғамның имиджі мен беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін әрекеттер туралы хабарлама берушінің әрбіреуіне хабарды бергені туралы құпиялылық және оның артынан қудалаушылық болмайтынына кепілдік беріледі. Алайда, егер хабарлама беруші Қоғамның лауазымды тұлғасының/қызметкерінің ар-намысына кір келтіретін жалған ақпаратты қасақана берсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

51. Іскерлік этиканың осы Кодексте және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарында көзделген ережелері мен нормаларын бұзу ынталандыру (сыйақы беру) сипатындағы шараларды қолданбаудың, қызметін өсіртпеу және тәртіп сақтамаушыға қолданылатын басқа да жазалаулардың негіздемесі болуы мүмкін.

52. Қоғамның Директорлар кеңесі осы Кодексті бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, сонымен қатар осы Кодексті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтайды.

53. Персоналмен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім Қоғам қызметкерлерін аттестациялау кезінде осы Кодексті сақтауларын бағалайды, аттестациялау тәртібі мен шарттары және өткізу жиілігі Қоғам мен оның еңбек ұжымының арасында жасалған Ұжымдық шартта белгіленген.

54. Осы Кодекстің мәтіні Қоғамның www.vjdo.kz интернет-сайтында орналастырылады және Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінде болуы керек.

55. Осы Кодекс және оны сақтау практикасы туралы ақпараттар Қоғамның жылдық есебінде толықтай беріледі.

________________________________________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет