88
«Жоғары» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінеді, өз бетімен бір
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдана алады, мәтінді талдау,
жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасайды,
көпшілік алдында еркін
сөйлей алады, қарым-қатынасқа еркін түседі, өз ойын жүзеге асыруда пікірін
тұжырымдайды.
«Орташа» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын ішанара түсінеді, өз
бетімен бір пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде мұғалімнің
кішігірім жетекшілігімен қолдана алады, мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру
арқылы қорытынды жасайды, көпшілік алдында сөйлей алады, қарым-
қатынасқа түседі, бірақ өз ойын жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын
жеткізуде қиналады.
«Төмен» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінбейді, өз бетімен бір
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдануда қиналады, мәтінді
талдау, жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасауда, көпшілік алдында
еркін
сөйлей алуда, қарым-қатынасқа еркін түсуде, өз ойын жүзеге асыруда
пікірі мен тұжырымын жеткізуде қиындыққа тап болады.
«Өте төмен» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінбейді, өз бетімен бір
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдануды қажет етпейді,
мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасай алмайды,
көпшілік
алдында сөйлеу, қарым-қатынасқа еркін түсу, өз ойын жүзеге
асыруда пікірі мен тұжырымын жеткізуге қажетті дағдылары жоқ.
Тұжырымдай келе, біз әзірлеген модель пәнаралық байланыста бастауыш
сынып оқушыларының ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал
етеді деген қорытындыға келдік. Модельді әзірлеу барысында теориялық-
әдіснамалық негіздері; әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар;
өзара тығыз
байланыстағы мотивациялық, танымдық, нәтижелік компоненттерден түзілген
өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және деңгейлеріне (өте
жоғары, жоғары, орташа, төмен, өте төмен) сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмысымыздың келесі тарауында ұсынылып отырған құрылымдық-
мазмұндық модельдің тиімділігін дәлелдеуге бағытталған тәжірибелік -
эксперименттік жұмыс барысы мен алынған нәтижелер сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: